136
635 жылы Батыс түрік қағанатының құрылтайында
«Он оқ
будун» аталатын рәміз ұраны қабылданған. Бұл қағанаттың туы
«Қош жалау» аталған. Кӛне түрік мемлекеттерінің туларында
негізінен қасқырдың басы бейнеленген. VI-VII ғасырларда кӛп
тараған бұл тулар
«Бӛрілі байрақ» деп аталған. Тудағы бұл бей-
не аңызындағы түріктердің арғы атасы болған кӛк бӛрінің (қас-
қыр) құрметіне салынған. Ежелгі түрік билеушілерінің бірі Уыз
ханның бір кездері алтыннан құйылған «Бӛрілі ту» деп аталған
рәмізі болыпты.
Аталған тарихи ескерткіш тулардың
тарихы XIII ғасырда
Даниядан басталады деген болжамды жоққа шығарады. Қазақ
мемлекеті билеушілерінің әр түрлі тулары болған.
Орта Азия
билеушісі Әмір Темірдің туының түсі кӛк болса, XVIII ғасыр-
лардағы Абылай ханның туы ақ болған.
Қазақтың XVII ғасырдағы
ұлы ханы Еңсегей бойлы ер
Есімнің туы қызыл екен. Бұл ту Алтын Орда билеушісі Орыс
ханнан қалған.
Ол кезде туды соғысқа бірге алып шығатын болған. Ту ұс-
тауға арнайы батырлар дайындалған. Елдің елдігін, тәуелсіздігін
білдіретін қасиетті тулар ұрпақтан-ұрпаққа
қалдырылып отыр-
ған.
Орта ғасырларда қазақ халқының құрамындағы әр ру,
тайпалардың ӛзіне тән таңбалары болған.
Бұл таңба сол рудың
ерекшелік белгі қызметін атқарған. Жалпы, осы таңбалар бізге
жеткен тарих кӛшінің белгісі болып табылады. Таңбалардың ат-
тары да әр түрлі болған. Мысалы,
«абақ», «тарақ» деген
таңба
атаулары кездеседі
.