Ж. Б. Аширбекова



Pdf көрінісі
бет23/87
Дата22.09.2023
өлшемі1.58 Mb.
#478250
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   87
Kosalky tarihy pan Ashirbekov

§ 2. ГЕРАЛЬДИКА 
 
Геральдика атауы неміс тіліндегі Herold сӛзінен келіп 
шыққан. Батыс Еуропада серілер арасындағы жастарды басқа-
ратын кісіні герольд деп атаған. Герольд жарысқа қатысуға кел-
гендерді таныстырған, сонымен бірге ол жарысқа қатысқысы 
келген серілердің сыртқы белгілерін сипаттап отырған. 
Герб сӛзі славян тіліндегі herb сӛзінен шыққан, ол «мұра-
гер» деген мағынаны білдіреді. Кейбір славян тілдерінде – серб, 
поляк, чех тілінде бұл түбірден алынған сӛздер кездеседі: herb, 
erb, irb. Олар «мұрагер» және «мұра» мағынасында қолданылады. 
Елтаңба – бұл нақты анықталған ережелер негізінде жаса-
ған ерекше фигуралар немесе символикалық бейнелер – эмбле-
малар. 
Ол – жеке адамның, рудың, қоғамның, мекеменің, қала-
ның, облыстың және бүкіл мемлекеттің айрықша белгісі. Ел-
таңбаның ерекшелігі – оның мұрагерлігінде. Белгілі бір адамның 
жеке мӛрі елтаңба болып табылмайды. Мӛрдегі бейне әкеден 
балаға, ұрпақтан ұрпаққа мұрагерлік жолмен берілгенде ғана
елтаңба болып табылады.
Мысал үшін, XIV ғасырдағы мәскеулік ұлы княздардың 
мӛрлерін елтаңба деп атауға болмайды, себебі әрбір княздың 
мӛрінде княздың атына сәйкес келетін әулиенің суреті және 
мӛрдің кімге тиесілі екендігін білдіретін жазба болған. Бірақ, 
XIV-XV ғғ. келіп мәскеулік ұлы княздардың мӛрлерінде әкеден 
үлкен ұлына берілетін суреттері пайда болды. Найзамен қару-
ланған шабандоз бейнесі бар Василий Дмитриевичтің мӛрі ор-
ның ұлы Василий Васильевич және немересі Иван Васильевич 
ІІІ-ге берілді. Иван ІІІ заманынан бері қарай екі басты бүркіт-
пен шабандоз бейнеленген мӛр барлық ұлы княздардың, кейіні-
рек мәскеу патшаларының мӛрлерінде де бейнеленді. Мәскеулік 
княздардың мӛрлеріндегі бейне елтаңбаға айналды. 
Феодалдар табына тиесілі елтаңбалар рулық елтаңбалар 
ретінде қалыптасты. Олар сол рудың тарихын және келіп шы-
ғуын беріп отырған. Сол үшін геральдика генеологиямен тығыз
байланысты. Генеология – рулардың келіп шығу тарихын зерт-


77 
тейтін, шежірелер құрастырумен айналысатын кӛмекші тарихи 
пән. 
Ұлы Қазан тӛңкерісіне дейін елтаңбалар жеке меншік
белгісі ретінде әртүрлі заттарда –ыдыс-аяқтар, суреттер, тулар 
және т.б. бейнеленген. Елтаңбалар мӛрлерде бейнеленгендік-
тен, геральдика сфрагистикамен тығыз байланысты. Бұл байла-
ныстың үлкендігі соншалықты, жиі жағдайларда бұл екі кӛмек-
ші тарихи пәндер арасындағы айырмашылықты ажырату қиын. 
Сфрагистика және геральдика тағы бір кӛмекші тарихи 
ғылым – нумизматикамен байланысты. Нумизматика тиындар-
ды зерттеумен айналысады.
Орыс мӛрлерімен елтаңбаларды үйренуге қызығушылық 
XVIIІ-ғасырда алғаш рет орыс мӛрлері мен елтаңбалары туралы 
бақылаулар нәтижесі жарық кӛрген кезде пайда болды. Бірақ, 
сфрагистика мен геральдиканың дамуы әртүрлі жолдармен 
жүріп жатты. 
Сфрагистиканы тарихи дереккӛзтанумен байланыстыр-
ған және кӛмекші пән ретінде қарастырған. Геральдика болса
қолданбалық мағынаға ие болды және гениалогиямен тығыз
байланыста болды, ӛйткені елтаңбаға ие болу үшін дворяндар
ӛздерінің шығу тектерін генеологиялық құжаттармен дәлелдеуі
қажет болған.
Герольдика 18 ғасырда елтаңбалар жасаумен «айналыс-
қан» және негізінен дворяндарға қызмет еткен. Елтаңбатану-
дан білім алу және ӛзінің рулық елтаңбаларын анықтай алуы
дворян жастарына қойылатын міндетті талап болған. 
Дворяндық елтаңбалардың жарық кӛруі және елтаңба
жасау бойынша алғашқы нұсқаулардың пайда болуы 18 ғасыр-
ға жатады: мұндай баспаларға Нестор Максимович «Таңдал-
малы эмблемар мен символдар» кітабы жатты. Бұл кітапта
теориялық герольдикадан басқа, 56 қаланың елтаңбалары си-
патталған. Максимовичтің кітабы жаңа елтаңбалар жасау жә-
не ескілерін түзеу үшін практикалық мағынаға ие. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   87




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет