Ж. Б. Аширбекова


Мӛрлердің пайда болу тарихы



Pdf көрінісі
бет31/87
Дата22.09.2023
өлшемі1.58 Mb.
#478250
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   87
Kosalky tarihy pan Ashirbekov

Мӛрлердің пайда болу тарихы. Мӛрлердің пайда болуы 
терең кӛнеліктен пайда болады. Оны алғашқы адамға тиесілі 
заттардан іздеу керек, ол соларға таңба қоятын. Әрбір алғашқы 
адам қауымдастығы, әулеті қандайда бір жануарды құдай 
ретінде қабылдап, кейде оның есімін алып және сол жануарды 
тотем етіп алатын. Осындай жануардың бейнесі бір әулеттік 
белгі ретінде болған, яғни ӛзгелерден ерекшелену үшін. Адам 
қауымының дамуы мен жеке меншіктер пайда болуымен бай-
ланысты жануарлар бейнесі орнына жеке еңбек құралдары бей-
несі немесе тұрмыстық тұрғыдағы элементтерге ауыстырыла 
бастады. Бірте- бірте әулеттік белгі жанұялылыққа ауысты және 
заттарға, жанұяға тиесілі қойылатын болды. 
Жазбаны ойлап табу ӛзімен бірге жеке белгілерге бірқатар 
ӛзгерістер алып келді. Біреуге тиесілі белгісі ретінде ӛте жиі 
кездесетіні аты-жӛнінің бірінші әріптері болып табылады. Біреу-
ге тиесілілік белгісі біздің уақытқа дейін кӛп мӛлшерде ежелгі 
ресей мемлекеті уақыты аралығынан жетіп келеді. Олар үй 
заттарына жататын майда заттарда ойылып немесе тырналып 
құйылған ақшада және әулеттік пен жанұялылық емес жеке 
белгілер ретінде жазған. Ресей заңының пайда болуын зерттеу-
шілердің бірі 1874 жылы П.С.Ефименко «заңды белгілер» атты 
мақаласында жеке белгілер жайлы бақылағанын ол бұрынғы 
Архангельск губерниясы халқының - орыстар, карелдер, саамов-
тер және ненецтер жеке заттарын кӛргендігі туралы жариялаған. 
Ресей шаруаларында бұл жекелік белгілер «тулар», «дақтар», 


125 
«белгілер», «белгішелер», «таңба», деп аталатын. Ресей халқы-
ның белгілері ретінде кӛбіне түзу сызықтар (шеп деп аталады, 
бӛлу деген сӛзден шыққан). 
Басқа халықтардың жекелікті білдіретін белгілері дӛңге-
лектенгендігі. Бұл «тулар» қандайда бір заттың біреуге тиесілі 
екенін білдіретін. Жекешеде Ресей халқындағы кездескен белгі-
лер шеп, крест, сауысқан аяғы, қарға аяғы және басқалар. Әдет-
те мұндай белгілер үй қожаларында болған. Әкесі мен бірге 
ӛмір сүрген үлкен ұлдар жанұясы белгісімен пайдаланған. Бірақ 
егерде ол әкесінен бӛлек шығатын болса, онда жаңа жеке белгі 
таңдайтын, әйтседе жанұясының белгілері сақталатын. Егер, 
мысалыға, әкесінде үш шеп белгісі болған болса, бірінші енші-
сін алған бала жаңа белгі алатын, онда әкесінің белгісі түгелімен 
сақталып және одан басқа артықша кішкентай сызықша, бұл 
сызықша жаңа үй қожайынының белгісін береді. Екінші ұлы 
бірінші ұлының белгісінен ӛзгешелеуін алады және тағы сол 
сияқтылар. Бұл белгілерді шаруалар ӛздеріне тиесілі әр түрлі 
заттарға қоятын оның ішінде сатылымға қойылатын заттарға да 
қоятын болған. 
XI-XII ғасырларда мұра ретінде қалушы және қыш құмы-
раны шығарылымдарда жекелік белгілері күрделене түсті, Қыш 
құмыраны ӛнімді істеу атадан балаға мұра ретінде қалдырыл-
ғаны анық. 
Оңтүстік ӛңірлерде XVI-XVII ғасырларда ернеу ағашта-
рына белгі - ту салу әдеті болған. Қойылған белгілер ернеулі 
ағаштарға иелік ететіндігін білдіретін болған. Бұл әдет- ғұрып 
Ресей ақиқаты пайда болуына дейін ұзақ уақыт бұрын пайда 
болған. Ернеу ағаштарында қойылған белгілер – туларда, еңбек 
құралында, тұрмыстық шаруа заттарында, қарулану және тағы 
сол сияқтыларда бейнелері кездеседі.
Шартты белгілерді ежелгі Русь княздарында пайдаланған. 
Княздік белгілер тиындарда, мысты шақыру қағаздарында, қару-
ларда, қарауыл белбеуінде және жауынгерлер туларында, қол-
ӛнер туындыларында бейнеленген. Қолӛнер туындыларын қол-
ӛнерші – малайлар сарайда жасаған. Князь белгілерімен бүкіл 
князь шаруашылығының тірі және ӛлі заттар белгіленген - аттар 


126 
ернеулі заттар, жер шекаралары. Уақыт ӛте жекелік белгілер 
тізімдерде бейнелене бастады.
Мӛрлерді пайдалану әдеті шығыста пайда болды. 
Вавилонда, Мысыр және басқа дерек кӛздерде олар туралы 
айтылғанын білеміз. Ресейде мӛрлер қашаннан бастап пайда 
болды деген сұрақтың шешілмеу себебі, деректердің жоқтығы-
нан, бірақ сӛзсіз, христиандықты қабылдағанға дейін (X ғасыр 
аяғы) Ресей князьдарі мӛрлерді пайдаланған, оларда Рюрикович-
тердің әулетті бейнелері кӛрсетілетін. Бұған куә ретінде князь 
Изляслав Владимирович- Владимир Светославичтің үлкен 
ұлының мӛрі 1953 жылы Новгородта табылғаны бола алады. 
Князь Изяслав Владимирович 1001 жылы қайтыс болды, яғни
XI ғасырдың басы. Онда Рюриковичтердің белгісі бейнеленген, 
ол Владимир Святославич белгісін қарапайым күрделенгендігі. 
Ежелгіде жазу әліппесі жетерліктей дамыған кезде мӛр құжат 
түп нұсқалылығын куәландыра қоймайтын мӛрлер оданда 
ауқымды мағына беретін: олар сенім хаттардың орнын ауысты-
ратын (қызметін атқаратын). Егерде мұндай дерек кӛзге назар 
аударсақ, 944 жылы князь Игордың гректермен жасаған келісім 
шарты сияқты, бұл сенім хатта мӛрлер туралы келесідей мәлі-
меттер білуге болады. Бұл келісім шарттың мағынасы келесідей 
болып тұр. Ежелде Византияға сауда жұмыстары мен диплома-
тиялық жұмыспен келетін саудагер адамдармен Ресей елшілері 
ӛздерінің куәлігі ретінде ӛздерімен бірге алтын не болмаса күміс 
мӛрлерді алып жүретін, шыныменде саудагер не болмаса елші 
ретінде тану үшін енді жаңа келісім шарт бойынша жаңа тәртіп: 
елшілер ӛздерінің куәлігі ретінде мӛр емес, мақтау қағаздарды 
кӛрсетуі тиіс, оларда Ресейден византияға кеше кеме жіберілге-
ні жазылады, және де осы сенім қағаздары арқылы гректер жі-
берілген елшілер мен саудагер адамдардың «тыныштықпен» 
келгені және ешқандай ұрыс-керісті ойластырмай жүргеніне кӛз 
жеткізе алуы үшін. 
Егерде монғол тарихына үңілсек, онда да металдан жасал-
ған заттар сенім хат ретінде қолданғандығына кӛз жеткізуімізге 
болады. Бұл заттар алтыннан немесе күмістен жасалған тақтай-
шалар, оларда хан бұйрығы ойылып жазылатын. Мұндай тақтай-
шалар монғол тілінде – байса деп аталатын. Байса - металдан 


127 
жасалған тақтайша ұзындығы 20-30 сантиметрге дейін. Жоғарғы 
жағында тесік бар тұғын бауға осы арқылы байсалар белбеуге 
байланантын. Жазу тіке жазылған. Байса ханмен ӛз елшілеріне 
ӛз есімінен ӛзінің атынан сӛйлеуге берілген сенімхат.
Жазба мӛрінің әрі қарайда дамуымен байланысты, жазба 
құжаттарды куәландыруға қолданылған. Мӛр немесе байса 
сенімхат ретінде беріле бастамай, ол оларды куәландыруға бері-
летін. Асылған (жоғарылатып қойылған) немесе мақтауға қо-
сылған мӛрлер құжаттың шын екенін білдіретін. Мұндай сенім 
хаттар жоғарыда ресей мен гректердің 944 жылғы келісімінің 
бӛлігінде айтылған. Мӛрдің сыртқы келбеті. Мӛрлер ұяқалып 
және тықсыру (ығыстыру) болып бӛлінеді. Ұяқалыптар – бұл 
мӛрлердің бейнелері, қатты заттарда ойылған: металл, тас, 
сүйек, шыны, ежелгі уақытта – каучуктан (резина). Оттиск деп 
ізді айтады, ол металдан, балауыздан, қағаздан пайда болады. 
Олар ұяқалып пайдалану арқылы пайда болады. 
Мӛр - оттиск ӛзгешеленеді не құжатқа мӛрді біріктіру ар-
қылы, не металмен оттиск (ізді) алу үшін пайдаланған. Мӛрді 
бекіту әдісі бойынша асылмалымен қойылатынға бӛлінеді. Бі-
ріншісі құжатқа асылып қойылатын, екіншісі қойылатын.
XV ғасырға дейін мӛрдің негізгі түрі асылмалы мӛр болған. Құ-
жатты пергаментте жазылған немесе қағазда жазылғанында, 
оның тӛменгі жағына мәтіннің астында үлкен емес тесік жаса-
латын, ол арқылы жібекті немесе зығырлы бау ӛтетін, оның соң-
дары мӛрмен қыстырылатын.
1953 жылы Новгордта археология кезінде табылған ежелгі 
асылмалы мӛр X ғасырға жататын ӛзгешелеу етіп асылған. Мӛр 
Владимир Святословичтің үлкен ұлы Изяслов Владимировичке 
тиесілі болатын- князьдар отауының әулет басы бұтағы. Мӛр 
дұрыс шауылмаған қорғасын қайрақта мӛрдің ізі бар және бауда 
байланбай, кең терілі белбеуге байланған. Мӛрде шұрық тесік-
пен белдікшенің ізі бар.
XIV ғасыр аяғынан бастап құйылмалы мӛрлер пайда бола 
бастады. Осы уақытқа дейін жүзікпен істелген құйылмалы мӛр-
лер қолданғаны рас.
Шамамен XVII ғасырдың аяғынан бастап қолданысқа қы-
зыл және қара сүргіш мӛрлер шықты. Орталық мекемелерде 


128 
сүргіш мӛрлерді XVII ғасыр аяғында пайдалана бастады, ал 
жергілікті мекемелерде - XVII ғасырда. XVII ғасыр соңында 
елшілік бұйрығында қызыл сүргішпен поштаны қолдорбаларда 
және бұйырмалы әртүрлі хаттар мӛрленетін. Ішкі шекарашылар, 
жергілікті мекеме секілді, XVIII ғасырдың 40 жылдары жиі 
емес, арасында балауызды мастикалық араласпен сүргішті қол-
данады. 
Мӛрлерге сүргіш Мәскеуде қағазбен бірге жемісті қатарда 
сатылатын. XVIII-XX ғасырдағы құжаттарда «ысталған» деп 
аталатын мӛрлер кездеседі. Мұндай мӛрлерді (оттиск) алуға 
қолданған металл күйі болды. Металдан не тастан жасалған 
ұяқалып отта ұсталып, содан соң қағазға қойылатын. Мұндай 
ұяқалыптың алаңы қағазда қара із қалдыратын, ал онда ойылып 
салынған сурет ақ түсті болатын. Мұндай мӛрлер, мысалыға, 
XVIII ғасырда Қазақ хандығына, Ресей ӛкіметіне жіберілген 
хаттарға қойылған болатын. XIX ғасырда «ысталған» мӛрлерді 
волос басшылары, ауыл қариялары қолданған. «Ысталған» мӛр-
лер XVIII-XIX ғасырлардағы қалалық мекемелерден шығатын 
құжаттарда да кездеседі. 
Ақыры, XIX-XX ғасырларда каучукты мӛр қалыптардың 
пайда болуыменен, ізді алу үшін қолданылатын материал ретін-
де ерекше сұйық мастика қолданыла бастады. Екі түрлі ұяқа-
лып- мӛр әйгілі, біріншісі, ұяқалыптар асылмалы мӛрлер үшін. 
Асылмалы мӛр екі жағындада бейнесі бар. Мӛрге екі жақты бей-
не беруге оған сәйкес ұяқалып керек. Асылмалы мӛрлерге ұяқа-
лып қысқыш түрлі болатын. Қысқышты екі ұяны бірігетін жер-
лерінде сәйкес бейне (сурет немесе жазу болатын). Осы қыс-
қышпен жұмсақ жүк қорғасын не балауыз, қысылғанда, онда 
оның екі жағындада қысқыш ұяқалыптарында ойылған бейне 
іздері қалатын. 
Мұндай ұяқалыптар қысқыш деп аталады. Мӛрлі не бол-
маса елшілі бұйрықтарда (патша мақтау қағаздарына қойыла-
тын) әртүрлі кӛлемді ұяқалып–қысқыш бейнелері болған, осы-
лайша 1696 жылы темірші Константинов жолдастарымен елші-
лік бұйрығыменен қысқыш жасады «Ұлы патшаның мақтау қа-
ғаздарын мӛр қалыптауға». Бұл қысқыштар темірден жасалын-
ған болатын және ағаш сапты болатын.


129 
Асылмалы мӛрлерге балауыз немесе балауызды- мастика 
қолданылатын. Алтынды не күмісті асылмалы мӛрді алуға екі 
жұқа алтын не күміс тілімшелерді алып, арасынан бау ӛткізетін, 
содан соң тілімшелерді баумен бірге қысқыш ұяқалыпты қыса-
тын. Ұяқалыптың екінші түрі металдан не тастан жасалған дӛң-
гелек болатын, кейде тӛрт бұрышты болатын, онда теріс бейне 
мен жазулар кӛрсетілетін. Осындай ұяқалып жұмсақ жүкке 
қойылғанда, мысалыға, балауызға із пайда болатын. Осындай 
ұяқалыптың артында құйылмалы мӛр ізді алуға болатын, оның 
бір беті қағазға түгелдей жататын, ал екіншісінде ұяқалыптың 
кӛшірменің ізі қалатын. 
Ресейдің орталықтандырылған мемлекетінде алтын мӛр-
лер әдетте киелі Рим империясымен жасалған келісім шарттарға 
басылатын. Осы императорлармен қарым-қатынасын кӛрсететін 
дипломатиялық актілер ерекше маңызды құжат ретінде таныл-
ған. Алтын мӛрлер татар хандарымен ханшайымдарына жібер-
ген мақтауларға да басылатын. Ресей мемлекетінің күшеюі-
менен және онымен бірге күшсізденуі және мемлекеттік білім-
дердің таралып кетуіменен моңғол – түрік халықтарының тари-
хының, моңғол-татар патшалары мен ханзадалары ресей азамат-
тығын алып және адалдыққа уәде берді. Бұл ант шерст деп атал-
ған. Осындай антқа Ресей билігі шерст грамоталарын берген, 
бұл мақтау қағаздары қорғау мен жаңа азаматтарға қолдаушы-
лыққа уәде беретін. 
Күміс асылған металдар сирек кездескен. Феодалды бас-
қару кезінде Ресей мемлекетінің бүкіл шекарасы майда княздік-
терге бӛлінген болатын. Олардың бірі құдіретті, бірі белгілі бо-
лып саналатын. Мысалға, құдіретті княздіктер құрылды. 
Мәскеулік, Тверлік, Ярасловтілік, Нежгородтық. Осы әрбір 
құдіретті княздіктердың ӛзінде бӛлінген княздіктер олар достық 
қарым-қатынаста болатын, осы туралы да княздіктер арасында 
келісімшарттар ӛтетін. XII-XIV ғасырларда осындай княздер 
арасындағы келісімшарттарға күміс мӛрлер басылатын. Және де 
Мәскеу және Твердской құдіретті княздіктердің Новгородпен 
жасаған келісім шартындада күміс мӛрлер кездеседі. Күміс мӛр-
лер кейде княздің рухани мұрасына басылатын. Жекеленген 


130 
Мәскеу князі Иван Данилович Калиттің (XIV ғасырдың I жар-
тысында) екі күміс мӛрі бар екен.
Металдан жасалған асылмалы мӛрдің ең кӛп тараған түрі 
– қорғасын мӛрлер. Олар құжат құрамы бойынша әр түрлілерге 
асылатын, онымен бірге дипломатиялық акттерге, халықаралық 
келісімшарттарға және құдіреттік княздіктердің Новгородтта 
жасалған келісімшарттарында да. XV ғасырдың соңынан бастап 
балауызды және балды –мастикалық мӛрлер кеңінен тарап кетті. 
Олар қорғасындарға ұқсап, әр түрлі құрамды құжаттарға асыла-
тын. Осы уақыттан бастап құйылатын мӛрлер асылмалы мӛрлер-
ді мүлдем қолдандырылмай қойды. Асылмалы мӛрлер тек ма-
ңызды құжаттарға куәләндыруға ғана қолданатын. 
Түркістандық діншіл, біздің жылнамамыз бойынша
1166 жылы қайтыс болған және Ясы жеріне, қазіргі Түркістанға 
жерленген Ахмет Ясауидің мӛрін Археология, тарих және эт-
нография қоғамына мүше қызметкер А.А.Диваев 1895 жылы
24 желтоқсанда Ташкенттен хатпен жеткізді. Бұл мӛрдің бар 
екендігін А.А.Диваев бұрын да білген болатын, алайда оның 
таңбасын алуға еш мүмкіндігі болмады, ӛйткені бұл мӛр әулие-
лік һәм қасиетті саналатын. А.А.Диваев мӛрдің таңбасын мар-
құм немере ағасы, полковник Диваевтың кӛмегімен алды, ол 
Түркістан қаласында ояз (уезд) бастығы болып қызмет ете жү-
ріп, Әзірет – Сұлтан Ахмет Ясауи мешітінің қаржы кірістеріне 
әкімшілік бақылау жасайтын және халық арасында абройлы, 
қадірлі кісі болатын. Осыны пайдаланып А.А.Диваев мешіттің 
нақибына хат жазады және мүлдем күтпеген жерден сұралған 
мӛрдің таңбасын « тұмар ретінде тағып жүр», - деген кеңес бере 
отырып жолдайды. А.А.Диваевтің рұқсатына сай мӛр таңбасы-
ның нақты кӛлемінің литографиялық әдіспен кӛшірмесі алын-
ған және №1 кестеге орналастырылған. Мӛр 3 ортақтас шеңбер-
ден тұрады, олардың диаметрі: 
ішкі жағы 3 см., сыртқы жағы 11 см. Және ортасы 9 см. 
Арабша жазу кіші шеңбердің ӛз ішінде, оның диаметрі 3 см. 
Ал енді мӛрде жазылған мәтіндерге келетін болсақ, мӛрдің 
дәл ортасында орналасқан шеңбер ішінде: «Әзірет Сұлтан Қожа 
Ахмет Ясауи. 1212 (орыс жылнамасы бойынша 1797 жыл)» де-
ген сӛз жазылған. 


131 
Мӛрдегі шеңберлер арасының ені 1 см. яғни, сыртқы және 
орта шеңбер арасы), шеңбердің шетін жағалай ені 1 см, аралық-
қа мынадай сӛздер жазылған: 
«Есімдерден ең жақсысы Алланың атымен, аспан мен 
жердің иесі Алланың атымен, атымен бірге аспанда да жерде де 
еш нәрсенің зарары тимейтін Алланың атымен, және ол аса 
білушіде естуші.» 
Мӛрде аты аталған шайхтардың арасынан 6 адам пайғам-
барымыз Мұхаммедтен басқалар арқылы) құпия сопылық ілімін 
алды. Бірқатар сопылар «Шаджара» шежіре немесе «Силсила» 
арқылы «ілімін бір-біріне беріп жеткізіп отырған.» 
Қазақ хандығы алғаш ӛзi жеке шаңырақ кӛтерген 1456-
1457 жылдардан бастап қазақтың ру, тайпаларынан тұратын 
жерлерiне қарай үш ордаға бӛлiп басқару жүйесiн құра бастай-
ды. Мiне, осы кезеңдерден басталып, қазақ мемлекетiнiң ӛзiндiк 
шекарасы, үш орданың қысқы қонысы, жаз жайлауы хан, сұл-
тандар мен билердiң шешiмдерi арқылы белгiленiп, келе-келе ол 
қоныстар тұрақты болып қалғанды. XVI-XVII ғасырлардағы 
түрлi дау-жанжалдардың қорытындылары ауызша билiкпен, 
билердiң мӛрлiк таңбаларын басуымен расталып, бекiтiлетiн. 
Ресеймен қатынас орнату жылдарында XVIII ғасырдың басын-
да-ақ бiрдi-екiлi құжаттарда хандардың мӛр басып, куәландыр-
ған құжаттары бар. 1718 жылдың 8 сәуiрiнде Қайып хан мен 
Софының (Әзиздiң) Ресей патшасына жолдаған қатынас қаға-
зында ӛздерiнiң сӛздерiне сенудi айтып, мӛрiн басқан. Жалпы 
қазақ тарихшылары мен этнограф ғалымдары қазақ мӛрi хақын-
да зерттеу жүргiзбедi десе болғандай. Дегенмен, қазақтың хан, 
сұлтан билерi мен батырларының мӛрлерi, жалпы мӛр туралы 
аз-кем зерттеп, ӛз пiкiрiн жазған орыс ғалымы, зерттеушi 
М.П.Вяткин ―Сырым батыр‖ атты еңбегiнде (21 бетте) былайша 
ой қозғаған: ―...Шығыстан шыққан документтердiң (құжаттар-
дың) түп нұсқаларында қойылған қолдардың саны кӛп болады. 
Старшиналар (билер) мен сұлтандардың аттарын документтi кiм 
жазған болса, сол адам қойып отырған, яғни әдетте, молда жа-
зып отырған. Бiрақ бұл қойылған қолдар тиiстi адам атының 
қарсысына таңба немесе мӛр басылып анықталған‖. Мемлекет-
тiк мұрағаттардағы кӛп құжаттардың арасынан және де сирек 


132 
кездесетiн кiтаптардағы XVIII ғасырдың ортасынан бергi мер-
зiмдегi орыс-қазақ (басқа кӛршiлес елдермен) қатынас қағазда-
рынан түрлi сипаттағы мӛрлердi кӛремiз. Негiзiнен алғашқы мӛр 
Әз-Тәуке ханнан басталса керек. Патшалық губернаторлар 
аймақ пен ӛңiрлердегi хан, сұлтандар және билер мен батыр-
ларға мӛр жасатып алуға жазбаша рұқсат бермесе де, ауызша 
келiсiп отырған сияқты. Ӛйткенi хан мен сұлтан, қожалардың 
мӛрлерi басқаша да қара қазақтан шыққан билер мен батыр-
лардың мӛрлерiнiң кӛлемi де ӛзгеше. Осы мӛрлердiң түп нұсқа-
сымен кӛшiрмелерiн кӛру арқылы зерделей қарасақ, патша әкiм-
шiлiгi мӛрлердiң қандай болып жасалуына мән берiп отырған 
деген қорытындыға итермелейдi. Бұл сӛзiмiздiң жалаң долбар 
болмау үшiн атақты ғалым М.П.Вяткиннiң мӛр туралы жазба-
сын тарқатып кӛрелiк.―...Мӛрдiң бедерi қағазға қара бояумен 
түсiрiлiп отырған, жазу мӛрдiң табанына ойып салынған болған-
дықтан, оның басқанда түскен бедерi тiптi айқын болмай кӛмес-
кi болып түсiп отырған. Әсiресе, диаграфиялық белгiлерiн айы-
ру қиын. Мӛрлердiң үлгiсi миндаль сияқты сопақ, дӛңгелек, 
шаршы және сегiз қырлы келедi. Миндаль сияқты мӛрлердi 
қашан да болса сұлтандар мен қожалар ұстаған, тек ерекше 
жағдай ретiнде ғана бұл мӛрлерге бидiң ғана немесе мырзаның 
аты ғана жазылған. Мӛрлердi басуда белгiлi тәртiп қолданылған. 
Ең алдымен миндаль сияқты мӛрлер, одан кейiн сопақ оның 
артынан дӛңгелек және кӛп қырлы мӛрлер басылып отырған. 
Мӛрдiң табанындағы жазулар бiркелкi мӛр иесiнiң аты, оның 
тегi, (әкесiнiң аты) дәрежесi (хан, сұлтан, би т.т.) хиджра жылы 
кӛрсетiлген мӛр сирек кездеседi. Бұл түрлес мӛрлерден қожалар-
дың, қазылардың және молдалардың әлгiнiң үстiне қосымша 
жазу бар. Старшинаның (билердiң) қандай рудан екендiгi мӛрде 
кӛрсетiлмейдi: ерекше бiр сирек кездескен мӛр ретiнде Байсақал 
деген старшинаның мӛрiн атап ӛтуге болады, оның мӛрiнде 
(арабша) Байсақал Тiлекеұлы, Жаппас деген жазу бар. Мӛрлерде 
ешқандай сурет жоқ. Бұл жӛнiнде маған кездескен бiр ғана мӛр 
Қайыпұлы Шерғазы сұлтан мӛрi, мұның мӛрiнде қалып жазу 
үстiне тәж ұстап тұрған екi арыстанның суретi бар‖. Ғалым осы 
зерттеуiнде Шерғазы сұлтанның Ресейде болып, солардан үйре-
нiп, елiктеген болар деп те ой тастаған. Кӛрнектi зерттеушiнiң 


133 
жазғанындай сол кезеңдерден сақталынған мӛрлердiң кӛбi хан, 
сұлтандардiкi миндаль, сопақша болса, қожа мен ишандардың 
мӛрлерi де соларға ұқсас. Ал қара қазақтан шыққан билер мен 
батырлардың мӛрлерi дӛңгелек, қырлы болып келедi. Менiң на-
зарыма iлiккен мӛрлерде Әбiлхайыр хан, Қайып хан, Шӛмекей 
тайпасының бас биi болған Кетебай Жолайұлының мӛрi хиджра 
жылымен жазылған. Осы әулеттен Ӛтетiлеу, Пiрәлi билердiң 
(1794, 1830, 1860 жылдарда жасалған) мӛрлерi сақталынған. 
Сонымен қатар есiмi үш жүзге тараған Ресей ӛкiметiне ―ғазауат‖ 
соғысын бастаған Керей Марал ишан Құрманұлының мӛрi де 
бар. Ырғыз ӛңiрiн билеген, 1834 жылы Бұхараға сапар шеккен 
орыс офицерлерi П.П.Демезон, И.В.Виткевичке жолбасшысы 
болған Алмат Тобабергеновтың 1875 жылғы, Сыр елiнде (Арал 
ӛңiрiнде) хан болған Бекмырза Әлдеевтiң 1857 жылғы, Жақайым 
Жетес бидiң 1874, Қаракете Бекмырза Еркiнбаевтың (1866), 
1852 жылғы батыр Тоғанас Бәйтiкұлының, Сарғасқа Ерболат 
Талқанбайұлының (1866), Сарыбай Сәдiрдiң 1866 жылғы, 
Жаппас Жанғабыл Тӛлегеновтың тағы басқалардың 30-дан 
астам мӛрлерiнiң кӛшiрмесi жинақталынған. Орынбор, Ташкент, 
Қазақстан Республикасы мемлекеттiк мұрағат қорлары құжат-
тардағы мӛрлердiң бiтiм-пiшiмi, кӛлемi, орналасу тәртiбi жоға-
рыда ғалым, зерттеушi М.П.Вяткин айтқандай болып шығып 
отыр. Демек заң жүзiнде заңдастырылмаса да ӛлке басқарушы-
ларының ықпалы болғаны аңғарылады. Дегенмен мӛрлердегi 
жазулардың кӛбiсi аты мен тегi жазылса, Кетебай би мӛрi 
хиджра жылымен белгiленсе, Жаппас Байсақал керуенбасының 
баласы Ахметтiң мӛрiнде былайша жазылған: ―Ахмет Байсақал 
баласы‖. Байлығы асқан Тiлеке батырдың баласы керуенбасы 
Байсақалдың ӛз мӛрiне басқалардан ӛзгешелек етiп, ӛзiнiң руын 
жаздыруы, ел адамдары мен шенеунiктер арасында беделдi бол-
ғанын айғақтайды. Кейбiр мӛрлер алтынмен апталып, кейбiреуi 
таза күмiстен жасалған. Кей-кейде бiр топ билер ортақ мәселе 
туралы бiр қорытындыға келiп, кӛбi ӛз таңба белгiлерiн қойса, 
оларды бекiткен кiсiлер, солардың атынан қол қойып, мӛр басып 
растап отырған. 1785 жылы Нұралы ханды тақтан түсiру мақса-
тында Кiшi жүздiң 56 биi патшайымға хат жазып, Нұралыны 
хандықтан түсiрудi сұрап, ұсыныс жасаған. Осынау тарих хат-


134 
қатынасты Сырым батыр мен пiр атанған Әбдiжәлел қожа бекi-
тiп қол қойып, мӛрiн басқан. Мұндай үрдiс мӛр басу ХХ ғасыр-
дың 20 жылдарына дейiн жалғасқан. Жеке хан, сұлтан, билер-
дiң мӛрлерiмен қатар генерал-губернатордың, облыс басқару-
шысымен уезд, болыс басқарушыларының, тiпті ауылнайлар-
дың патша ӛкiметi жасатып берген мӛрлерi түрлi iс-қағаздарда, 
басқа да мәселелер туралы қатынастарда басылып отырылған. 
Тiптi болыс басқарушысымен ауыл старшиналарының мӛрлерi 
жоғалғанда газеттерге хабарлама берiп, күшiн жойып отырған. 
Ал жеке билердiң мӛрлерiнiң нақты есебi, кiмде қанша бары 
есепке алынбаған сияқты. 
Қазақ Совет энциклопедиясының 8-томында мӛрге анық-
тама берiлген (176 б.). Мӛр бетiнде ойып жасалған әрiп және 
басқа да белгiлерi бар, сургуч, балауыз немесе қағазға басу үшiн 
қолданылатын (куәлiктерге, ақша және басқа да документтерге) 
арнаулы құрал. Мӛрге мемлекеттiк гербтiң суретi немесе эмбле-
ма салынады, мекеме, кәсiпорын, ұйымның аты жазылады. 
СССР-де мӛр жасау облыстық, ӛлкелiк, одақтас және автоно-
миялы республикалар милиция органдарының рұқсаты бойынша 
ашылған кәсiпорындарға жүргiзiледi. Мӛр жасау үшiн жергiлiктi 
милиция органдарынан рұқсат алу шарт. Ал қазiргi тәуелсiздiк 
жылдарында мӛр жасау, оған рұқсат беру iсi бiр жүйеге түспе-
ген тәрiздi. 
Бұрынғы хан, сұлтан, билердiң мӛрлерi ел басқару, iрi iс-
тердi шешуге араласқан тұлғаларды анықтап берумен қатар кӛп 
нәрсеге кӛз жеткiзедi.
Кӛне заманнан түріктер күн, ай, жұлдыз - яғни осы аспан-
ның үш шырағы және әлем әміршілерін қасиет тұтты. Ескі
наным 
бойынша бір адам туылғанда онымен бірге аспанда бір жұлдыз 
пайда болады екен. Ш.Уәлиханов жазғандай "халық арасында 
жұлдыздың аққанын кӛрген адамдар: менің жұлдызым әлі тұр ал 
анау бір кісі о дүниелік болды-ау деймін деп айтар еді". Әр 
адамның ӛз жұлдызы болатын болса, онда әр мемлекеттің де ӛз 
жұлдызы бар. Түркі тілдес тәуелсіз елде Азербайжан, Қазақстан, 
Қырғызстан, Түркия, Түркменстан, Ӛзбекстанның байрағы мен 
елтаңбаларында әр түрлі комбинацияларда үш аспан шырағы: 
күн, ай, жұлдыз бар. Олар күн нұры, жарты ай, бес бұрыш, сегіз 


135 
бұрыш жұлдыз ретінде бейнеленген. Азербайжан елтаңбасында 
сегіз бұрыш жұлдыз, Ӛзбекстан және Түркменстанда жарты ай, 
Қазақстан, Ӛзбекстанда бес бұрышты жұлдыз бейнелеген. Бес 
бұрышты жұлдыз ежелгі түркі ескерткіші Күлтегінде (731 жыл) 
бейнеленген. Кӛне түркілік мифтерде реалдық және мифтік 
хайуанаттармен құстар бейнеленген. 
Бұлар тұлпар, қасқыр, жолбарыс, бұқа, тау ешкі, бүркіт, 
сұңқар, гриф, самұрық т.б. Ертеден жолбарыс - күш, құдірет 
символы, бұқа - күн символы, тауешкі - батылдық символы т.с.с. 
Самұрық - байлық, Авестада кездесетін мифтік адал құс адамға 
жақсылық әкеледі. Бұл құстың бір аты Хумо. Ӛзбекстан елтаң-
басында осы құс орын алған. Оны ӛзбекстандықтар байлық пен 
дәулеттің символы "Давлат кушу" деп те атайды. Қазақстан ел-
таңбасында уақыт пен кеңістікті бағындыра алатын мифтік ат - 
тұлпар орын алған. Бұл қозғалыстың және тұрақтылықтың 
символы. 
"Аспаннан бір кӛк нұр түсті", "Кӛк жалды арлан қасқыр", 
"Кӛк бӛрі" деген тіркестердегі "кӛк" сӛзінің тӛтемдік мәні бар. 
"Кӛк" сӛзі қазақ тілінде ғана емес, бүкіл түркі тектес тіл-
дердегі басты лингвистикалық бірліктердің біріне жатады. Ол 
ӛте кӛне және әлі күнге ӛзінің ең байырғы, аспанды Тәңірінің 
мекені деп кие тұтқан тӛтемдік мәнін жоғалтқан жоқ. Қазақ ті-
лінде аспан ұғымын "кӛк" деген сӛз де береді. 
Аспан кӛк түсті тулар мен байрақтарды (кӛк асаба) та-
рихтың түрлі кезеңдерінде Түркі қағандығы (552-630, 682-
743 жж.), Хазар қағандығы (651-983 жж.), Ұлы Селжұқ қағанды-
ғы (1040-1157 жж.), Ақсақ Темір мемлекеті (1368-1501 жж.), 
Қазақ Ордасының кейбір хандары мен батырлары кӛтеріп шық-
қан. Шағын кӛгілдір жолақ Қазақ КСР жалауында да бар бола-
тын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   87




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет