Ж. Б. Аширбекова


Метрология туралы жалпы түсінік



Pdf көрінісі
бет39/87
Дата22.09.2023
өлшемі1.58 Mb.
#478250
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   87
Kosalky tarihy pan Ashirbekov

Метрология туралы жалпы түсінік. Метрология (грек-
ше meron – ӛлшем және logos – сӛз, ілім) – ӛлшеу туралы, ӛл-
шеудің ұғымы бірлігі мен қажетті дәлдікке жету тәсілдері ту-
ралы ғылым. Метрологияның негізгі мәселелеріне: ӛлшеудің 
жалпы теориясы, физикалық шамалардың және оның жүйелері-
нің бірліктерін ұйымдастыру, ӛлшеудің әдістері мен құралдары, 
ӛлшеудің дәлдігін анықтау әдістері (ӛлшеудің қателіктер тео-
риясы), ӛлшем бірлігін және ӛлшем құралдарының метрология-
лық жарамдылығын қамтамасыз ету, эталондар мен ӛлшеу 
құралдарының үлгілерін жасау, эталондарды бірлік ӛлшемдерін 
тарату әдістері жатады.
Метрология ғылымын ӛзара үш бӛлімге бӛледі: 
1. Теориялық метрология дегеніміз – ӛлшеу, ӛлшеу әдіс-
тері және ӛлшем бірліктерін ӛңдеу, жаңартумен айналысатын 
метрологияның бір бӛлімі. 
2. Қолданбалы метрология – әр саладағы теориялық зерт-
теулердің, нәтижелердің практикада қолданылуын қарастыра-
тын бӛлім. 
3. Заңдық метрология – мемлекетте қолданылуға арналған 
мемлекеттік ӛлшем бірліктерін, ӛлшеу әдістерін және ӛлшем 
МЕТРОЛОГИЯ 
Теориялық 
метрология 
Қолданбалы 
метрология 
Заңдық 
метрология 


150 
құралдарын пайдалануға мемлекет тарапынан қойылатын та-
лаптарды қабылдап, бекітетін бӛлім. 
Метрологияның негізі – ӛлшеу. Ӛлшеу дегеніміз арнаулы 
техникалық құралдың кӛмегі арқылы тәжірибелік жолмен физи-
калық шаманың мәнін анықтау. Мысалы, қарапайым жағдайда 
сызғышты қою арқылы оның бӛліктерімен басқа заттың ӛлше-
мін алу. 
Ӛлшеу жүргізу үшін ӛлшенетін физикалық шама, ӛлшеу 
әдісі, ӛлшем құралы және ӛлшеуге қажетті шарттар болуы ке-
рек. Ӛлшеудің мақсаты қолдануға қолайлы формада физикалық 
шаманың мәнін алу. Шаманың сандық мәнін алу әдісіне қарай 
барлық ӛлшеулер 4 түрге бӛлінеді: 
1) тура ӛлшеу – физикалық шаманың мәнін ӛлшеуіштің 
ӛзінен табатын ӛлшеу. Мысалы, заттың ұзындығын сызғыш не 
микрометр кӛмегімен ӛлшеу; 
2) жанама ӛлшеу – шама мәнін сол шамаға функционал-
ды байланысқан басқа физикалық шаманы тура ӛлшеу нәтиже-
сінде алу. Мысалы, қозғалыс жылдамдығын ӛлшеу (ол үшін жү-
рілген жол мен уақытты тура ӛлшейміз); 
3) жинақтық ӛлшемдер – бірнеше бірдей шамалардың бір 
мезгілде ӛлшенуі кезінде ӛлшенетін шама мәнін әртүрлі қосы-
лыс ӛлшеулерде алынған теңдеулер жүйесін шешу арқылы алу
4) қатар ӛлшеу – бір мезгілде жүргізілетін екі не одан да 
кӛп бірдей емес шамалар арасындағы тәуелділікті анықтау үшін 
жүргізілетін ӛлшеу; 
Ӛлшеу шартына қарай ӛлшеу 2-ге бӛлінеді. 
1. Түйіспе ӛлшеу – аспаптың сезгіш элементі ӛлшеу 
объектісімен түйісуіне негізделген ӛлшеу. Мысалы, дене темпе-
ратурасын термометрмен ӛлшеу. 
2. Түйіспесіз ӛлшеу – ӛлшем құралының сезгіш элементі 
ӛлшеу объектісімен түйіспеуіне негізделген ӛлшеу. Мысалы, 
домна пешіндегі температураны пирометрмен ӛлшеу. 
Ӛлшеулер жалпыға бірдей ӛлшем бірліктерімен жүргізілуі 
тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   87




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет