Ж. Б. Аширбекова


Д.И.Менделеевтің метрологиялық реформасы және



Pdf көрінісі
бет52/87
Дата22.09.2023
өлшемі1.58 Mb.
#478250
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   87
Kosalky tarihy pan Ashirbekov

Д.И.Менделеевтің метрологиялық реформасы және 
оның ӛлшем бірлігін қамтамасыз ету жҥйесінің қалыптасуы 
мен дамуына қосқан ҥлесі. «Ӛнеркәсіпте және саудада қолда-
нылып жүрген таразылар мен ӛлшеуіштер жүйесін реттестіру 
мемлекеттің ӛндірістік күшін дамытатын әртүрлі ӛнеркәсіптік-
сауда 
қатынастарын 
реттеуге 
алып 
келеді» 
деп
Д.И.Менделеев айтқандай 2009 жылы 175 жылдық мерейтойы 
болған Ұлы орыс ғалымы Д.И.Менделеев әлемге энциклопедия-
лық қордың ғалымы ретінде кеңінен таныс: химиялық элемент-
тердің периодтық жүйесін құрған - ұлы химик, бірінші санат-
тағы физик, гидродинамика, геология және химиялық техноло-
гиялар саласындағы зерттеулердің авторы, химиялық, мұнай, 
таскӛмір ӛнеркәсібінің білгірі, экономист, сонымен қатар кере-
мет педагог және М.А.Шателенше айтсақ «ұлы метролог»
*
(
*
Шателен М.А./ Менделеев метролог ретінде// Д.И.Менделеев 
– қазіргі метрологияның негізін қалаушы/ М.: Стандарттар бас-
пасы, 1978 ж. – С.56 бет.). 


181 
Д.И.Менделеевтің метрологияға келуі кездейсоқ емес еді, 
ол ғалымның кӛп жылдық шығармашылық еңбек жолының ло-
гикалық түрде аяқталуы болды. Бұлай деуімізге оның бұрынғы 
жұмыстары сияқты, 1880-1890-шы жылдары жасаған жұмыста-
рын талдап саралауымыз себеп. 
XIX-XX ғғ. аралығында Ресейде ӛнеркәсіптің деңгейінің 
кӛтерілуі байқалды. Бұл кездері елдің барлық ӛнеркәсіптік 
дамуын Қаржы министрлігі жүзеге асырды, сонымен қатар 
министрлік қарауында алғашқы мемлекеттік метрологиялық 
ұйым – таразылар мен ӛлшеуіштер үлгілерінің Депосы болды.
Қаржы министрлері И.А.Вышнеградский (1887–1892 жж.), одан 
кейін С.Ю.Витте (1892–1903 жж.) Д.И.Менделеевті тәжірибелі 
ғалым ретінде жоғары бағалай отырып, оны жалпымемлекеттік 
маңызы бар негізгі мәселелерді (кеден тарифін жобалау, жаңа 
оқу орындарын ашу, әртүрлі сауда ӛнеркәсіптік кӛрмелерде экс-
перт немесе әділқазы мүшесі ретінде қатысу, дағдарыстан шығу 
мақсатында мұнай және тау ӛнеркәсібін зерттеу, т.б.) шешуге 
және талқыға салуға тартты.
Даму үстіндегі ӛнеркәсіпке, ішкі және сыртқы саудаға 
«біртұтастықты, сенімділікті және ӛлшем мен салмақтың ӛзара 
сәйкестігін» қамтамасыз ететін тиімді мемлекеттік метрология-
лық жүйе, қазіргі терминология бойынша айтсақ – ӛлшемдер 
тұтастығы қажет болды. Қаржы министрлігі мұндай маңызды 
тапсырманы орындауды Д.И.Менделеевке жүктеді. 
Осылайша, 1892 жылы 19 қарашада 58 жастағы ғалым ал-
ғаш рет мемлекеттік қызметке тұрады. Ол таразылар мен ӛлше-
уіштер үлгілері Депосының басшысы болып орналасады. Бұл 
туралы 1905 жылы Д.И.Менделеевтің ӛзі былай дейді: «Маған 
таразылар мен ӛлшеуіштер жұмысын реттеуді тапсырғалы бері 
бұл істі үлкен қызығушылықпен атқарудамын, ӛйткені мұнда
ғылым 
мен 
практика 
ӛте 
тығыз 
байланысқан»
*
 
(
*
Д.И.Менделеев / Метрлік жүйені енгізу туралы // М.,1950 ж.–
Т22.,121бет). Метрологиялық реформаға кіріспес бұрын ғалым 
таразылар мен ӛлшеуіштер үлгілері Депосының академигі 
А.Я.Купфер (1842–1865жж.) және профессор В.С.Глуховтың 
(1865–1892 жж.) еңбектерімен жіті танысып, алғашқы эталон-
дардың жай-күйі мен сенімдеу ұйымдарының, сондай-ақ еуропа-


182 
лық метрологиялық ұйымдардың жұмыстарын зерттеп шықты. 
Нәтижесінде, реформаның келесі негізгі бағыттары анықталды: 

физикалық шама бірліктері эталондарының барынша 
жетілдірілген және кеңейтілген жаңа ұлттық қорын құру

мемлекеттің ғылыми метрологиялық орталығының – Та-
разылар мен ӛлшеуіштер бойынша Бас палатаның негізін қалау; 

метрология саласына жаңа заң енгізу; 

жаңа типті сенімдеу орталықтарын ашу; 

мемлекетті шама бірліктерінің халқаралық метрлік жү-
йесіне ӛткізуге дайындау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   87




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет