165
ректерден, сондай-ақ ӛлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң ӛзге де
мемлекеттiк қызметтерiнен;
3) мемлекеттiк
басқару органдарының, жеке және заңды
тұлғалардың метрологиялық қызметтерiнен;
4) ӛлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-
аудиторлардан;
5) ӛлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында консалтинг-
тiк қызметтер кӛрсететiн заңды тұлғалардан тұрады.
Мемлекеттiк метрологиялық қызмет жүйесі
келесілерден
тұрады:
1) стандарттау метрология және сертификаттау жӛнiндегi
уәкiлеттi органнан және оның аумақтық бӛлiмшелерiнен;
2) шама бiрлiктерiнiң мемлекеттiк эталондарын жасауды,
жетiлдiрудi, сақтауды және қолдануды, шама бiрлiктерiнiң
мӛлшерлерiн беру жүйелерiн құруды қамтамасыз ететiн, ӛлшем
бiрлiгiн қамтамасыз ету жӛнiндегi нормативтiк құжаттарды
әзiрлейтiн, шама бiрлiктерiнiң эталондарын, ӛлшем құралдарын
салыстырып тексеру мен калибрлеу нәтижелерiн салғастыруды,
шама бiрлiктерiнiң эталондарын және жоғары дәлдiктi ӛлшем
құралдарын
салыстырып тексерудi, ғылыми-зерттеу жұмыста-
рын, кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру мен қайта даярлауды
жүргiзетiн мемлекеттiк ғылыми метрологиялық орталықтан;
Мемлекеттiк басқару органдарының, жеке және заңды
тұлғалардың метрологиялық қызметтерi
1. Мемлекеттiк басқару органдары, жеке және заңды тұл-
ғалар қажет болған жағдайларда ӛлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету
жӛнiндегi жұмыстарды орындау, сондай-ақ метрологиялық ба-
қылауды жүзеге асыру үшiн метрологиялық қызметтер құрады.
2. Мемлекеттiк басқару органдарының, жеке және заңды
тұлғалардың метрологиялық қызметтерiнiң
жұмысы уәкiлеттi
органмен келiсiлген нормативтiк құжаттарға сәйкес жүзеге
асырылады.
Мемлекеттік метрологиялық қадағалау мен бақылау.
Метрологиялық ережелер мен нормалардың орындалуын мемле-
кеттік метрологиялық қадағалау мен бақылау іске асырады.
Метрологиялық бақылау - мемлекеттік басқару органда-
рының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызмет-
166
тері метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын тек-
серу мақсатында жүзеге асыратын қызмет.
Достарыңызбен бөлісу: