171
руге жатпайды. Мұндай техникалық
құралдардың жарамдылы-
ғын бақылауды оларды пайдаланушылар жүзеге асырады.
Ӛлшем құралдарын калибрлеу. Ӛлшем құралын калибрлеу -
ӛлшем құралының метрологиялық сипаттамасының шын мәнін
және (немесе) мемлекеттік метрологиялық бақылауға жатпай-
тын ӛлшем құралының қолдануға жарамдылығын анықтау мақ-
сатында сол ӛлшем құралының кӛмегімен алынған шама мәні
мен эталон арқылы анықталған шаманың тиісті мәні арасындағы
ара қатынасты белгілейтін операциялар жиынтығы.
Салысты-
рып тексеруге жатпайтын ӛлшем құралдары ӛндiруден немесе
жӛндеуден шыққанда, импорт бойынша әкелiнгенде,
пайдала-
нылу кезiнде, осы ӛлшем құралдарының әзiрлеушiсi, иесi немесе
тұтынушысы белгiлеген тәртiппен калибрленедi. Ӛлшем құрал-
дарын калибрлеудi шама бiрлiктерiнiң мемлекеттiк эталондары-
на бағындырылған эталондарды пайдалана отырып, аккредит-
телген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерi жүргізеді.
Ӛлшем құралдарын калибрлеу нәтижелерi ӛлшем құралдарына
басылатын калибрлiк белгiмен немесе
метрологиялық сипатта-
малардың шынайы мәндерi мiндеттi түрде кӛрсетiлетiн калибр-
леу туралы сертификатпен, сондай-ақ пайдалану құжаттарын-
дағы жазумен куәландырылады.
Достарыңызбен бөлісу: