Ж. Б. Аширбекова


жылға дейін заңдастырылған ӛлшем бірліктері



Pdf көрінісі
бет43/87
Дата22.09.2023
өлшемі1.58 Mb.
#478250
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   87
Kosalky tarihy pan Ashirbekov

1790 жылға дейін заңдастырылған ӛлшем бірліктері. 
Ежелгі Грецияда ӛлшем бірліктерін енгізу Салон (б.з.д. VІ ғ.) 
кезінде жүргізілген. Сол кездегі Грецияда ұзындық ӛлшем
297 мм-ге тең болған – фут болды. Алайда бұл ӛлшемдерді қол-
дану міндетті емес еді, себебі басқа да ӛлшемдер қолданылды. 
Грецияда пайда болған ұзындық кӛлем және салмақ ӛлшемдері 
кейін Батыс пен Солтүстікке таралды. Кейінгі кезде міндетті, 
бүкіл елдерде қолданылатын ӛлшем бірліктерін Англияда
1001 және 1215 ж; Францияда – 1321 ж. Аустрияда – 1438 ж. ен-
гізу орын алды, бірақ ешқайсысы жүзеге аспады. ХVғ. Аустрия-
да ӛлшем бірліктері әр қалада әр түрлі болды. ХІХ ғ. Германия-
да әлі де бір ӛлшем бірлігі болған жоқ. Мысалы, фут (ұз.ол) – 
0,25-тен – 0,33 м, фунт (салм) 0,46-дан – 0,51 кг болды. Міндетті 
ӛлшем бірлігі 1494 ж. Англияда пайда болды. ХVІ ғасырдың 
жартысында ұзындықпен масса бірліктері енгізілді: Францияда 
ұз.ол – туаз (1735 ж.), Ресейде масса-фунт енгізілді. Англияда 
ХVІІғ. пайда болған ұзындық пен салмақ бірлігі әлі ӛзгеріссіз 


159 
келеді. ХVІІІ ғ. дейінгі міндетті бірлігі жоқ болғандықтан сырт-
қы және халықаралық сауда қатынасы қиындық кӛрді. Сондық-
тан барлық елдерде 1-ден уақыт ӛте ӛзгермейтін, 2-ден эксплуа-
тацияға оңай болатын ӛлшем бірліктерін енгізу жұмыстары 
жүрді. 1670 ж. голландық ғалым Гюгенс ұзақ ӛлшем ретінде ма-
тематикалық маятниктің секундтық ұзындығын алуды ұсынды. 
Кейінірек ұзындық ӛлшемі ретінде құлаған заттың жолын 
ӛлшеуді ұсынған болатын. 
Метрлік ӛлшемдер. 1790 ж. Францияда оқу-ағарту кеңе-
сінде халық қызығушылығына байланысты бірдей ӛлшем бір-
ліктерін қолдану ұсыныстары айтылды. 
1771 ж. 26 наурызда Францияның ГА-ң Ұлттық кеңесінде 
ұзындық ӛлшемі енгізілді, ол метр деп аталды.
1791 ж. бұл ӛлшем бірлігінен кейін Дюнкерн мен 
Барселонада жоғарыда аталған ұзындық бойынша берік эталоны 
қабылданды. Кейінірек салмақтың берік эталоны 4 кг қабылдан-
ды, ол 4
0
С-тағы судың 1дм
3
тағы кӛлеміне тең болуы тиіс болды. 
Берік эталон 1799 ж. Франция республикасының мұраға-
тына жіберілді. Сондықтан оларды «мұрағаттық метр» және 
«мұрағаттық килограмм» атады. Оларды ұқыпты сақтап тек ма-
ңызды кездерде ғана қолданылды. 
Метр және килограмм ӛлшемдері ӛлшем бірліктерінің ма-
ңызды бӛлігі болды. Ұзындықты ӛлшеудегі қосымша атауларды 
(децл, санти, милли, дека, гекто және кило) Ван-Свинденнің 
ұсынысымен қабылдады. Біраз уақыт ӛткеннен кейін неміс ға-
лымы Бессель метр мен килограммды ӛлшеудегі, оның айтуын-
ша 40 млн. метр емес, (шамамен 0,08 мм.) одан сәл аз екенін 
дәлелдеді. Бұл қателіктен ғалымдар арасында берік эталонды 
ауыстыру керек пе деген сұрақ туады. 
ХІХ ғ. ортасында ӛлшемдер алдынғысынан соңғысы әр-
қашан ӛзгеріп отырғандығы белгілі болды: 1-ден геодезиялық 
ӛлшеу құрамының жетіліп отыруынан, 2-ден геодезиялық ӛл-
шеудегі дамудың қарқынды жүруі. Сондықтан эталондар да 
олардың кӛшірмелері де дәлме-дәл болмайды. Метрикалық ке-
ңесте 1872 ж. ешқандай ӛзгерістер енгізілмейтіндігі шешілді. 
Ұзындық ӛлшемі – метр, берік эталонын қалдырды сондай-ақ, 
салмақ мұрағатта сақталып тұрған килограмм ӛлшем пайдала-


160 
натындығы шешілді. Ӛлшемдердің барлығы, ХVІІІ ғасырдың 
соңында Францияда қабылданған, ӛлшем жүйесін құрды. Бұл 
жүйеге барлық физикалық ӛлшемдер кірді. Дегенімен қазіргі 
кезде ол жүйе сәл ӛзгеше болды. Кейбір ӛлшем бірліктері қазір-
де қолданылып келеді. Мысалы, метр және килограмм. Бұл ӛл-
шем бірліктерін қолданылуда, табиғи, ӛзгермейтін ұзындық ӛл-
шемін енгізу ойы болды. Бұл бірлік біріншіден ӛзгермейтін, 
екіншіден қалпына келе алатын болуы тиіс болды. Сондықтан 
метрикалық жүйеде теориялық ӛлшем бірлігі, сонымен қатар 
эталон жасау мүмкіндігі жасанды.Жоғарыда айтылған теория-
лық бірлік пен практикалық ӛлшемнің ұқсастығы болу керек, 
бірақ теориялық ұзындық және масса бірлігінде бүтін мен бӛл-
шекті қолдану ӛте күшті идея болды және Гауссқа ары қарай, 
бір ӛлшем бірлігін құруға мүмкіндік берді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   87




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет