46
Қалып қоспаларын жасаудың технологиялық процесіне: жаңа алғашқы материалдарды
алдын ала дайындау, айналымдық қоспаны дайындау, айналымдық қоспаны қайта өңдеу және
жұмыс қоспасын дайындаудың өзі кіреді. 4.6-суретте материалдарды дайындау және
механикаландырылған қоспа дайындау бөлімшесінде қалып қоспасын жасау сұлбасы
келтірілген.
1 – қағымдау торы; 2 – біліктер; 3 – магниттік айырғыш; 4 – полигональды елеуіштер;
5, 8 – араластырғыштар; 6 – сорғы; 7, 11 – шанаптар; 9 – құмды
елеуге арналған құрылғы;
10 – барабандық кептіргіштер; 12 – аэратор; 13 – шанап-тұндырғыш
4.6-сурет – Қалып қоспасын жасаудың технологиялық процесінің сұлбасы
Қағымдау торында
1 құйылған қалыптарды қағымдаған соң қоспа кесектерді бұзу үшін
біліктердің
2 арасынан өткізіледі және магниттік айырғышқа
3 беріледі, мұнда одан
қалыптарды қағымдау кезінде қоспаға түскен металл кесектерін алады. Сонан соң қоспа
полигональды
4 елеуіштерде еленеді және араластырғыштың
8 үстінде орнатылған шанаптарға
7 беріледі. Қоспа компоненттерін араластыру үшін вертикаль немесе горизонталь аунақтары
бар айналмалар қолданылады. Таза құм қоймадан барабандық кептіргіштерге
10 беріледі, сонан
соң құмды
9 елеу үшін құрылғыға жіберіледі және әрі қарай шанаптарға
7 төгіледі, одан
мөлшерлеуші
құрылғы арқылы араластырғышқа 8 беріледі.
Балшық сумен қалақты араластырғыштарда
5 араласады және суспензия түрінде сорғымен
6 қажеттілігіне қарай араластырғышқа
8 беріледі. Қалып қоспасы ылғалдың мөлшерін
орташалау мақсатында шанап-тұндырғыштарда
13 сақталады, сонан соң аэраторларда
12
қопсытылады және таспалы тасымалдауышпен қалыптау машиналарының үстінде орнатылған
шанаптарға
11 беріледі. Құйылған қалыптар құймаларды берілген температураға дейін суытқан
соң қағымдау торына
1 түседі де, цикл қайталанады.
Қоспаны дайындаудың маңызды операциясы оның барлық құраушыларын жақсылап
араластыру болып табылады, бұл оларды барлық көлемі бойынша біркелкі үлестіру қажет. 4.7-
суретте вертикаль аунақтары бар тостаған типті периодтық әрекетті
араластырғыштар көр-
сетілген, оларда негізгі жұмыс органдары аунақтар
1 және соқашықтар
2 болып табылады.
Араластырғыштан қоспаны тиеу тостағанның
3 түбінде орналасқан терезе
4 арқылы жүзеге
асырылады.
Араластыру процесінде балшық немесе байланыстырғыштар құм түйіршіктерін бүркейді,
жеке құраушылар кесектері бұзылады және ылғал біркелкі үлестіріледі. Жақсы араластырылған
қоспаның жоғары технологиялық қасиеттері – жоғары беріктігі және газ өткізгіштігі болады.
47
Құм-балшық қалыптау қоспаларын дайындау үшін
араластырғыштарды пайдаланады.
Периодтық және үздіксіз әрекетті араластырғыштарды қолданады.
Периодтық әрекетті араластырғыштарда қалып қоспасын құраушыларды араластыру
бөліктермен жүзеге асырылады, олар араластырғыштарға мерзімді тиеледі, сонан соң біркелкі
масса түрінде түсіріледі.
Үздіксіз әрекетті араластырғыштарда араластыру және түсіру бір
мезгілде
жүргізіледі.
Мұндай
араластырғыштарды
механикаландырылған
өндіріс
жағдайларында қолданады. Өзек қоспалары үшін алғашқы материалдарды дайындау
сұлбасының қарапайымдау
екенін атап кету керек, өйткені олардың құрамына айналымдық
қоспа кірмейді. Оларды дайындау үшін таза құрғақ құмды және байланыстырғышты
пайдаланады, оларды араластырғыштарда араластырады. Суық күйінде қататын қоспаларға
катализаторларды тікелей өзек жәшігін толтырудың алдында енгізеді, ол үшін қоспаны
катализатормен қалақты немесе шнекті араластырғыштарда қосымша араластырады.
1 – аунақтар; 2 – соқашықтар; 3 – тостаған; 4 – терезе
4.7-сурет – Вертикаль аунақтары бар тостаған типті
периодтық
әрекетті араластырғыштар
Достарыңызбен бөлісу: