Ж. Б. Аширбекова


Кеңес ӛкіметі тҧсындағы ӛлшем жҥйесі. 1924



Pdf көрінісі
бет55/87
Дата22.09.2023
өлшемі1.58 Mb.
#478250
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   87
Kosalky tarihy pan Ashirbekov

Кеңес ӛкіметі тҧсындағы ӛлшем жҥйесі. 1924,
1934 жылдары қабылданған «Ӛлшем мен таразылар» тура-
лы заңдар. Ресей Кеңес Федеративтік Социалистік Республика-
сының Халықтық Кеңесі В.И.Лениннің бұйрығымен 1918 жылы 
14 қыркүйекте ―Таразылыр мен ӛлшемдердің халықаралық он-
дық метрлік жүйесін енгізу туралы‖ декреті қабылданды
1
(
1
―Ке-
ңес ӛкіметінің декреттері‖ 1957, №183, 306 бет.). Осы декретте 
былай делінген: ―Ресей Кеңес Федеративтік Социалистік 
Республикасының барлық аймағында жүргізілетін барлық ӛл-
шемдер таразылыр мен ӛлшемдердің халықаралық ондық метр-
лік жүйесіне негізделіп жүргізілсін‖ және ―ұзындық бірлігі ре-
тінде метр, ал салмақ (масса) бірлігі ретінде килограмм қабыл-
дансын. Метрлік жүйенің негізгі үлгілері ретінде халықаралық 


188 
метрдің №28-ші кӛшірмесі, ал халықаралық килограммның 
№12-ші кӛшірмесі алынсын‖.
1918 жылы 14 қыркүйекте қабылданған декретті жүзеге 
асыру үшін тӛмендегідей жұмыстар атқарылуы тиіседі: 
 миллиондаған кір тастары мен сызықтық ӛлшеуіштер-
ді жасау, дайындау немесе ауыстыру; 
 оларады клеймалау және сенімдеумен қамтамасыз ету, 
ол үшін сенімдеу орталықтарының жүйесін құру керек еді; 
 осы орталықтарды жабдықтау үшін үлгілік 
құралдарды дайындау; 
 метрлік жүйе бірліктерінің эталондарын құру және осы 
бірліктердің ӛлшемін беру үшін құралдар жасау; 
 барлық техникалық құжаттамаларды қайта жасау және 
ӛнеркәсіптік кәсіпорындардағы ӛлшеу жабдықтарын қайта 
ұйымдастыру, ӛлшем құрал ӛндірісімен қамтамасыз ету; 
 метрлік жүйені халық арасында насихаттау және оқы-
ту үшін кӛптеген брошюралар, кестелер мен кітаптарды басып 
тарату. 
КСРО-ң барлық ұйымдары метрлік жүйені 1919 жылдың 
1-ші қаңтарынан бастап енгізуі бұйырылды. Техникалық жағ-
дайларға байланысты метрлік жүйені қолдануға мүмкіндігі бол-
маса, бұрынғы ӛлшеу жүйесін ―метрлік жүйеге ӛту 1922 жыл-
дың 1-ші қаңтарына дейін аяқталсын‖ деген шартпен қолдануға 
рұқсат етілді. Ағарту ісі бойынша Халықтық комиссариат бар-
лық типтегі мектептерді жаңа метрлік жүйемен таныстыру үшін 
кең түрде теоретикалық және практикалық іс-шаралар ұйымдас-
тыруы керек болды. Сонымен қатар қарапайым халық арасында 
да метрлік жүйенің беделін арттыру керек болды.
Осы декрет бойынша 1922 жылдың 1-ші қаңтарынан бас-
тап орыс ӛлшемдері мен кір тастарын шығару тоқтатылып, ал 
1923 жылдың қаңтарынан бастап олардың сатылуын тоқтату ке-
рек еді. 1924 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап елде метрлік жү-
йеден басқа ӛлшемдерді қолдануға тыйым салынды. Сондай-ақ 
декретте ―Метрлік жүйенің енгізу мен қолдану жӛніндегі бар-
лық мәселелерді шешу үшін‖ сауда және ӛнерәсіп Халықтық 
комиссариаты (ХалКом) жанынан Ведомостваралық метрлік 
комиссияның құрылуы қажет екендігі анықталды. Комиссия 


189 
құрамына халықтық шаруашылықтың Жоғарғы кеңесінен және 
комиссариаттан: қаржы, әскери істер, ағарту ісі, егін шаруашы-
лығы, почта және телеграф істері бойынша ӛкілдер кіргізілді. 
Ведомостваралық метрлік комиссияның міндетінде реформа 
жүргізу болды. Комиссия ӛлшемге қатысы бар барлық мүдделі
ұйымдарды басқару үшін құрылған еді. Ведомостваралық метр-
лік комиссияға ―Бас палатамен техникалық қарым-қатынаста 
бола отырып халықты ең қысқа мерзімде метрлік жүйенің тара-
зылары мен ӛлшеуіштерімен қамтамасыз ету үшін іс-шаралар 
жүргізу‖
*
тапсырылды (
*
―Кеңес үкіметінің Декреттері‖, ІІІ-
ші том, №183, 307 бет).
Алайда бұл істі орындауға Сауда және ӛнеркәсіп жӛнін-
дегі Халықтық комиссариаттың қарамағындағы Ведомоствара-
лық метрлік комиссияның біліктілігі жеткіліксіз болды. Сондық-
тан Халықтық комиссариат Кеңесі дайындап, 1920 жылы 19 қа-
занда В.И.Ленин бекіткен декрет бойынша Комиссия ВСНХ-ң 
Ғылыми-техникалық бӛліміне тапсырылды. 1920 жылдары
ВСНХ-ң Ғылыми-техникалық бӛлімінің қарамағына Таразылар 
мен ӛлшем бойынша Бас палата да кіретін.
Алайда 1922 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап елде болған 
азаматтық соғыс пен әскери интервенциядан туған шаруашылық 
бүлініске байланысты Комиссия метрлік жүйені толықтай енгізе 
алмады. Реформаны орындау айтарлықтай қаржы мен материал-
дық ресурстарды қажет етті. Мысалы, тек метрлік кір тастардың 
қажетті қорын дайындау үшін 4,5 млн. пуд-қа жуық шойын ке-
рек болды.
Азаматтық соғысы мен әскери интервенция біткен соң ға-
на елде метрлік жүйені енгізуге жақсы мүмкіндік пайда болды. 
1922 жылдың басына қарай ғана Ведомостваралық метрлік ко-
миссияның алдына қойылған барлық міндетті атқаруға күші 
жетпейтіні белгілі болды. Сӛйтіп халық шаруашылығына қа-
жетті метрлік құралдарды дайындап, сақтай алатын орган құру 
қажеттілігі туындады. Осы мақсатта 1922 жылы сәуірде метрлік
ӛлшеуіштер мен таразыларды дайындайтын және сататын Мем-
лекеттік контора – ―Госмер‖ құрылды. ―Госмер‖ коммерциялық 
есептерге негізделе отырып, елде метрлік жүйені енгізу жұмыс-
тарына шындап кірісуі керек болды. 


190 
1922 жылы метрлік органдардың міндеттері кеңейіп, 
метрлік жүйені енгізу үшін Ведомостваралық метрлік комиссия 
басшы орган болды. ―Госмер‖ ӛндірістік-коммерциялық істер-
мен айналысты. Таразылар мен ӛлшемдер бойынша Бас палата 
метрлік жүйені енгізудің ғылыми және сенімдеу жағын қарама-
ғына алды. 
1922 жылдың басында орын алған ұйымдастырушылық 
жұмыстар метрлік жүйені енгізуді аяқтаудың жаңа мерзімін 
белгілеуге мүмкіндік берді. Бұл мерзім КСРО-ның 1922 жылы 
29 мамырда бекітілген ―Метрлік жүйені енгізудің мерзімдерін 
бӛлу‖ декретінде анықталды. Осы декрет бойынша метрлік жүйе 
1927 жылдың 1-ші қаңтарында аяқталуы керек болды.
*
(
*
―Крестьяндық үкіметтің заңдары мен бұйрықтарының жинағы, 
1922 ж., №35, 417 бет‖). Осы туралы декретте метрлік жүйе 
―барлық салада міндетті түрде енгізіліп бітуі керек‖ делінген. 
Метрлік жүйені енгізілуі Ведомостваралық метрлік комиссия 
әзірлеп, 1923 жылы 17 қарашада еңбек және қорғаныс Кеңесі бе-
кіткен жоспарға сәйкес біртіндеп орындалуы керек еді.

(
*
―Крестьяндық үкіметтің заңдары мен бұйрықтарының жинағы, 
1924ж., №13, 212бет‖). Жоспарда жүйені енгізудің дайындық 
жұмыстарын 1925 жылы 1-ші қаңтарында аяқтау қарастырыл-
ды. 1923-1924 жылдары аяқталуы тиіс дайындық жұмысы ағар-
ту ісі бойынша ХалКомға тапсырылды. Оған әртүрлі плакаттар 
мен кестелерді басып шығарып, жаңа жүйеге үйрету арқылы 
метрлік жүйені халық арасында насихаттау тапсырылды. 
Жоспар бойынша метрлік жүйеге ӛту барлық жобалау жұ-
мыстарында 1923 жылдың қазанынан бастап, ал 1925 жылдың
1-ші қазанынан бастап құрылыс саласында басталуы керек еді. 
01.10.1924 ж. бастап ескі орыс жүйесіндегі кір тастар мен ӛл-
шеуіштерді жасауға тыйым салынды, тек оларды сенімдеу мен 
клеймалауға рұқсат етілді. 
1925 жылдың ӛзінде кейбір темір жолдарда таразылар 
метрлік жүйеге ауысып, жүктерге килограмм қолданды. Сондай-
ақ текстиль ӛндірісі мен саудасында материалдар метрлік жүйе-
мен ӛлшенді, ал шәй, кофе, темекі ӛнімдері салмағы граммен ӛл-
шенген арнайы орамаларда сатылды. Кейбір қалаларда сүт 
ӛнімдері де метрлік жүйе бойынша ӛлшеніп сатылды.


191 
1925-1926 жылдары ХалКом-ға ғылыми жұмыстар және 
оқу процесіне метрлік жүйені толықтай енгізу тапсырылды. 
1922 жылы КСРО-ң құрылуына байланысты метрлік жү-
йені барлық кеңестік республикалар территориясына да енгізу 
керек болды. Сондықтан ӛлшем реформасын КСРО-ң барлық 
территориясында жүргізу үшін жалпы басшылықты қамтамасыз 
ете алатын орган құру қажеттілігі туындады. Осы мақсатта 1925 
жылы 26-ші мамырда ЦИК ―Еңбек және қауіпсіздік Кеңесі жа-
нынан таразылар мен ӛлшемнің метрлік жүйесін енгізу жӛнін-
дегі Орталық комиссияның кеңсесі туралы‖ (―Цекометр‖) қаулы 
қабылдайды. Сол кезде-ақ бірнеше қалаларда сенімдеу палата-
лары жанынан Метрлік комиссиялар
*
ашылды. (
*
«КСРО заңда 
жинағы», 1925ж. № 36, 270 бет).  Таразылар мен ӛлшем бойын-
ша Бас палатаға сауда мен ӛнеркәсіпте метрлік ӛлшеуіштерді 
дайындау, сенімдеу және қолдану туралы ережелерді тарату
әртекті метрлік ӛлшеуіштердің размерлерін орнату тапсырылды. 
Метрлік жүйенің толықтай қолданылуын ӛмірге әкелетін 
ұйымдар мен кеңселердің алдында оны таныстыру мен наси-
хаттау бойынша үлкен міндет тұрды. КСРО-ң ағарту ісі бойын-
ша ХалКом-і мен Таразылар мен ӛлшем бойынша Бас палата 
метрлік ӛлшемдер туралы әртүрлі брошюралар, плакаттар, кес-
телер басып таратты. Мектептерде метрлік жүйені үйрету мін-
детті болып табылды. 
Кейбір сенімдеу палаталары жанынан ескі орыс ӛлшеуіш-
терін метрлік жүйеге ауыстыратын және жӛндейтін шеберхана-
лар ашылды. Бұрынғы ӛлшеуіштердің жаңаларын жасап шығару 
тоқтатылғандықтан, елде болған азамат соғысының әсерінен 
болған бүлікшіліктен кейін қолданыста жүрген ӛлшеуіштер са-
ны айтарлықтай кеміді. Осылайша метрлік жүйенің енгізілу про-
цесі тез жүрді. 
Реформаны жүзеге асыруда ӛлшем бірліктерінің ӛзгеруі 
салдарынан құрылғының ең болмағанда бір бӛлігін ауыстыру 
және ӛндірілетін ӛнімнің ӛлшемі не стандартын ӛзгерту керек 
болғандықтан техникалық кедергілерге толы болған ӛнеркәсіп-
тер де аз болмады. 
Метрлік жүйенің енгізілуі барлық еңбек етушілердің игі-
лігіне шаруашылықты қайта құрудың бір бастамасы ретінде де, 


192 
елдегі әртүрлі халықтар арасын жақындастыруы және олардың 
арасындағы тауар алмасудың күшеюіне себеп болатын іс-шара 
ретінде қарастырылды. 
1922-1927 жылдары метрлік жүйені енгізудің негізгі жұ-
мыстары табысты аяқталды. Сол кездері күнделікті ӛмірде ескі 
ӛлшемдер мен жаңа ӛлшем қатар қолданылды. Мысалы, тауар-
ды ескі орыс ӛлшемімен алса, сол мезетте оның метрлік жүйеге 
қатынасын немесе керісінше, жаңа ӛлшеммен алса, оның шама-
сын ескі орыс ӛлшемімен салыстырып кӛрсетті. 1927 жылдың 
16-шы сәуірінен бастап, екі ӛлшемді қатар пайдалануға тыйым 
салынып, барлық ӛлшемдерді тек метрлік жүйе бірліктерімен 
жүргізу бұйырылды. КСРО-да метрлік жүйе реформасы толық-
тай аяқталған соң негізгі міндеті осы реформаны жүзеге асыру 
болып табылатын Орталық метрлік комиссияның қажеті болма-
ды. Комиссия СНК-ң 1928 жылғы 15-ші марттағы қаулысы бо-
йынша 1928 жылы 1-ші қазанда ӛз қызметін тоқтатты.
Кейіннен 1936 жылдан бастап метрлік жүйенің қолданы-
луын қадағалау Таразылар мен ӛлшемдердің Бас басқаруына, 
соңынан ӛлшеу мен ӛлшем құралдары бойынша Комитетке тап-
сырылды. 
КСРО-ғы метрлік реформаны орындау 1918 жылдан
1927 жылға дейінгі аралықты қамтыды. Осы уақытта тек метро-
логияға қатысты бірнеше декреттер мен қаулылар қабылданды: 
 1919 жылы ―Халықаралық жүйе бойынша жаңа уақыт 
есебін енгізу туралы‖ декрет; 
 1921 жылы ― Таразылар мен ӛлшеуіштерді жалпы-
ресейлік сенімдеу туралы‖ қаулы; 
 1924 жылы ―Таразылар мен ӛлшемдер туралы‖ қаулы; 
 1925 жылы ―1875 жылы Парижде бекітілген халықара-
лық бірліктер тұтастығын және метрлік жүйені жетілдіруге 
арналған Халықаралық метрлік конвенцияны КСРО-да қабыл-
дау туралы‖; 
 1924 жылы 6-шы маусымда қабылданған ―Таразылар 
мен ӛлшемдер туралы‖ қаулы , т.б. 
Айта кету керек, 1924 жылы 6-шы маусымда қабылданған 
―Таразылар мен ӛлшемдер туралы‖ қаулы КСРО-ның барлық 


193 
территориясындағы ӛлшемдер жұмысының негізін қалады және 
мемлекеттің негізгі эталондарын – метр мен килограммды бекітті.
Сондай-ақ, алғашқы бес жылдықта метрологиялық қызмет 
пен стандарттауды жетілдіру үшін басқа да үлкен істер атқарыл-
ды. 1929 жылы 23 қарашада міндетті стандарттар мен ―Таразы-
лар мен ӛлшем туралы қаулыны‖ сақтамағаны үшін қылмыстық 
жауапкершілікке тартылуы туралы қаулы қабылданды. 
*
(
*
С.В.Мищенко, С.В.Пономарев, т.б. ―Метрология стандартиза-
ция сертификация және сапаны басқару тарихы‖ Тамбов,
2004 ж., 11 бет). 
1930 жылы 22-ші тамызда қабылданған ―Таразылар мен 
ӛлшем бойынша Бас палатаны Еңбек және қорғаныс Кеңесінің 
қарамағындағы Бүкілодақтық стандарттау комитетіне тапсыру 
туралы‖ қаулы бойынша метрлік реформаның аяқталуын бас-
шылыққа алған Бүкілодақтық стандарттау бойынша комитет 
(ВКС) құрылды.
*
(
*
―КСРО заңдар жинағы‖, 1930 ж., № 41, 430 
және 431 беттер). 
1931 жылы 11-ші маусымда қабылданған қаулы бойынша
Таразылар мен ӛлшем бойынша Бас палата Бүкілодақтық ғылы-
ми-техникалық метрология және стандарттау институты 
(ВИМС) ретінде қайта ұйымдастырылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   87




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет