Ж. Б. Аширбекова


Заңды ӛлшемдердің пайда болуы



Pdf көрінісі
бет42/87
Дата22.09.2023
өлшемі1.58 Mb.
#478250
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   87
Kosalky tarihy pan Ashirbekov

Заңды ӛлшемдердің пайда болуы. Ерте заманда алғашқы 
рет уақытты, аудандарды, қашықтықтарды, кӛлемдерді және 
салмақтарды ӛлшей бастаған. Ертедегі ӛлшем жүргізудің алғаш-
қы түрі ретінде шамаларды, нәрселерді бір-бірімен салыстыру 
алынған. Ӛлшем ретінде адамның денесінің түрлі бӛліктерінің 
ұзындығы, яғни шынтақ, табан, саусақ ұзындықтары және т.б. 


155 
жүрген. Алыс қашықтықтарды ӛлшеу үшін жебенің ұшу ұзын-
дығы, бір күнде жүрілген жол есептелген. Ертеде мәдениеті 
күшті дамыған Қытай, Вавилон, Египет сияқты елдерде ӛлшем-
дер мен ӛлшем бірліктері кеңінен қолданылған. Вавилонда (біз-
дің эрамызға дейін 2000 жыл) күнді 24 сағатқа, сағатты 60 ми-
нутқа, ал минутты 60 секундқа бӛлген. Осы вавилондық ӛл-
шемдер Грекияға, Римге және т.б. жерлерге тараған. Мемлекет-
тер арасындағы сауда-саттықтың, ӛнер түрлерінің дамуы бір 
ӛлшемдерге келуге мәжбүр етті. Орта ғасырларда ӛлшемдер би-
лігін ел билеуші бекітіп отырған. Мысалы «рулетка» - ағылшын 
тілінде «рулер» билеуші. Ал египеттіктер ұзындық ӛлшемі ре-
тінде «шынтақты» қолданған, ол Перғауын қолының саусақ 
ұшының шынтаққа дейінгі аралығы. Пирамидаларды салғанда 
тастардың енін, ұзындығын шынтақпен ӛлшеген. Ағылшын ко-
ролі І Генрих ӛзінің үлкен саусағының ұшы мен мұрнының 
ұшына дейінгі аралықтағы ұзындықты ярд (91см) деп белгіле-
ген.

(
*
Депман И. Ӛлшемдер және метрлік жүйе, М: 1953 ж.
28 бет.)1790 жылы Францияның ұлттық жиналысына негізгі 
ұзындық ӛлшемінің бірлігі ретінде табиғаттағы прототип алын-
сын деген ұсыныс түсті. Осы мәселені шешуге құрылған комис-
сия осындай ұзындық бірлігі ретінде Париж меридианы шире-
гінің он миллионнан бір бӛлігін алуға ұсыныс жасады. Осы бір-
лік ұлттық жиналыста қабылданып, метр деп аталды. 1792 жы-
лы арнайы комиссия Париж меридианының Дюнкерк пен 
Барселона арасындағы бӛлігін ӛлшей бастады. Бұл жұмыс
1799 жылы аяқталды. Осы ӛлшеулердің нәтижесінде платинадан 
метр мен килограмның үлгілері жасалды. 1 кг. -дық масса ретін-
де 4
0
С-дағы таза судың 1 дм
3
кӛлемін алуға келісілді. Үлгілік 
метр мен килограмм Франция республикасының архивіне тап-
сырылып, келешекте архивтік деп аталды

(
*
Шоқаев С. ―Метро-
логия және метрлік ӛлшемдер‖ оқу құралы, Алматы, РБК
1998 ж. 3-4 бет). 
1875 жылы 20 мамырда 17 мемлекет метрлік конвенцияға 
қол қойып, халықаралық ӛлшемдар және салмақтар бюросын 
ұйымдастырды. 1889 жылы платина (90) мен иридий (10) қоспа-
сынан цилиндр түрінде метрлер (34 дана) және үлгілік килог-
рамдар (43 дана) жасалып бітті.


156 
Уақыт бірлігі ретінде орташа күндік тәуліктің 1/86400 
бӛлігіне тең секундта алынады. Секундтың тура шамасын табу 
қиын, ӛйткені ол жердің айналымына байланысты. Іс жүзінде 
секундты жұлдыздар тәулігінен анықтауға болады. Жұлдыздар 
тәулігі дегеніміз қандай да болмасын жұлдыздың Жер меридиа-
нын екі рет айналып ӛтуіне кететін уақыт. Бұл уақыт аралығы – 
сидерикалық тәулік деп аталып, 86164 секундқа тең. 
Уақыт ӛтіп, заман ӛзгерген сайын неше түрлі физикалық, 
химиялық құбылыстар ашылып, зерттеліп, табиғаттың жаңа заң-
дары пайда болды. Осы құбылыстарды сипаттайтын кӛрсеткіш-
терді ӛлшеп, ӛлшем бірліктерін анықтап бекіту керек болды. 
Сондықтан XVII ғасырда ауаның қысымын ӛлшейтін барометр-
лер, ылғалдылықты ӛлшейтін гигрометрлер, температураны ӛл-
шейтін термометрлер ойлап табылды. XVIII ғасырда динамо-
метрлер, калориметрлер, сәуле кӛрсеткіштерін ӛлшейтін аспап-
тар пайда болды. Бу машиналары және механикалық қозғалт-
қыштарды ойлап тапқанда қуат пен жұмыста ӛлшеу үшін ат 
күші, фут деген ӛлшем бірліктері алынды. XIX ғасырдың аяғын-
да, ХХ ғасырдың басында радиоактивтік бӛліну құбылысы, 
рентгендік сәулелену ашылып, молекулалық, атомдық және яд-
ролық деңгейдегі ғылыми зерттеулер жүре бастады.
1960 жылы ӛлшемдер мен салмақтар бойынша ХІ-ші бас 
конференцияда халықаралық бірліктер жүйесі – СИ қабылдан-
ды. Алты негізгі: ұзындық (м), масса (кг), уақыт (с), электр тогы 
күші (А-ампер), термодинамикалық температура (К-кельвин), 
жарық күші (кд-кандела) бірліктері бекітілді.
1971 жылы таразылар мен ӛлшеуіштер бойынша бас кон-
ференция СИ жүйесіндегі жетінші бірлік қабылданды, ол зат 
мӛлшерінің бірлігі (моль) еді. 
Қазіргі заманғы ғылым мен техниканың дамуы жабдық-
тардың күрделенуімен, машиналар мен аспаптардың бірімен-
бірі тығыз байланысты жүйесін пайдалану және оларды әртүрлі 
қиын жағдайларда қолданумен жалғасып жатыр.
Тарихтың әр кезіндегі ӛлшеулер мен ӛлшем құралдары 
сол кездегі шаруашылыққа, қоғамдық, діни және басқа да ӛмір-
лік факторлерге байланысты ӛзгеріп отырды. 


157 
Ертеректегі күшті құрылыс жұмыстары, мысалы: Ніл ӛзе-
ніндегі гидротехникалық құрылыс, храмдарды соғу, сарайларды 
және табыттарды соғу Египетте тек ӛте жақсы дайындалған кӛ-
лемдік, ұзындық жоғарыдан дәл ӛлшенгеннен кейін жүрген. 
Сауда жұмысын сызықтық және кӛлемдік ӛлшемдерсіз 
елестету, яғни ұзындық, кӛлем, салмақ ӛлшемдері және солар-
дың технологияларысыз елестету мүмкін емес. Салмақты ӛлшеу 
үшін таразы, ұзындық үшін – ӛлшем бірліктері, кӛлем үшін – 
кӛлем бірліктері керек.
Б.з.д. V мың жыл бұрын Египетте Ніл ӛзенінде кӛптеген 
жұмыстар жүргізілді: Балшықтарды кептіру, су ресурстарын 
қадағалау. 
Б.з.д. VI мың жыл бұрын Египетте сол уақыттағы күшті 
құрылыстар жүргізілді: Хуфу пирамидасы (б.з.д 3730 ж.) Хофра 
пирамидасы (б.з.д. 3666 ж.) Пирамидалардың ішіндегі ең үлкені 
– Хуфу пирамидасы (Хеопс) – квадрат тәріздес ұзындығы
227,5 м,- биіктігі 137,2 м. Ол Ніл ӛзенінің қарсы жағадан келе-
тін, ауыр тас плиталарынан соғылған. Хуфу пирамидасын салу 
үшін, Геродоттың айтуы бойынша, 100000 құл жұмыс жасап, ол 
20 жыл кӛлемінде соғылған. Кӛлемі 7100000 м
3
болатын Хуфу 
пирамидасына 17750000 т. тас кеткен. 
Египеттің ежелгі ӛлшемдері (шынтақ) құрылыс және пат-
шалық құрылыс деп аталған яғни патшалық бірлік болған. Пат-
шалық шынтақтың ұзындығы – 525 мм. (52,5 см)-ге жуық бол-
ған. Ол кезде бұл ұзындық міндетті болған жоқ, сондықтан 
саудада бұдан кішілері қолданыла берді. Сол кездегі Египетте 
патша шынтағы ӛлшеммен басқа – кіші шынтақ болды, ұзынды-
ғы 450 мм (45 см). 
Ауданды ӛлшейтін ӛлшем – арура деп аталды. Арура пат-
ша шынтағы мен ӛлшегенде тӛртбұрыштың ауданын білдіреді. 
Ол – 2756 м
2
тең болды. 
Сыйымдылық ӛлшемі – тең ол 912 тең болды. 
Қорытындылай келе Египеттегі ӛлшем бірліктері туралы 
мынаны айтуға болады: 
1. Египеттіктердің ӛлшем бірлігін олардың ең бірінші 
ойлап тауып, заңдастырылған және ол пайдаланылды. 


158 
2. Оларға сызықтық ӛлшемдерді пайдаланып құрылыс 
жүргізу жатады (тұңғыш рет). 
3. Ежелгі Вавилондағы ӛлшемдер. 
Б.з.д. ІІ мың ж/а Вавилонның мәдениеті тез қарқынмен 
дамыды. 
Мысал ретінде б.з.д. ІІІ ғасырда салынған Вавилон қала-
сын алуға болады. Бұл қала 22,4 км-к жанды тӛртбұрыш ауданда 
салынды. Қалада 2-3 қабатты үйлер салынған, параллель орна-
ласқан кӛшелер болды. Бүкіл қала кірпіштен соғылған 2 қатпар-
ласқан қабырғамен қоршалды, оның жоғарғы бетінің ені 6-7 м 
болады. Сол кездің ӛзінде Вавилонда металды қайнатып, одан 
құйылған заттар жасай алған. Вавилон метал ӛңдеу орталығы 
болып саналды. Металдан жасалған заттар сыртқа шығарылып 
отырды. Вавилонда, сол кезде сауда тауар кӛлемі және олар 
алуан түрлілігінен маңызды орынды алды. Тарихшылардың ай-
туы бойынша сол кездің ӛзінде түсі мен суреттері кӛпке сақта-
латын маталар, нан, мақта, саз ыдыстар сатылды және т.б. 
Әйгілі архитектуралық құрылыстар, ӛте жақсы сауда 
Вавилонда тек ӛте күшті жасалған ӛлшем бірліктері арқасында 
дамыды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   87




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет