§ 3. СФРАГИСТИКА
Сфрагистика (грек сӛзі «сфрагис» - мӛр) немесе, сигил-
лография (латын сӛзі «сигуллум» - мӛр) – негізгі зерттеу нысаны
мӛрлер болып табылатын қосалқы тарихи пәндерді құрайды. Ол
тарихнаманың маңызды бӛлімі болып табылады, бірақ оның
мақсаты мӛрдің түп нұсқасын, авторын және күнін растау
кӛзімен ғана, шектелмейді. Құжаттардан жеке сақталған мӛрлер
мемлекеттік билік институттарының тарихы үшін маңызды қай-
нар кӛзі бола алады. Олардың майда пластика ӛнерін және т.б.
геральдика, нумизматика, эпиграфика сынды тарихи пәндерді
оқуда ролі зор.
Ежелгі уақыттағы мӛрлерге қызығушылық ХVІІ ғасырда
пайда болған. Ол уақыттағы зерттеушілер кӛбінесе мұрағаттар-
дағы акт кӛздерінде сақталған мӛрлерге кӛп мән берген. Дүние
жүзі бойынша бірінші табылған мӛрлер туралы мағлұмат
ХІХ ғасырда пайда болған. Сфрагистикалық материалдарды жи-
наудағы ӛзгеріс ХХ ғасыр басындағы Ежелгі Ресей –
новгородтық Городищадағы басты сфрагистикалық қазынаның
табылуы арқылы дами түсті. Городищиндік мӛрлердің бастапқы
жиналуы
кеңес
сфрагистикасының
негізін
қалаушы
Н.П.Лихачев атымен байланысты. Лихачев қайтыс болғанда
оның жинағында шамамен 700 дана мӛр болған. Жинаудың кӛп
бӛлігі Новгород пен Новгородтық Городищедегі табылған
мӛрлерден құралған.
1961-1962
жж. Псковтағы қазбаларда Довмонтың
Городищедегі псковтық мӛрлердің кӛп бірлігі табылды.
Қазіргі уақытта ірі сфрагистикалық жинақтар Мемлекеттік
Санкт-Петербургтағы Эрмитажда, Мәскеудегі мемлекеттік тари-
хи мұражайда және Новгородтағы ӛлкетану мұражайында орын
алған.
Құжаттарда сақталған мӛрлердің кӛп бӛлігі алғашқы рет
кітап шығарушы және ағартушы Н.И.Новиковтың кӛп томдық
«Ежелгі Ресей Вивлофикасы» атты еңбегінде сипатталған. Бұл
басылым құрамына князьдардың рухани және келісім-шарт
марапаттау қағаздары, хандық белгілер, Новгород феодалдық
108
Республикасының құжаттары кірген. Бұл акт материалдарының
басылымдары оған қосылған мӛр сипаттамасымен құрылған.
Мӛрлердің кӛпшілігі және олардың суреттемесі «мемле-
кеттік марапаттар мен келісім-шарттар жиынтығында» басылып
шыққан. А.Б.Лакиердің «Орыс геральдикасы» атты еңбегі
сфрагистикадағы ерекше орынға ие болды. (Спб., 1855-Кн.1-2).
Бұл еңбекте орыс геральдикасының мақсаты ғана қалыптаса
қоймай, ХІХ ғасырда жинақталған материалда орыс мӛрлері та-
рихына жалпы сипаттама және оларды топтаудың алғашқы ша-
ралары қолданылған. Лакиердің жұмысының маңыздылығына
орыс мӛрлерінің ӛзіндік тұрмысы мен ұлттық сипаттамасы жӛ-
ніндегі автордың ой-толғауын жатқызуға болады. ХІХ ғасырда
мӛрлердің алғашқы альбомдары жарық кӛрді. ХХ ғасыр басында
«Орыс
сфрагистикасына
арналған
материалдар»
атты
А.В.Орешниковтың еңбегі қызықты. Онда автор осы уақытқа
дейінгі мӛр туралы зерттеулерді қорытындылап, сфрагистика
мен нумизматиканың ӛзара байланысын кӛрсеткен.
Ұлы қазаннан кейінгі уақытта сфрагистика саласындағы
зерттеулердің ішінде ерекше орынға М.П.Лихачевтың еңбекте-
рін жатқызуға болады. Орешниковпен бірігіп 1904-1917 жж. ол
баспаға 700 ежелгі орыс акттік мӛрлер сипатталған таблицалар-
дан құралған фототиптік альбом даярлаған. 1928-1930 жж. ви-
зантия мен орыс сфрагистикасы тарихынан 2 басылым мате-
риалдары пайда болды. Бұл басылымдарға Лихачев орыс сфра-
гистика негіздерін енгізді. Х-ХV ғғ. ежелгі мӛрлерді зерттеуде
В.Л.Яниннің «Ежелгі Ресейдің Х-ХV ғғ. акттік мӛрлері» атты
2 томдық еңбегінің маңызы зор. (М., 1970-Т.1-2). Бұл еңбектің
1-ші томы монғол дәуіріне дейінгі пайдаланылған ежелгі булла-
ға арналса (746 мӛр), 2-ші томы ХІІІ-ХV ғғ. новгород сфрагис-
тикасына арналған (797 мӛр). Соңғы онжылдықта сфрагистика
үшін мӛрлерді зерттеудің хронологиялық жақтарын кеңейтуге
тырысу қажеттігі туды.
Сфрагистикада «мӛр» ұғымы штамптар немесе матрица-
лар болып таралған. Сондай-ақ темір, воск, қағаз сынды мате-
риалдарда қалдырылған белгілер де «мӛр» ұғымына енген. Мӛр
матрицалары қатты темірге, тасқа, сүйекке, ағашқа, ал қазіргі
заманда жұмсақ каучугқа, рәзіңкеге түсіріліп, кесілген.
109
Пайдаланылуына қарай мӛрлерді 2 үлкен топқа бӛлуге
болады: ілулі және қолданбалы. Ілулі (вислый) мӛрлер – құ-
жаттарға жіппен ілінетін болса, қолданбалылар құжатқа немесе
затқа түсірілген белгілер болып табылады. Алғашқылары арна-
йы қысқыш-буллотириялармен қойылса, екіншілері – даярлан-
ған штамп қалпы мен әдісі бойынша жасалынған.
Мӛрдің негізгі мәні оған заңды күш берілгеннен бастап
қосымша ретінде тіркелетін түпнұсқа құжатты білдіретін куәлік
негізінде анықталады. Осындай сапада мӛрлер алғашқы рет
Қосӛзен, Мысыр және ежелгі елдерде пайда болған.
Белгілі бір дәуірлерде осы заманға сай келетін әр түрлі
мӛрлер пайдаланылған. Ежелгі Шығыс елдерінде кӛбінесе
цилиндра тәріздес мӛрлер қолданылған. Цилиндр басындағы
жазба мен белгілердің кӛшірмесін қағазға түсіру үшін жұмсақ
сазды табличкадан домалатып ӛткізу қажет болған. Антикалық
дәуірде бетінде суреттер мен жазбалар кӛрініс алған жүзік-
мӛрлер кӛп кездескен. Орта ғасырда мӛрлердің ілулі, темірлерге
(алтынға-хрисовулалар, күмісте – аргировулалар, қорғасынға –
моливдовулалар, сондай-ақ воск және сургучка) түсірген белгі-
лері арқылы жасалынған мӛрлердің түрлері кең тараған.
Хрисовулалар маңызды құжаттарды куәландырған. Қолданбалы
мӛрлер ХІV–ХVІғғ. ілінбелі мӛрлерді ысырып, негізгі мӛрлерге
айналды. Ілу белгілері Ватиканның құжатнамаларында ХХ ғ.
дейін пайдаланылды.
Ғылыми білімдердің саласы ретінде сфрагистика ХVІІІ ға-
сырдан бері зерттелуде. Бастапқы уақытта сфрагистика дипло-
матика бӛлімі, яғни акттардың қалпы мен мазмұнын зерттеуші
қосалқы пән ретінде табылған. Бұл этапта сфрагистиканың мақ-
саты акттың күнін және оның түпнұсқасын немесе жасандылы-
ғын анықтаумен шектелген. Археологиялық қазбаларда табыл-
ған құжаттардан бӛлек сақталған мӛрлердің жинақталуы мен
ғылыми мӛрлердің ӛзгерісін енгізу арқылы пәннің мақсаты
ӛзгерді. Осындай мән-жайлар негізінде құжаттардан бӛлек мӛр-
лер ӛткен уақыттағы маңызды мәліметті, әсіресе құжаттарды
буллалармен біріктіру құқығы пайдаланған институттардың
тарихы жӛнінде маңызды ақпарат береді. Мӛрлерді зерттеудің
бұл жаңа бағыты ХІХ ғ.пайда болған және біріншіден француз
110
ғалымы Г.Шлюмберже пен орыс академигі Н.П.Лихачевтың
аттарымен байланысты.
Орыс сфрагистикасының тарихында бірнеше этапты бай-
қауға болады. ХVІІІ ғ. орыс мӛрлерінің бірнешесі сипатталып
шығарылған. ХІХ ғ. мӛрлерді шығарумен қатар оларды арнайы
топтауға бағытталған жұмыстар пайда бола бастайды. Олардың
ішінде Е.Болховитиновтың, Я.И.Бередниковтың, А.Б.Лакиердің
зерттеулерін атап ӛтуге болады.
Сфрагистикалық зерттеу әдісінің негізін қалаушы
Н.П.Лихачевтың зерттеулерін ары қарай жетілдірілген, негізде-
ген және ӛз жұмыстарында пайдаланған В.Л.Яниннің кӛп жыл-
дық зерттеуінің қорытындысы бойынша жарық кӛрген 2 томдық
еңбегі «Ежелгі Ресейдің акттік мӛрі» болып табылады. (М.1970).
Сфрагистиканың қазіргі заман әдісінің мәні мӛрдің белгілі бір
тұлғаға немесе билік институтына жататыны сыртқы белгілері
(түрін анықтай) мӛрдегі суреттеменің (иконография), күндердің,
жазбалардың сипатына қарай талдаумен және тарихи ескерткіш
болып табылатын қайнар кӛзі ретінде буллаларды бағалаумен
сипатталады.
Ежелгі орыс мемлекеттерінің мӛрлері. Ресейдегі акттік
мӛрлердің пайда болуын хрестиан дәуіріне дейінгі уақытқа,
нақтырақ айтсақ Игорь князінің соңғы жылдарына (912-945)
жатқызуға болады. Құжаттарды мӛрлермен біріктіру дәстүрінің
пайда болуының негізгі себебі Ресей мен Византия арасындағы
жиі болған дипломатиялық және сауда қарым-қатынастарын
қанағаттандыру қажеттілігінен туындаған. Сол себепті Ресейде
мӛрдің византиялық сипатта болғанымен, мӛрлердегі суреттерде
ӛзгеше византиялық ықпал байқалмайды. Бастапқы кезде мӛр-
лер халықаралық дипломатиялық қарым-қатынаста пайдала-
нуы әбден мүмкін. Оған дәлел мӛрлердің жазбаша кӛздері ал-
ғашқы рет Игорь князінің гректермен 945 жылдарда келісім-
шартқа отыру тақырыбындағы жазылған повестіндегі «ношаху
сли печати злати, а гостье сребрени» деген жазбалары арқылы
берілген.
Қазіргі уақытта Х-ХV ғғ. ежелгі орыс мӛрлерінің қоры
2 мың дананы құрайды. Олардың 7% (163 дана) әр түрлі акттар-
да сақталған, сондай-ақ монғол дәуіріне дейінгі уақыттағы 200-
111
ден астам белгілердің еш қайсысы құжаттармен сақталмаған.
Мӛрлердің кӛпшілігі князь резиденциясы және оның аппараты,
сондай-ақ князь мұрағаты орналасқан Новгородтық Городищада
табылған. Ежелгі орыс мӛрлері жиі толықтырылып тұрады.
Олардың кӛбісі археологиялық қазбалардан табылады. Мӛрлер-
дің табылу жерлері мен оларды пайдаланған территория сәйкес
келеді. Псковтағы Довмонтова қаласындағы псков кремліндегі
1961-1962 жж. жүргізілген қазбалардан табылған мӛрлердің
маңызы зор. Мұнда ХVІ ғ. басындағы мұрағат қалдығы деп са-
налатын 500-ден астам мӛрлер табылды.
В.Л.Янинмен басылып шыққан Х-ХV ғғ. сфрагистиканың
орыс ескерткіштерін жинақтауда 1542 булла, әр түрлі матрица-
лардың 804 жұптары тіркелген. Олардың 746 мӛрі (372 жұп
матрица) монғол дәуіріне дейінгі уақытқа жатса және 796 мӛр
(432 жұп матрица) ХІІІ-ХV ғғ. екінші жартысына қатысты. Жи-
наққа Мәскеу мен Псков, сондай-ақ Смоленск пен Полоцк мӛр-
лері енгізілмеген. Мӛрлерді әртүрлі топтардағы дәрежелерге
бӛлу туралы кӛрсеткіш келесі таблицада берілген.
Сфрагистика атауы грек тіліндегі мӛр сӛзінен келіп шық-
қан. Кейбір кезде сигиллографияны да сфрагистика деп атайды.
Бұл сӛз латынның sigillum “мӛр” сӛзінен алынған. Сонымен,
Сфрагистика немесе сигиллография деп, мӛрлерді зерттеумен
айналысатын кӛмекші ғылыми тарихты айтамыз.
Сфрагистика ғылымы мӛр матрицаларын, яғни металға,
тасқа, сүйекке, айнаға ойып жасалған мӛр суреттерін және
олардың металдағы, қағаздағы мӛр оттискілерін зерттейді.
Мӛр бар құжат сол құжаттың заңды иесіне тиесілі екенді-
гін білдіреді. Мӛрлерді үйрену құжаттардың растығын тексе-
руге, олардың жазылуы мен авторының кім екендігін анықтауға
мүмкіндік береді.
Бірақ мӛрлер тек кӛмекші қызметті ғана атқармайды. X-
XV ғасырлардағы кӛне мӛрлердің кӛбісі құжаттардың үзінділе-
рінде, жерде анықталған. Мұндай жағдайда олардың ӛзі құнды
тарихи жәдігерлер болып табылады.
Мӛрлерде белгіленген эмблемалар тарихи жағдайларға
байланысты ауысып отырған. Әрбір мӛр белгілі тарихи кезең-
нің ӛнімі болып табылады. Мӛрлердегі суреттер мен жазбалар-
112
ды тарихи жағдайлармен тығыз байланыстыра отырып зерттеу
тарих ғылымында жаңа бір қатар қызық жаңалықтар ашуы
мүмкін.
Сонымен қатар, мӛрлер кӛркемдік ӛнер саласында да үл-
кен қызығушылық тудыруда. Дарынды шеберлер тарапынан үл-
кен шеберлікпен жасалған мӛрлер құнды ӛнер ескерткіші бо-
лып табылады. Сӛйтіп, сфрагистика мӛрлерді құжаттарды рас-
тау белгісі ретінде, тарихи білім кӛзінің бірі ретінде және ӛнер
ескерткіші ретінде қарастырады. Ол басқа кӛмекші тарихи ғы-
лымдармен, бірінші кезекте, геральдика және елтаңбатанумен
тығыз байланысты. Геральдика ғылымы елтаңбаларды зерт-
тейді.
Ресейдің ежелгі мӛрлері. Мӛр туралы алғашқы деректер
Х ғасырда Ресей мен Византияның арасындағы келісімшартта
бар, ондағы мәтіндер біздің күндерімізге дейін ежелгі хаттама
– «Уақытша жыл хикаясы» жеткізді. Солардың бірінде
(944 жыл) айтылатыны: «Ежелде саудагерлер алтын мӛрлерді
әкелетін, ал күміс саудагерлер, дер кезінде сіздердің князьде-
ріңіз бізге мақтау қағаздарын жіберуін бұйырды, (византиялық)
патшаларға, сол елшілермен қонақтар, олармен жіберілетіндер-
ді, мақтау қағаздарын әкелсін».
Бұл келісім шарттың мәтіні Ресей мен Византияның ара-
сындағы бейресми қатынасын, ресми қатынасқа ауысуына дә-
лел бола алады. Бірақ ежелгірек уақытта мақтау қағаздарын
қыстыратын мӛрлер айтылмаған, ал басқалары – ешбір мақтау
қағазсыз, византиялықтарға 944 жылға дейін саудагерлер мен
елшілер кӛрсететін. Бұл қандай мӛрлер?
Ғалымдардың болжауынша, олар куәландіруші мақтау
қағаздарын ауыстыратын, ежелгі ресей елшілері мен саудагер-
лердің жеке куәлігі ретінде болған. Мӛрдің түріне әр-түрлі бол-
жамдар айтылады: кейбір зерттеушілердің пайымдауынша,
олардың орнын металдан жасалған тілімдер не қаңылтыр
белгілер, иесінің кӛкірегінде асылып тұратын, тарихшылардың
кӛпшілігінің пікірінше, византиялық әдет-ғұрып бойынша мӛр
ретінде Еуропада да жүзіктер қолданылған (онда қандайда бір
мӛр болады).
113
ПЛОМБА – (француз Plomb қағазын) қаңылтырдан, қор-
ғасын және тағы басқадан жасалған (мӛрге ұқсаған) буын тү-
йілген тауарлар, жабық есіктер және тағы сол сияқтыларды
осымен мӛрлейді.
Ортағасырлық Ресей мӛрлері. Бірте-бірте ежелгі Ресей
мӛрлері «булл» («шариков») – домалақ екі жағындада бейнесі
бар металдан жасалған түріне иемденді.
Қазіргі кезде осыған ұқсас ежелгі мӛр болып князь
Светислав Игоревич (шамамен 945-972 жж.) қорғасынды бул-
ласы есептелінеді. Оның екі бетіндеде «Рюриковичтердің бел-
гісі» - үш ашалы бейнеленген. «Рюриковичтер таңбасының» әр
түрлі сызбалары Әулие Владимир князь ұрпақтарының қорға-
сында буллдарында және осы князьдің алғашқы орыс тиында-
рында – алтын және күміс. Х ғасыр мен ХІ ғасырдың бірінші
жартысында ежелгі ресейліктердің мӛрін тарихшылар «археоло-
гиялық (ежелгі) мәдени буллдар» деп атайды.
Ресейде жазба ӛнерінің ӛсуіменен, мӛрлердің атқаратын
қызметі қиындай түседі. Енді олар құжатты бекітеді: кейде оны
жауып, жайғана жабыстырады (мысалға, қандай да бір хат,
жолдама), ал бір кездері – бекітеді, құжатқа тіркелгендердің
құрамын заңдастырады. Мӛрлер князьдардың қолтаңбасының
орнын басады, шағымдану марапаттарын бергенде, басқа елдер-
мен не князьдармен келісім жасағандар. Құжатты жабыстыра-
тын мӛр, ӛзінің негізгі тағайындауында шығатын, осы күнге
дейін жоғалтпағаны құжатты заңдылық күшін куәландіру, түп
нұсқалығын растау.
Мӛрдің осы сапасыда қосалқы тарихи дербес пән зерттей-
ді – срагистика (грек тілінен «сфрагис-мӛр») немесе сигиллог-
рафия (латын тілінен Sigillum- «мӛр»). Сфрагистикада мӛрді
матрицалар деп атайды (мӛр қалып, түр), олар ежелде қатты
материалдан жасалынған - тастан, металдан, сүйектен (қазіргі
таңда жұмсақ материал әдетте резеңке қызметін атқарады), осы-
лайша металдағы ұя қалыптың оттисктері қағаздан, балауыздан
немесе сүргіштен жасалған. Құжатты жабыстыру тәсілі бойын-
ша зерттеушілер мӛрлерді екі топқа бӛледі. Бірін (вислые) сал-
бырап тұратын мӛр құрады. Олар құжатқа теріден жасалған
белдікшеде, бауда жібек жіптерде асылып тұратын. Мӛрдің
114
екінші тобы – қолтаңбалы, әртүрлі мӛртабандармен сығылған,
соның ішінде қолжүзік - печаткаларменде.
Мӛрі бар мақтау қағаздары, ежелгі заманнан бізге де-
йін жетіп келуі - сирек кездеседі. Олардың ішіндегі ең таны-
малы – новгородтық Юрьева монастыріне волостьке (область)
Киев пен күміс тостақ 1130 жылы Киев князі Светислав
Владимировичпен оның ұлы Всеволодтың шағым мақтау қаға-
зы. Бұл хрисовул аттың түп нұсқалығын – «алтын булла» дәлел-
деп тұрды. Қазіргі таңда дәлелденгені, яғни мақтау қағазында
асылып тұрған мӛр оған еш қатысы болмаған және ХІІІ ғасыр-
дың І- жартысында ӛмір сүрген князь Ярослав Всеволодқа тие-
сілі болған. Яғни ол марапаттау қағазынан жүз жасқа «жастау».
ХVІІІ ғасырда мӛрлер және елтаңбалар тарихын үйрену
басталды. В.Н.Татищев мемлекттік елтаңба тарихи сұрақтарын
ӛз «Ресей тарихы» кітабына енгізді. В.Н.Татищев орыс мемле-
кеттік елтаңбасындағы негізгі екі бейне - шабандоз бен екі бас-
ты бүркіттің пайда болуына қысқаша анықтама береді.
Сфрагистиканың сұрақтарын тереңірек жасақтау үшін
мӛрлерді жинау және сипаттау қажет болды. Бірінші кезекте
акттарда сақталған мӛрлер суреттерін баспадан шығару керек
еді. Акттардағы мӛрлер уақыты бойынша оңай анықталған.
Сфрагистика деректанудың бір бӛлігі ретінде дамып отырған.
ХVІІІ ғасырдың аяғында орыс ағартушысы Н.И.Новиков
тарапынан тарихи дереккӛздерді зерттеу және баспадан шы-
ғару үлкен маңызға ие болды. Кӛптомды «Кӛне Ресей Вивлио-
фикесі» кітабында Н.И.Новиков саяси тарихы бойынша үлкен
кӛлемді тарихи дереккӛздерді - рухани және келісім грамота-
лары, хан жарлық және т.б. құжаттарды баспадан шығарды.
Акттармен бірге олардағы мӛрлерді де баспадан шығарған.
Н.И.Новиков кӛптеген княздік, рухани адамдардың және нов-
городтық мӛрлердің сипаттамасын шығарды.
Мӛрлердің кӛптеген суреттері «Мемлекеттік грамоталар
мен келісімдер жинағында» жарияланды, мұнда негізінен сая-
си тарихи құжаттар орын алады. Бұл баста ӛз заманасы үшін
үлкен маңызға ие болды, бірақ оған енген мӛрлердің суретте-
рі аса дәлдікпен бейнеленбеген. Солай болсада, толық жетілме-
115
ген мӛрлердің сипаттамаларының пайда болуы кӛмекші тарихи
пән – сфрагистиканың пайда болуына түрткі болды.
ХІХ ғасыр басында Н.М.Карамзин тарихи дереккӛздерді
зерттеуде мӛрлердің алатын орнына аса кӛңіл бӛлді. «Ресей
мемлекеті тарихында» ол құжатқа сілтеме жасай отырып, сол
құжаттағы мӛрді сипаттайды.
Мӛрлерді қарастыру жеке құжаттарды зерттеумен бірге
жүргізілген. Мысалға, алғашқы дипломатикалық-полиография-
лық шолуда, князь Светислав Владимировичтің новгородтық
Юрьев
моныстырына
жазған
грамотасын
зерттеуде,
Е.Болховитинов құжаттың растығын дәлелдеу үшін ондағы
мӛргеде талдау жасайды. Е.Болховитинов Светислав грамота-
сындағы мӛр сенімді талдау жасау үшін ол кездегі орыс мӛр-
лері туралы жалпы түсінікке ие болу керектігін түсінеді, сол
үшін ол баспалардың негізгі түрлерін анықтауға тырысты жә-
не оларды ұлы князьдік, князьдік, патриардық, архиепископ-
тық, посадничи деп бӛлді. Бірақ онда салыстырмалы түрде кӛп
материал болмағандықтан, қазір оның еңбегі тек тарихи мағы-
наға ғана ие. Солай болсада, Е.Болховитинов еңбегі біріншіден,
мӛрлерді зерттеуге қызығушылықтың болғанын кӛрсетеді, екін-
шіден, сфрагистика кӛмекші тарихи пән ретінде пайда болған-
дығын дәлелдейді.
ХІХ ғасырдың 1-жартысында тек қана мӛрлердің бейне-
лері мен сипаттамалары ғана емес, елтаңбалардың да бейне-
лері жарық кӛрді. 18 ғасырдың аяғында-ақ император Павел І
жарлығы бойынша «Бүкілресейлік империяның дворяндары-
ның жалпы елтаңбаларын» жасау басталды. ХІХ ғасырдың Ш-
жартысында елтаңбалар кітабының 10 томы баспадан шықты.
1-4 томдар 1803 жылдарда, 5-10 томдар 1836-1840 жылдарда
жарық кӛрді. Елтаңбалар кітабының жалғасын жазу 1917 жылға
дейін жалғасты. 20 том жасақталды, бірақ баспадан тек 10 том
ғана шықты.
1843 жылы «Ресей империясының заңдарының толық жи-
нағы»-на қосымшасын да алғаш рет қала елтаңбаларының су-
реттері баспадан шықты.
1845 жылы Я.И.Бередников тарапынан Мәскеу Кремлінде
қазба жұмыстары кезінде табылған Дмитрий Данской замана-
116
сындағы грамоталар туралы жазба жарияланды. Я.И.Бередников
құжаттарға кіріктірілген мӛрлерді сипаттайды, оларға кімге
тиесілі екендігі туралы ӛзінің ойын жеткізеді. Бұл оның нов-
городтық мӛрлермен және акттарды мӛрлерді бекітудің жалпы
ережелерімен таныс болғандығын білдіреді.
Жазбада ұлы князь Дмитрий Донской және оның заман-
дастарының пайдаланған грамоталармен мӛрлерінің алты кесте-
сі келтірілген.
Сфрагистика және геральдика еңбектері арасында
А.Б.Лакиердің еңбектері ерекше орын алады. А.Б.Лакиер 19 ға-
сырдың ортасында белгілі болған сфрагистика және геральдика
еңбектерін жинап біріктірген. Бірінші кітаптың екінші және
үшінші бӛлімдерінде А.Б.Лакиер 18 ғасыр дейінгі орыс мӛрлері-
не шолу жасаған, бірінші кітаптың бірінші бӛлігі және екінші
кітаптың барлық бӛлімдері геральдикаға арналған. Қазіргі кезде
А.Б.Лакиер жұмысы ескірген. Автордың жалпы тарихи концеп-
циясы 19 ғасыр ортасында орыс ресми тарих ғылымының даму
деңгейінен жоғары емес. Бұған қарамастан, А.Б.Лакиер еңбегі-
нің бірнеше артықшылықтары бар. Оларға автордың орыс мӛр-
лері мен елтаңбаларының таза ұлттық орыс мінезге ие екендігі
туралы ойы: ол орыс мемлекеттік мӛрлерінің эволюциясын
Орыс мемлекетінің дамуымен байланыстыруға әрекет жасайды.
ХІХ ғасырда мӛрдің алғашқы альбомдары жарияланды.
Мысал үшін, П.И.Ивановтың «Әділет министрлігінің Мәскеу
Архивында сақталатын грамоталармен басқа заңды акттарға
бекітілген кӛне мӛрлердің бейнелерінің жинағы» кітабында
ХІV-ХVІІІ ғасырдағы 500 мӛрдің бейнесі 20 кесте арқылы бе-
рілген. Бұл альбомға облыстық, қалалық мекемелердің, лауа-
зымды және жеке тұлғалардың мӛрлерінің суреттері енген.
«Сыртқы істер министрлігінің басты архивы тарапынан жарық
кӛрген кӛне орыс мӛрлерінің суреттерінде» жақсы деп баға-
лауға болады. Бұл альбомда кӛне орыс мӛрлерінің суреттері
жинақталған: мемлекеттік, патшалық, облыстың, мекемелердің
және жеке тұлғалардың. Екі альбом да бірін-бірі толықтырып
отырады.
ХV-ХVІІғғ. мӛр бейнелері үлкен маңызға ие. Суреттер
бойынша орталықтандырылған Орыс мемлекетінің пайда бо-
117
луына байланысты орыс мемлекеттік мӛрлерінің эволюциясын
кӛруге болады.
ХІХ ғасырдың ІІ-жартысында қалалық және облыстық
мӛрлер мен елтаңбаларды, сонымен қатар «Бүкіл Ресейлік им-
перияның дворяндарының жалпы елтаңбалары жинағына» ен-
гізілген дворяндар елтаңбаларын зерттеу жұмыстары басталды.
Бұл жұмыстардың ішінен А.В.Орешниковтың «Орыс сфрагис-
тикасына материалдар кітабын ерекше атап ӛту қажет (М,1903).
А.В.Орешников орыс нумизматтар арасындағы ең ірісі – сфра-
гистика мен нумизматика арасындағы байланысты және мӛр-
лерді тарих және археология үшін зерттеу мәнін кӛрсетті.
А.В.Орешников мӛрлерді зерттеу жұмысына қорытынды жа-
сап, княздардың, ХІ-ХҮғғ. монастырлардың мӛрлерін зерттеді,
баспадан шығарды. Оның жұмысы ӛте құнды зерттеу жұмысы
болып табылады. Онда бірнеше қызық бақылаулар бар және
керемет орындалған иллюстрациялары бар. А.В.Орешников қа-
зіргі уақытта жоғалып кеткен татар мӛрі туралы жазған.
А.А.Шахматов Новгород феодалдық республикасының
ХІІІ-ХІҮ ғғ.-дағы келісім грамоталары мен ХV ғасырдағы акт-
тарды зерттей келе оларға бекітілген мӛрлерді сипаттаған.
А.А.Шахматовтың сфрагистикалық ескертпелері үлкен маңызға
ие. Ол сипаттаған мӛрлердің кейбіреулерінің жоғалып кеткен-
дігін ескерсек, мұның маңызы арта түседі.
Облыстық және қалалық таңбаларды үйренуге Петербург
археологиялық институтының «Портреты, гербы и печати
Большой государственной книги 16721» (СПБ, 1903) кітабы
үлкен қызығушылық тудырады. «Үлкен мемлекеттік кітап»
келесідей толық тақырыпқа ие: «Үлкен мемлекеттік кітап не-
месе ресей мемлекетінің түбірі». Мұндай кітапты құрастыруға
қажеттілік Орыс мемлекетінде ХҮІІғ. ортасында пайда болды.
Шетел мемлекеттерімен дипломатиялық қарым-қатынаста бол-
ған Ресей үкіметі патша атағына аса мән берген және оның бар-
лық дипломатиялық құжаттарда болуын талап еткен. Сонымен
бірге, ол шетелдердің де нақты титулдарымен қызыққан. Осын-
дай атақтар (титул) мен елтаңбалар туралы мәліметті «Үлкен
мемлекеттік кітап, 1672 ж.» береді. Оның басқаша атауы «Ти-
тулярник».
118
«Титулярникте» барлық ұлы княздармен патшалардың
портреттері берілген, сонымен қатар, орыс мемлекетін елтаң-
басының, 33 облыстың, орыс патшасының иелігіне кірген жер-
лердің елтаңбалары берілген. Бұл жерде Орыс мемлекетінің
дипломатиялық қарым-қатынаста болған шетелдік билеушілер-
дің, олардың елтаңбаларының суреттері болған. Бұл баспа
үшін портреттерді икона жазушылар Иван Максимов пен
Дмитрий Львов дайындаған, елтаңбалармен безендірулерді
Григорий Благушин, Федор Локов және Матвей Андреев орын-
даған. Барлық жұмысқа жалпы басшылық жасаған Елшілік бұй-
рықтың үлкен алтынмен жазушысы Г.А.Благушин.
ХХ ғасырдың басында украин мӛрлерімен елтаңбаларын
зерттеуге арналған еңбектер жарық кӛрді. Олардың ішінен
А.С.Лаппо – Данилевскийдің Галицкий – Волынский княздігі
мӛрлерінің зерттелуін атап ӛту қажет. Автор 1316-1341жж. гра-
моталар мӛрлерін қарастырады, бұл мӛрлер Кенингберг және
Краков архивтерінде сақталған. Бұл мӛрлер галицкий –
волынский княздарына және олардың замандарына тиесілі бол-
ған. 1914 жылы суретші Е.И.Нарбут кішіресейлік елтаңбалар
жинағын
(гербовник)
шығарды.
Мұны
қарастырған
В.К.Лукомский және В.Л.Морзалевский. Бұл еңбекте бекітілген
яғни жалпы елтаңбалар жинағына енгізілген және бекітілмеген
елтаңбалар енгізілді.
ХХ ғасыр басындағы В.К.Лукомский және басқа елтаңба-
танушылардың еңбектері геральдиканың дамуына әсер етті, бі-
рақ ол қолданбалы ғылым ретінде қала берді. Сфрагистика бо-
йынша да кӛп материалдар жиналды, бірақ, жалпы алғанда
сфрагистиканың дереккӛздері жеткілікті дәрежеде зерттелген
еді.
Ұлы қазан социалистік тӛңкерісі тарих ғылымы үшін шек-
телмеген мүмкіншіліктер ашты. Тарихи дереккӛздер мен маркс-
тік-лениндік әдістеме негізінде жұмыс істеу кӛмекші тарихи
пәндердің және дереккӛзтанудың жасалуын қажет етті. Бірақ
шамамен алғанда 30-жж. ортасына дейін кӛмекші тарихи ғы-
лымдар және дереккӛзтану саласындағы жұмыстар буржуаздық
тарих ғылымымен байланысты болды.
119
Осы жылдардағы сфрагистиканы жасау саласында
Н.П.Лихачев ерекше орынға ие. Бұл кӛмекші тарихи ғылымдар
саласындағы маманға дипломатика және сфрагистика курста-
ры тиесілі. Бұл курстарда акттарды мӛлшермен растау сұрақ-
тары қарастырылған. Бұл курстарда Н.П.Лихачев Петербург
археологиялық институтында және оларды тӛңкеріске дейін
баспадан шығарды. Бірнеше ондаған жылдар барысында
Н.П.Лихачев тарапынан ӛзінің толықтығы жағынан бірегей
кӛне орыс және византия мӛрлерінің жинағы жасалды. Мұра-
жай, мұрағат, жеке-жеке топтамалар материалдарынан толыққан
бұл жинақты Н.П.Лихачев, фототиптік әдіспен «Сфрагисти-
калық альбом» түрде баспадан шығаруға дайындады. Альбом-
да 83 кестеде орналасқан 1265 орыс және византия мӛрлері
бейнеленген. Орыс мӛрлері 57 кестеде орналастырылған. Кесте-
лер бірнеше жылдар бойы материал жиналуы нәтижесінде да-
йындалды.
Альбомды
дайындауды
Н.П.Лихачевқа
А.В.Орешников іскерлік кӛмек кӛрсетті. «Сфрагикалық альбом-
ға» материалды сұрыптау Н.П.Лихачев тарапынан мӛрлерді
зерттеу жұмысының басталуы деп қаралды. Бірақ «Сфрагисти-
калық альбом» жүзеге асырылмай қалды. «Сфрагистикалық
альбом» кестелерін баспадан шығару 1917 жылы тоқтатылды.
Бұдан кейін ол тек архивтік құжат ретінде ғана қолданылуы
мүмкін болды. Альбомда жинақталған мӛрлерді зерттеу негі-
зінде Н.П.Лихачев үш бӛліктен тұратын «Орыс сфрагистикасы
тарихы үшін материалдар» кітабын шығармақшы болды. Бұл
кітаптардан біріншісі жақсы таныс, онда ХІ-ХІV ғғ. басындағы
княздік мӛрлер қарастырылған. Екінші кітап онша таныс емес,
бұл кітапты орыс сфрагистикасы туралы ӛте үлкен материал
жарияланған: ХІ-ХІV ғғ. орыс микрополиттерінің, епископта-
рының, посадниктердің мӛрлері және рулық белгілері бар
мӛрлер. Үшінші бӛлігі қолжазба күйінде қалды. Автордың сӛзі
бойынша, ол 9 очерктен тұруы керек еді, бұл очерктерде
Новгород, Псков, Тверь және Мәскеудің сфрагистикасы қарас-
тырылған.
Н.П.Лихачев «Сфрагистикалық альбомнан» және «Орыс
сфрагистикасы тарихы үшін материалдардың» үш басылым-
нан басқа осы басылымның тӛртінші кітабы ретінде «Сфра-
120
гистикалық альбомның сипаттамасын» баспадан шығаруды
болжады. Н.П.Лихачев альбомды сипаттады, ал оның маши-
налық жазумен жазылған 569 парақтан тұратын орыс бӛлігі
баспаға дайындалған еді. Ӛзінің ғылыми құндылығы, мате-
риалдарға байлығы, «Сфрагистикалық альбом» мӛрлерін бақы-
лауы және қорытынды жасауы жағынан бұл ӛз заманасы
үшін теңдесі жоқ жұмыс болып есептеледі.
Н.П.Лихачевтың сфрагистика сұрақтарына қызығуы кез-
дейсоқ емес. «Ол оның құжат тарихын және кӛне орыс әкімші-
лігі тарихын зерттеуі нәтижесінде заңды түрде пайда болды».
Н.П.Лихачевтың сфрагистика саласындағы еңбектері аяқ-
талмай қалды, соған қарамай, Н.П.Лихачев орыс сфрагистика-
сын ғылым ретінде қалыптастырды деп айтуға болады.
Н.П.Лихачев бай материал жинады, сақталған мӛрлердің кім-
ге тиесілі екендігін анықтады. Мұның нәтижесінде, орыс
сфрагистикасын жасаудың келесі кезеңіне ӛтуге болатын еді.
Бірақ Н.П.Лихачев қолданған кезде оның жұмыстары кейінгі
бірнеше онжылдықтарда ашылған жаңалықтарды қамтымаған-
дығын есте сақтаған жӛн. Н.П.Лихачев орыс сфрагистикасы-
ның басталуы туралы жасаған қорытындыларын сын тұрғы-
сынан қайта бағалаған жӛн.
30 жылдың 2-жартысынан бастап, тарихи дереккӛздерді
үйренудің күшейе түсуіне түрткі болған КСРО тарихы сұ-
рақтарын монографиялық қайта жасақтау басталды. Тарихи
ғылымның жалпы кӛтерілісі кӛмекші ғылымдарғада, соның
ішінде сфрагистика мен геральдикаға әсер етті.
Сфрагистика және геральдиканың сұрақтарын одан әрі
дамыту үшін тарихшылар және олардың тарихи дереккӛздер-
ді зерттеуіндегі мәніне назар аудару керек болды. Бұл міндет-
терді 30-40 жж. жарық кӛрген бірнеше жұмыстар атқарды.
Олардың ішінен А.С.Орловтың ХІ-ХҮ ғғ. орыс мӛрлерінің
библиографиясы бойынша жұмысын атап кетуге болады. Бұл
жұмысын ол «Қосалқы тарихи ғылымдар» жинағына орналас-
тырды.
Ұлы Қазан социалистік тӛңкерісінен кейін кейінгі ге-
ральдиканың
дамуындағы
айтарлықтай
табыстар
В.К.Лукомский атымен байланысты. Тӛңкерістің бірінші күні-
121
нен бастап, Елтаңба мұражайында, кейіннен қосалқы тарихи
ғылымдар кабинетінде істей отырып, әртүрлі заттарды – елтаң-
басы бар материалды ескерткіштерді және құжаттарды паспорт-
тау тӛлқұжаттандыру) қажеттілігіне кездесті, шығуы, кімге
тиесілі екендігі және күн айы (датировка) елтаңбалық сарап-
тама арқылы анықталды. Ширек ғасыр ішінде В.К.Лукомский
тарапынан шыққан артық сараптама жұмыстары жүргізілді.
Бұл жұмыстың қорытындысын В.К.Лукомский елтаңба
сараптамасына арналған мақаласында жазды. В.К.Лукомский
елтаңба арқылы материалдық мәдениет және құжаттардың ав-
торлығы сенімділігі жағдайында анықтауды қарастырады. Бұл
мақаланың құндылығы, мұнда тарихшы үшін елтаңбалардың
алатын орны кӛрсетілген және бұл білімдерді тәжірибеде қол-
дану жолдары берілген.
Геральдиканың Ұлы Қазан социалистік тӛңкерісіне дейін-
гі бағытта дамуы мүмкін емес еді. Геральдика алдында тұрған
проблемалардың ғылыми жасақтамасы тек қана қосалқы тарихи
ғылым ретінде ғана дамуы мүмкін еді. Геральдика құжаттарды
зерттеушілер және материалды мәдениет объектілерін зерттеу-
шілер алдындағы дереккӛзтану мәселелерін шешуге міндетті
еді. Бұл бағытта В.К.Лукомский еңбектерінде кӛрініс тапты.
Иван Федоровтың, Пушкиндер әулетінің бастаушысы – Радше
шығуы туралы жұмыстары осылай жазылған. Кӛрсетілген жұ-
мыстарда елтаңба тарихи дереккӛз рӛлін атқарды.
Елтаңбаның тарихи дереккӛзі ретінде В.К.Лукомскийдің
кішкене мақаласы арналған. Бұл жұмыс 1947 ж. жарық кӛрді.
Елтаңба дворяндар әулетінің генеологиясы бойынша құнды де-
реккӛз болып табылады. В.К.Лукомский ойы бойынша, елтаңба
сол әулеттің тарихын, келіп шығуын, таптық орнын кӛрнекі
түрде жеткізеді. Геральдиканың міндетіне елтаңбаның уақыт
және кімге тиесілі екендігін үшін анықтамалық аппарат жасау
кіреді.
В.К.Лукомский эмблематикалық елтаңбалар жинаған құру
қажет деп есептеді. Ол елтаңбаның 3 топтамасы енген «Эмбле-
матикалық елтаңбалар жинағын» құрастырды: жалпы рубастау-
лар, орыс, белорус және украин әулеттері меңгеріп алған по-
ляк-литва елтаңбалары, князьдар, граф және барондардың ел-
122
таңбалары. Кеңес тарих ғылымының сфрагистика және гераль-
дика алдында қойған міндеттері мӛрлер мен елтаңбаларды үй-
ренуге арналған кӛптеген жұмыстарда кӛрініс тапты. Сфрагис-
тика және геральдикалық жаңа сұрақтарын құрастыру ісіне
кеңес археологтарының қосқан үлесі мол.
Соңғы екі онжылдық ішінде Х-ХҮ ғғ. сфрагистика бо-
йынша ӛзінің жұмыстарын В.Л.Янин баспадан шығарды. Зерт-
теушілер Новгород мӛріне кӛбірек кӛңіл бӛледі. В.Л.Янин зерт-
теген барлық мәліметтерін жалпылап, «Новгородские посад-
ники» және «Актовые печати Древней Руси Х-ХVвв.» кітапта-
рында жариялады. Соңғы екі жұмыс кеңес сфрагистикасының
дамуында ерекше орын алады. Оның жұмыстарынан сфрагисти-
калық материалға талдау жасамай Кӛне Рус саяси тарихын одан
әрі зерттеу мүмкін емес» деген қорытындыға келуге болады.
Қала мӛрлері мен елтаңбалары тарихынын қарастыру
сұрақтарына А.В.Арциховский, В.К.Лукомский т.б. жұмыстары
арналған.
Сфрагистика бойынша жұмыстар жаңа мӛрлерді анықтау
барысында кӛбейеді және олар негізінен новгород материалда-
ры негізінде құрылған. Соңғы жылдарда сфрагистика ғылымы
мӛрлерді зерттеудің хронологиялық шекараларын кеңейтуге ты-
рысты.
Бұған
Н.В.Демидованың,
Р.В.Овчинниковтың,
Е.И.Каменцеваның ХVII-XVIIIғғ. мӛрлер туралы жұмыстары
арналған.
Қойылған проблемалар және зерттеу әдістемесі бойынша
Н.В.Демидованың кеден мӛрлері туралы еңбектері үлкен маңыз-
ға ие. Н.В.Демидова кӛптеген дереккӛздерді – мӛрлер матрица-
лары, құжаттардағы мӛрлерді пайдалана алды.
ХVІІІ ғасырдағы мекемелер мӛрлері – Мәскеу үлкен ке-
дені және Мемлекеттік тарихи мұражай жинағындағы
Запарожец әскерлері мӛрлеріне Е.И.Каменцеваның екі мақала-
сы арналған.
Р.В.Овчинниковтың, Е.И.Пугачевтың мӛрлері туралы
мақаласы қызығушылық тудырады. Сфрагистикалық әдебиетте
жарияланған кӛтеріліс басшыларының мӛрлері зерттелмеген.
Кӛрсетілен жұмыстар ХVІІ-ХХ ғасыр басындағы сфра-
гистикалық ескерткіштерді зерттеудің басталуы ғана екенді-
123
гін атап ӛту қажет. ХІХ-ХХ ғасыр басындағы мекемелердің
мӛрлері мүлдем зерттелмеген.
Соңғы онжылда зерттеушілер кеңес геральдикасына кӛбі-
рек назар аударуда. Кеңес елтаңбаларының жеке сұрақтарының
ғылыми жасақтамасы ХХ ғасырда құрыла бастады. Ұлы Отан
соғысынан кейін жарияланған мақалалар мен кеңес елтаңбасын
зерттеудегі белгілі кезең болып табылады. Олардың ішінен
В.И.Стрелькойдың 1949 ж. жарық кӛрген КСРО және кеңес
республикаларының мемлекеттік елтаңбасының ӛзгеруі тура-
лы жазған мақаласын атап ӛту қажет. 50 жыл соңы 60 жылдың
басында мемлекеттік мӛр және елтаңбаның құрылуы тарихы
туралы А.Н.Луппол және Е.И.Каменцеваның мақалалары жария-
ланды. Г.Кисилев және В.А.Лробишеваның РСФСР мемлекеттік
мӛрімен елтаңбасын жасаудағы В.И.Лениннің қатысуы туралы
жазған мақаласы кӛбірек қызығушылық тудырады.
Достарыңызбен бөлісу: |