Ақша есебінің деректерін зерттеушілер. Ақшаның қыз-
меті – құн ӛлшемі. Ақшаның кӛмегімен басқа барлық тауардың
құнын кӛрсетуге болады. Осы қызметті ойша нағыз ақшалар
атқарады. Кез келген тауардың құнын ақшалай түрде кӛрсету
үшін, нақты ақшаны талап ету керек емес. Тауар құнының
ақшалай кӛрсетілуі баға деп аталады.
Баға сұраным мен ұсынымның әсерінен құннан ауытқуы
мүмкін. Сондықтан тауар ӛз құнына да және сұраным мен ұсы-
нымнан да тәуелді. Алғашқы қауымдық құрылыстың ӛрістеген
шағында яғни бір қауым ӛзінің тұтынуынан артылған кез келген
49
ӛнімін анда-санда кездейсоқ кездескенде басқа қауымның ӛнімі-
не айырбастағанда құнның алғашқы формасы – құнның қарапа-
йым, жеке немесе кездейсоқ формасы кӛрінеді. Мысалы, бір ӛл-
шем астық бір қойға және т.б. айырбасталды немесе Т=Т. Бұл
теңдікте бір тауардың құны екінші тауарға айырбасталғанда
кӛрінеді. Тосыннан қарағанда айырбасталатын екі тауардың рӛлі
бірдей сияқты. Ал шын мәнінде екінші тауар (мысалы, қой)
бірінші тауарды (астық) құнының кӛрінісі, яғни ол бірінші та-
уардың құнын білдіретін материалдың рӛлін атқарады. Ӛз құ-
нын басқа тауармен кӛрсететін тауар (екінші) құнының салыс-
тырмалы формасында болады. Ал екінші тауардың құнын білді-
ретін тауар (бірінші) құнының баламалы (эквивалентті) форма-
сында болып, оның эквиваленті яғни баламасы болып есепте-
леді. Құнның бұл формасы аты айтып тұрғандай айырбас про-
цестің алғаш пайда болған кезіне оның кӛп таралмай кездейсоқ
сипатта болған кезіне сай келеді. Бұл кезеңде эквивалент рӛлін
кез келген әр түрлі тауарлар атқарады. Тауар ӛндірісі дамыған
сайын кездейсоқ айырбас тұрақты процеске, ал айырбас құны-
ның қарапайым түрі толық немесе дамыған түріне айналды.
Егіншіліктен мал шаруашылығының бӛлінуі, яғни алғашқы ірі
қоғамдық еңбек бӛлінісі нәтижесінде кездейсоқ емес, қайта бас-
қа тауарларға мол айырбасталатын болды. Енді басқа тауарлар
малға айырбасталғанда кездейсоқ тауарлар емес қайта айрықша
эквиваленттер ретінде жүрді. Олардың әрқайсысы мал теңесті-
рілетін кӛптеген эквиваленттердің бірі болып, айырбас мынадай
формаға енді: 1 қой 4 қап астыққа немесе 1 балтаға немесе тағы
сол сияқты тауарларға тең болады. Айырбас дамуының жаңа са-
тысын білдіретін формасы құнының толық немесе кеңейтілген
формасы деп аталды. Құнның екінші формасы тауарлы ӛндіріс-
тің ұлғайып, одан әрі нығаюын ӛндірістік байланыстарын ӛріс-
теуін сипаттайды. Бұл сәтте ӛнім ӛндірушілер тауарлар ара-
сындағы сандық арақатынастардың дәлдігіне айрықша мән бе-
ретін болды, ӛйткені айырбас процесі тауарларды ӛндіруге
жұмсалған еңбекті ӛтеуде барған сайын зор рӛл атқарады.
Қоғамдық еңбек бӛлінісінің одан әрі дамуы адамдардың
қолӛнермен шұғылданып, енді еңбек құралдарының дамуымен
байланысты олардың еңбек дағдылары да жетіле бастады. Бұл
50
кез, егіншіліктен қолӛнер кәсіпшілігінің бӛлініп шығуы ғылым-
да екінші ірі қоғамдық еңбек бӛлінісі деп аталады. Осының нә-
тижесінде ӛндіргіш күштер дамудың жаңа сатысына кӛтерілді.
Кәсіпшілікте тас қалаушылар, ағаш ұсталары, құмыра жасаушы-
лар, металл ӛңдейтін шеберлер және тағы басқа сол сияқты
мамандықтар мен кәсіптер пайда болып, ӛндірісте ұста кӛрігі,
құмыра, арба, тоқыма станогы, қол диірмен, аттұрмандары сияқ-
ты кӛптеген еңбек құралдары әзірленіп, пайдалана басталды.
Сӛйтіп, тауар ӛндірісінің ӛсуі, айырбастың жиілігі мен
жүйелілігі барлық тауарлар арасынан бір тауардың бӛлініп шы-
ғуына әкеп соқтырды. Бұл тауарға басқа тауарлар кӛбірек, әрі
жиі алмастырылып, ол қалған тауарлар үшін эквивалент, яғни
жалпыға ортақ балама тауар болды. Сӛйтіп, құнның кеңейтіл-
ген формасы біртіндеп құнның жалпыға ортақ формасына ай-
налды. Жалпыға ортақ эквивалент рӛлін атқаратын тауар үшін
әр түрлі халықтарда және сол бір халықтың ӛзінің тарихының әр
түрлі даму кезеңдерінде жалпыға бірдей құн эквивалентін әр
түрлі атқарды. Қорыта айтқанда, ӛндіргіш күштерінің жетілуі
айырбас процесін үздіксіз құбылысқа айналдырып, тауар айыр-
басталуының ӛмірлік мәнге ие болуы жалпыға ортақ құн эквива-
лентінің қажеттілігін туғызды. Бірақ ондай рӛл кӛп уақытқа
дейін тек бір тауарға ғана бекітілген жоқ. Уақыт ӛте келе және
тауар ӛндірісінің ӛрістеуі айырбасты ұлғайтып, оның жергілікті
нарықтық шегінен шығуына әкеп соқтырды. Бұл кезде құнның
жалпыға ортақ эквивалент қызметін белгілі бір тауар атқара бас-
тады. Ол тауар – ақша. Нәтижесінде құнның жалпыға ортақ фор-
масы құнның ақшалай формасына ауысып, айырбас процесіне
нақты орнықты. Сӛйтіп, ақша пайда болды. Ақша деген тауар-
дың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның эквива-
ленттік фомасымен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар.
Немесе ақша тауар ӛндіру мен оны айырбастау процесінде басқа
тауарлардан бӛлініп шыққан ерекше тауар, оның айрықша қыз-
меті – барлық тауарларға ортақ балама (эквивалент) рӛлін ат-
қару. Тауар ӛндірісінің тарихи даму барысында ақшаның рӛлін
әр түрлі тауарлар атқарды. Әрбір тауарлы ӛндіріс тауардың
жалпы эквивалентін пайдаланды. Қоғамдық еңбектің бірінші ірі
бӛлінуі нәтижесінде малшы тайпалары пайда болып, олар айыр-
51
бас құралы ретінде малды қолданды. Оның нақты түрі жергілік-
ті жердің жаратылысына байланысты әр түрлі болды. Мысалы,
далалық жерлерде тауардың жалпы эквиваленті рӛлін жылқы,
ӛгіз немесе қой атқарса, шӛл және шӛлейт жерлерде – түйе, қы-
сы ұзақ тундрада – бұғы атқарды. Ақшаның айырбас құралы
қызметін мал атқаруы әр халықтардың ауыз әдебиетінде сақтал-
ғаны соншалық, кейін металдан соғылған ақшаны да мал атаула-
рымен атаған. Мысалы, латын сӛзі «пекус» - «мал», ал «пекуня»
- «ақша», үнділердің ақша ӛлшемі «рупиа»-»рупа»-»мал» деген
сӛзден шыққан.
Қазіргі кезде кӛп қолданылып жүрген «капитал» деген
сӛздің шығу тарихы да мал атауымен байланысты кӛрінеді,
ӛйткені ескі герман тілінде меншігінде кӛптеген мал басы болса,
оның байлығын «капитал» деп атаған. Ақша пайда болғаннан
бері бірнеше рет ӛзгеріске ұшырады. Бірақ бұл ӛзгеріс оның тек
сыртқы түріне ғана тиді, ішкі мағынасы ӛзгерген жоқ. Ақшаның
сыртқы түрінің ӛзгеру себебі, оның жұмыс істейтін жағдайлары-
мен, яғни қоғамдағы болған ӛзгерістермен байланысты. Мыса-
лы, жоғарыда айтылғандай, адамзат ӛмірінің бастапқы кезінде
жалпыға бірдей баламаның (ақшаның), маңызын әр түрлі тауар-
лар атқарған (оның ішіне мал да кіреді). Бара-бара ӛндіру мен
алмастырудың кӛлемінің ӛсуіне байланысты, жалпыға бірдей
баламаның маңызын бір текті, оңай бӛлшектенетін, сақтағанда
бұзылмайтын, тасымалдауға қолайлы тауардың орындауы керек
болды. Осының салдарында ӛмірге кесектелген қола, мыс, кү-
міс, алтын ақшалар келді. Одан кейінгі қоғамдық дамудың нәти-
жесінде, кесек метал ақшаның орнына, металдан дайындалған
монеталар пайда болды, оның ішінде алтын ақша да бар. Бұл
ақшаның кесек ақшадан айырмашылығы, оған қажетті деректер
(мемлекеттің аты, гербісі, басылған жылы, т.б.) басылатын. Бұл
сол кездегі ақшаның жетілдірілген түрі болды. Ең бірінші м-
талл ақша, б.з.б. ІІІ ғасырда Римде басылған, ал б.з.б. ҮІІ-
ҮІІІ ғасырларда Малайзиядағы Лидия мемлекетінде және Ежел-
гі Грецияда басылған. Басқа Еуропа елдерінде және Ресейде ӛз
металл ақшасын басу, ІХ-Х ғасырларда басталған. Сӛйтіп,
металдан жасалған ақша ӛте ұзақ ӛмір сүрген. Мысалы, Ресейде
52
5-10 сомдық алтын ақша, бірінші империалистік соғыс бастал-
ғанға дейін қолданылған.
Алтын ақшаның жеке ӛзіндік құны бар. Сондықтан ол еш
уақытта, тіпті инфляция кезінде де құнсызданбайды. Осыған
байланысты алтын ақша ӛз бетімен айналымға қанша керек еке-
нін шамалай алды. Егер айналыстағы алтын ақша керек мӛл-
шерден артық болса, олар айналымнан шығып, қазынаға сақта-
луға ауысады, ал егер айналыс керегі алтын ақшамен қамтама-
сыз етілмесе, олар қайтадан ешқандай кедергісіз айналысқа
енеді. Мұндай жағдайда, айналысқа қанша ақша керек екенін
анықтап, оны тәртіптеп жатудың ешқандай керегі жоқ. Деген-
мен, алтын ақшаны пайдаланудың бірқатар қиындықтары бар.
Біріншіден, алтыннан ақша басу, алтын шығарумен тығыз бай-
ланысты, ал алтын шығарудың, ӛз кезегінде, қымбатқа түсетіні
белгілі.
Денга. Денга – XIV-XVIII ғасырдағы орыс күміс монета-
сы, ең алғаш оны Москвада соға бастады. Сонымен қатар
XV ғасырда т.б. орыс княздықтарында соға бастады. Яғни
Новгородта 1920 жылы «денга» сӛзі негізінен шығыстан шық-
қан. Ал Үндістанда монета «танка» да, ал гректер «данго»,
татарлар «тенга». Шығыстан шыққанымен бірақ монеттің салма-
ғы массасы әр түрде жасалды. Күміс гривнаның 204 грамм сал-
мағынан 200 монета соққан; Рубль ол кезде болмады, оның ор-
нына денга жүрді. Орыс елі дами келе монета соғу ісін тоқтата
бастады. Бірақ XVI ғасырда Новгородта екі есе салмағы кӛте-
рілді. 1534 жылы Елена Глинскийдің тұсында ақша реформасы
басталды. Оның тұсында кӛп жаңа қалалар салынып, Польша-
мен, Швециямен қарым-қатынас дамыды. Новгородтық орыс
ақшалары шыға бастады. Олар бұл ақшаны монета деп атады.
Күміс гривнадан 300 новгородтық копейкалар соғылды. Салма-
ғы 0,68 грамм.
XVIII ғасырда мыс ақшалары соғылды, ол мыс ақша 1949-
1867 жылы Қазақстан мен Орта Азияның ақша сарайлары ар-
хеологиялық нысандарды мерзімдеуде орта ғасырдағы тауар –
ақша қатынастарында қолданылған тиындардың рӛлі зор екен-
дігі белгілі. Осы орайда Қазақстан мен Орта Азия ақша сарай-
лары ӛнімдерін зерттеушілер нумизматика саласында біршама
53
ғылыми – ақпараттық қор жинақтады. Әсіресе, Қазақстан нумиз-
матикасы 1960 жылдардың аяғынан бастап Оңтүстік Қазақстан
және Жетісудағы археологиялық қазбалармен бірге қалыптасып,
қазіргі күнгі зерттеулер барысында дала ӛмірін дәйектеуде
Е.А.Давыдович,
Б.Д.Кочнев,
В.Н.Настич,
Р.З.Бурнашева,
О.И.Смирнова, Г.А.Федоров-Давыдов және т.б. ӛз үлестерін
қосып келеді. Бірақ Арал ӛңірінің Қызылорда облысы аумағын-
дағы ертедегі қалалардың тауар-ақша айналымына байланысты
және оларды мерзімдеуде табылған деректік тиындар кӛп емес.
Олар ертедегі қалаларға сәйкес топтастырылып жан-жақты әдіс-
темелік жіктеу кӛрмеген.
Қазіргі кезде бұл облыс аумағында жиналған 50 шақты
тиындар танылып отыр. Кейбірінің сипаттамалары жариялым-
дарда берілген.
Тиындарды:
1. Тарихи табылған нысандарына (ертедегі қалалар).
2. Соқпалық ерекшеліктеріне (бедеріне, құрамына, үлгісі-
не т.б.).
3. Мерзімдік, ақша айналымы белгілеріне.
4. Теңге атаулары, қалалардың бір-біріне тауар-ақша қа-
тынастары айналымына байланысты қарастыруға болады.
Баршынкент қаласы (Сырдария ауданы). Оның тиын-
теңгелерін XIX ғасырда Х.А.Френ «Траджин» деп оқыса, кейін
В.Г.Тизенгаузен бұл жазудың «Барчин, Барчлыгкент, Барчкед»
екендігін анықтаған.
Осындай бұрынға танылғандарды Р.З.Бурнашева мен
С.М.Юсупова екі түрде: 753 (х.ж.), (1353) мерзімді және сыртқы
бетінде гүлді ӛрнекті; 738 (х.ж.), (1337-1338) мерзімімен қатар,
алғы бетінде «Барджин соқпасы» белгісімен ерекшелейді.
1992 жылы қала орнының үстіңгі бетінен жиналған 3 күміс тең-
ге, 9 мыс тиындар сипатталып тұжырымдалды. Оның нәтиже-
сінде:
1. «Жоғары бағыныштылықпен Хорезм соғындысы
37 (х.ж.)».
2. Сарай әл-Жедил 784 (х.ж.).
3. Әмір Темірдің есімі жазуы шаршыланып қашалған ақ-
ша түрлерімен айрықшаланады. Сӛйтіп, бұл қаладағы ақша са-
54
райының болғандығы жайлы жазбаша мәліметтері нумизматика-
лық олжалармен дәйектеліп, зерттеуде ғылыми маңыздылығы
және танымалдылығы жағынан алда тұр. Ертедегі «Абыла»
қаласы (Қармақшы ауданы Аблы ауылы, 2 км) Сырдария ӛзені-
нің кеуіп қалған ежелгі Жылуан арнасының ойында орналасқан.
Ғылыми айналымға бұрын мәлім емес, онда 2005 жылы 30-дан
астам тиындары танымға алынды. Бұл тиын теңгелер жинама-
сын: бедерлі, таңбалық, арабша жазулар, ӛсімдік, аң және құс
бейнелі ӛрнектілер т.б. түрлеріне бӛлуге болады. Олардың үшеуі
– күміс, қалғандары мыс соқпалар.
Бедер және таңбалық түрге 12 тиындар жатқызылады.
Олардың ішіндегі сондай ерекшеліктер: күміс тиынның алғы бе-
тінде ортасына Жаллал Мұхаммад жазуымен 121 (х.ж.),
(739 ж.) мерзімі кӛрсетілген, сыртқы бетінде ортасында гүлді
дӛңгеленген ӛрнек салынып, оны айнала толқынды бедерлікпен
қоршалған.
IX-XII ғасырларда қолданысқа енген ақша қатынасы да-
мып, тауар айырбас біртіндеп ығыстырылды. Қазақстанның ірі
қалаларында: Испиджаб, Тараз, Отырар, Будухкентте мыстан,
күмістен құйылған ӛз ақшалары шығарыла бастады.
Жент қаласы. (Жалағаш ауданы). Тиындары 1913 жылы
Бұхара алқабындағы ертедегі Пайкент, Варахшақ қалаларында
кездескен. Онда «Жент», «Әли» куфейлік жазулар жапырақ
бейнелі бүршікті бедерленіп, XI-XII ғасырларда мерзімделген.
Кейінгі жылдары табылған (1992 жылы) деректері
Баршынкент мәліметтеріне ұқсас. Қазынадағы барлық теңге-
лердің саны – 235, ал жалпы салмағы жарты киллограмға жуық.
Олар әр түрлі ақша сарайларында құйылған. Сондықтан болар
әр жерлерден шыққан қазынадағы теңгелер алуан түрлілігімен
ерекшеленеді. Мысалы ақшалардың кӛбі, яғни 151 данасы –
күміс дирхемдер. Олар монғол империясының ең ірі қалалары-
ның бірі Алмалықтағы ақша сарайларында құйылған. Қазынада
басқа да монғол империясының шығыс бӛлігінде орналасқан
Еміл, және Пулад қалаларның ақша сарайынан шыққан теңгелер
де бар. Бірінші қала XIII ғасыр ортасында Еміл ӛзенінің бойын-
да орналасқан.
55
Сығанақ қаласы (Жаңақорған ауданы). Мұнда 728 (х.ж.)
Мубарак қожаның атына соғылған тиындар мен Отырардан та-
былғандар 773/1371-1372 жылдары Ресейден 774/1372-
1373 жж. 781/1379-1380 жж. 777/1375-1376 жж. мерзімдерін дә-
йектейді. Р.З.Бурнашеваның пікірінше, Сығанақ ақша сарайында
731, 768, 772, 773, 774, 777, 780 және 781 х.ж. тұрақты, ал 768-
781 (х.ж.). Абдуллах, Урус, Тоқтамыс хандардың билігі кезінде
үзіліспен соғылғаны тұжырымдалады.
Сауран қаласы. Мұнда ақша сарайын Е.А.Давыдович XV-
XVI ғасырларда болған Мәуереннахр ақша сарайлары қатарына
қосып, тиындарда «Сабран» белгісі мен сыртқы жағына ӛрнек
қашалғанын ерекшелейді. ХVI ғасырда Әділхан және белгісіз
«Бин Толмана» деп жазылып 995 (х.ж.), (1586-1557) мерзімді
дӛңгелек тұрпатты мыс эмиссилер де шығарылған. Күміс және
мыс құрамды. Бедерлері: «Абыла» күнді аяғымен ұстап тұрған
шаян, жоғары қараған екі басты бүркіт, геометриялық аң бей-
нелі ӛрнекті тӛмен қараған, соқпаланған бедерлі және т.б.
Ӛңірдегі ақша– тауар айналымы жағдаяттарында «Абыла»
тиындары түркілік, арабтық кезеңдерді 121(х.ж.) / 739 ж. және
174(х.ж.)/ 790 ж. мерзімдерімен дәйектейді. Сондай-ақ XVI-
XVII ғасырлардағы Оңтүстік Қазақстан қалалары, Ташкент және
Алексей Михайлович патшаның мыс тиындары ертедегі қала-
лардың ӛмірін одан әрі ұзарта түседі, археологиялық нысандар-
ды мерзімдеуде зерттеушілер тәжірибесінде тиын шығаратын
бірқалыпты бірнеше мерзімде қолданғанын және кӛптеп шыға-
ратын соқпалардың бедерлерін бірнеше ӛзгеріссіз ақша айналы-
мына пайдаланғаны да кездескен. Оны «Абыла» тиындарының
бедерінен байқауға болады.
Ақша, теңге атауларын жазба деректерде үш топқа:
мусеяби, мухаммади және гитридтер деп топтаса, одан: ушу,
фельс, дирхем, фулюс, адли, динар, кебек динары, данги т.б.
атау болып ерекшеленеді. Мухаммад және әл-Махдей (775-785)
халифтердің атымен одан бұрын, кейінде тиындар соғылған.
Осындай «Абылада» Караханидтер әулетінің (400(х.ж.) /1009 ж.)
бір бұтағы Алидтер фельстері (Иллақ дхан тиындары) Абу
Шуджа Салара Мухаммад, оның бағыныштысы Ахмад Али,
56
346(х.ж.). Балх дирхемдеріндегі Мухаммад Куттегин, 401 (х.ж.).
Насыр Али есімдеріне ұқсас жазбалы шатасты тиындар бар.
Алтын Орда сауда аймағының тиындары аталған қалалар-
дың барлығында кездеседі. Оның ішінде ертедегі Қырӛзгент
қаласы (Жаңақорған ауданы) орнынан табылған тӛрт мыс
тиындар Түркістан мен Ташкентте соғылған.
Қорыта келгенде, Қызылорада аумағының ертедегі қалала-
ры ежелгі керуен жолдарында орналасқандықтан, ақша-тауар
қатынастарында белсене араласқан. Оның нумизматикалық де-
ректері олардың ӛмірін мерзімдеп қана қоймайды, Қазақстан та-
рихы тұрғысында орта ғасырлардағы саяси-экономикалық, мә-
дени, шаруашылық, т.б. салалардың дамуында ерекше рӛл ат-
қарғанын кӛрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |