186
1893 жылғы ― Таразылар мен ӛлшеуіштер бойынша Бас
палата‖ Заңының 5-ші бабында былай деп кӛрсетілген: ― Тара-
зылар мен ӛлшеуіштер бойынша Бас палатада жүргізіліп жатқан
зерттеулер мен жұмыстарға есеп беріліп,
халықты таныстыру
мақсатында баспаға шығарылады‖.
1894 жылы Ресей қаржы министрлігінің бастамасымен
алғашқы метрологиялық журнал – ― Таразылар мен ӛлшеуіштер
бойынша Бас палатаның күнтізбесі‖ шығарыла бастады. Осы
журналда Бас палатаның ғылыми,
ұйымдық және практикалық
жұмыстарының есептері толық басылды. Д.И.Менделеевтің ӛзі
бұл баспаның ұйымдастырылуы және қаржыландырылуымен ӛзі
айналысты, сонымен қатар ол үшін ―Белгілі бір кӛлемдегі судың
салмағы‖, ―Прототиптерді қайта жаңартудың барысы‖, ―Ағын
кезіндегі тербеліс‖, ―абсолютті тартылыс күшін ұзын маятник
кӛмегімен анықтауға дайындық‖ деген сияқты кӛптеген мақа-
лалар жазды.
Қазірде Д.И.Менделеев пен оның қызметтестерінің ― Тара-
зылар мен ӛлшеуіштер бойынша Бас палатаның күнтізбесіне‖
жазған еңбектері сол кезде жүргізілген метрологиялық реформа
мен оның жұмыс барысы туралы мәліметтерді беретін ең ма-
ңызды кӛз болып табылады.
Мақалаларды дайындауда
Бас палатаның дерлік барлық
қызметкерлері:
Ф.И.Блумбах,
А.А.Иванов,
Н.Г.Егоров,
К.Н.Егоров, А.М.Кремлев, Ф.П.Завадский, А.Н.Доброхотов,
В.А.Мюллер, С.И.Ламанский, В.А.Патрухин, И.А.Лебедев және
т.б. қатысты.
Метрологиялық музейде осы журналдың ең алғашқы
нӛмері сақталған. 1932 жылы Бас палатаның саябағында
Д.И.Менделеевтің ескерткіші орнатылды.
Метрология мен сенімдеу жұмыстарындағы кейбір маңыз-
ды оқиғалар ―Сауда, ӛнеркәсіп және қаржы хабаршысы‖, ―Үкі-
мет хабаршысы‖ сияқты үкіметтік басылымдарда да жарық кӛр-
ді. Ғалымның таразылар мен ӛлшеуіштер
туралы жаңа заңның
жобасы баспасӛзде талқыланып, кӛптеген ―Биржалық ведомост-
валар‖, ―Отан ұлы‖ деген сияқты газеттерде де басылды.
Бас палата қарапайым халық арасында Метрлік жүйенің
тез таралуына кӛп ықпал етті: орыс, ағылшын және метрлік
187
ӛлшемдердің салыстырмалы кестелерін,
брошюраларды және
басқа да метрлік жүйенің артықшылығы мен ыңғайлылығын
кӛрсететін материалдарды басып, таратты. Д.И.Менделеев мет-
рологиялық проблемаларды жалпымемлекеттік
мәселе ретінде
қарап, әртүрлі іс-шаралар жүргізіп, оған патшалық үкімет мүше-
лері, мемлекеттік және қоғам қайраткерлерін, баспасӛз ӛкілдерін
шақырды.
Сонымен қатар ұлы ғалым метрологияның тарихы туралы
мәліметтердің таралуына басты назар аударды. Ол метрология-
лық коллекцияларды жүйелендіру мен толықтыру жұмыстарын
ұйымдастырып, оларды сақтау үшін
Палатаның жоспарында
1911 жылы ―Музей‖ деп белгіленген Орталық ғимараттың екін-
ші қабатынан орын берді.
1894-1918 жылдар аралығында ― Таразылар мен ӛлшеуіш-
тер бойынша Бас палатаның күнтізбесі‖ журналының 12 номері
басылды, кейін жеті жылдық үзілістен соң 1925 жылдан 1927 жыл-
ға
дейін қайта басылды. 1916 жылдан бастап Бас палата ―Сенім-
деу ісі‖ деп аталатын жаңа журнал басып шығара бастады.
Ұлы ғалымның ХІХ ғасырдың соңындағы метрологиялық
қызметінің басты ұраны – ―сауда мен ӛнеркәсіпте қолданылып
жүрген ӛлшемдердің дәл біріктірілуі және бүкіл әлемнің Ресей
метрологиясына сенімділігін арттыру ‖ қазіргі ХХІ ғасырда да
ӛз маңызын жоғалтқан жоқ.
*
(
*
Д.И.Менделеев Асыл ойлар, 1903–
1905. – 98 бет).
Достарыңызбен бөлісу: