§ 6. ХРОНОЛОГИЯ
Хронология - уақыт ӛлшемі туралы ғылым. Ол ӛзінің ата-
уын гректің «хроyоs» - «уақыт» және «lonos» - «ғылым» деген
сӛздерінен алған. Бұл ғылым екі бӛлімнен: аспан денелерінің
қозғалысын есептеп шығару жолымен дәл астрономиялық уа-
қытты табатын математикалық, (астрономиялық) хронология
және тарихи хронологиядан тұрады.
Тарихи хронология ӛз алдына екі міндетті - теориялық жә-
не қолданбалы міндетті қояды. Біріншісі, уақытты есептеу жү-
йесін зерттегенде оларды тарихи дамуы үстінде қарастырады,
олардың арасындағы ӛзара қатынасты анықтайды және даталар-
ды бір хронологиялық жүйеден екіншісіне аудару принциптерін
жасап шығарады. Екіншісі, оқиғалардың датасын қазіргі эраға
және жыл санаудың жалпы қабылданған жүйесіне аудару үшін,
осыған байланысты тарихи оқиғалардың, датасын анықтау және
нақтылау үшін жоғарыда кӛрсетілген ережелерді жүзеге асыру-
ды қамтиды.
Қосалқы тарихи пәндердің ішінде хронология ең маңыз-
дыларының бірі болып саналады, ӛйткені тарихтың қандай да
болсын кезеңін оқып үйренудің негізгі шарты оқиғалардың
жүйелілігі мен мерзімді дұрыс қою болып табылады. Хроноло-
гия тәсілдеріне сүйене отырып, тарихшы тарихи құжаттар мен
фактілердің дәл датасын қалпына келтіреді. Бұл міндеттерді дұ-
рыс шешу үшін белгілі бір тарихи кезеңдегі белгілі бір халық-
тың қолданған уақыт ӛлшемінің қалыптасуымен ерекшелікте-
рінің бүкіл тарихын жақсы білу қажет.
XVI-XVII ғасырларда хронология мәселеріне қызығушы-
лық Ресейде кейбір практикалық қажеттіліктерге байланысты
болды. Бірақ тарихи хронология дербес пән ретінде ХҮІІІ ғасыр
аяғында ХІХ ғасыр басында ғана қалыптаса бастады.
Тәңір дінінің қҧрамдас бӛлігі – оның кҥнтізбесі. Кӛпте-
ген ғалымдар бұл күнтізбенің Ұлы даладағы кӛшпенділерде пай-
да болғанын дәлелдеді.
Оңтүстік Қазақстандағы Баба ата қалашығындағы жануар-
лар суреті бар дискі іспеттес археологиялық материалдарды са-
раптаған Т.Н.Сенигова ―күнтізбені жасаған түркілер және олар-
198
дан қытайға тараған‖ деген қорытындыға келеді. Күнтізбенің
Орталық Азиядан шыққанын мойындаған И.В.Захарова, ―Жан-
уарлар циклінің осы уақытқа дейін Орта Азиядағы кейбір ха-
лықтарда таңба қалдықтарымен араласып жатқанын айтады. Ол
Алтай мен Монғолияда табылған. Ондай байланыстың қалдық-
тары адамның жануар атымен аталатын жылда туылуымен бай-
ланыстырады. Қалыптасқан дәстүр бойынша адам ол жануарды
ӛлтірмейді‖. Бұл гипотезаны белгілі түркітанушы С.М.Абрамзон
да толығымен қолдайды.
В.В.Цыбульскийдің дәлелдеуі бойынша, ―Бұл күнтізбенің
шығуы Орта Азиядағы кӛшпенділермен тікелей байланысты
және ол Азияның басқа халықтарына тез тараған. Бұл күнтізбе
басқа жерде де пайда болуы мүмкін, бірақ ондағы бірдей жан-
уарларды таңдау мен олардың орналасуы кезегінің бірдейлігі
Орта Азия аймағынан шығуының дәлелі‖. Бұл күрделі күнтіз-
бені Ұлы Дала мен Орта Азия аймағының кӛшпенділері, осы
қатаң континентальды аймақта ӛздерінің саяси-экономикалық,
рухани, мәдени және жеке ӛмірінің уақытын белгілеу, яғни
кӛшпенділер ӛмірін жан-жақты қамту қажеттілігінен шығарған.
Ғарыштағы құбылыстарды және оның жерге әсерін терең
зерттеуге негізделген жануарлар күнтізбесі, кӛшпенділердің
қажеттілігін қанағаттандыра алды. Ол барлығына белгілі болды,
себебі Орталық Азия кӛшпенді тайпалары мен халықтарының
мәдениеті мен цивилизациясы ӛмірлік Дәстүрінің (Нағыз Білім-
Генон) құрамдас бӛлігі болды және оның қажетін қанағаттан-
дырды.
Қазіргі ғылымда оны шығу жеріне қарай - Орталық Азия
кӛшпенділерінің күнтізбесі десе, жылдарының санына байла-
нысты 12 жылдық циклдік, қазіргі ресми қабылданған жеріне
қарай Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің ай-күндік күнтізбесі,
12 жылдық циклде есеп беретін ғаламшарының атымен Юпитер
күнтізбесі дейді. Ал, Тенгриан күнтізбесі Юпитердің Күнді ай-
нала қозғалған 12 жылдық циклінен басқа Күн мен Айдың қоз-
ғалысына және Сатурнның 30 жылдық цикліне негізделген.
(60 жылдық цикл Сатурнның екі, Юпитердің бес және алты
онжылдық циклдерінен тұрады.
199
Шығу тӛркініне және оның Юпитерден басқа ғаламшар-
лар мен олардың серіктерінің циклдеріне негізделгеніне қарап,
оны тек Юпитер күнтізбесі дегеннен гӛрі Тенгриан күнтізбесі
деген дұрыс. Орта Азия кӛшпенділерін біріктірген Ұлы дін –
Тәңір діні немесе Тенгризм.
―Олар ортақ құдайға (Тенгри) сенеді, оны кӛзге кӛрінетін
және кӛрінбейтін бар әлемімен қоса ӛмірдегі барлық қуаныш
пен қайғыны жаратқан деп мойындайды. Бірақ, оған арнап на-
маз оқымайды, оны мадақтамайды немесе оған арнап құрбандық
және т.б. бермейді‖, дейді П.Карпини. Ұлы діндер ӛздерінің дү-
ниетанымдық әлемімен (картина мира), моралімен, уақыт және
кеңістік туралы түсінігімен мәдениет пен цивилизация негізін
қалады. Тенгризм - кӛшпенді түркі халықтары цивилизациясы-
ның негізі. Себебі реттелген күнтізбе қоғамның ӛркениетке
жататынының негізгі белгісі және мүшел оның генезисі, тари-
хи-мәдени мазмұны және дүниежүзілік цивилизация кӛлеміндегі
орнына байланысты ғылымда Тәңір (тенгриан) күнтізбесі деп
аталғаны дұрыс.
Ұлы діндердің арасында қандай айырмашылық болса да,
оларға ортақ нәрсе - ӛздерінде күнтізбенің болуы. Жаңа діннің
күнтізбесін пайдалану, сол жаңа діннің қоғам ӛміріне сіңуінің
негізгі белгісі. Дін қоғамға тарағанда, ондағы дүниетаным мен
адамдар ӛмірін ӛзгертті және ол ӛзгерістің негізгі құралының
бірі күнтізбе болды. Тенгриан күнтізбесі әлемдегі күнтізбелер-
дің ең күрделілерінің бірі. Ол Күн мен Айдың қозғалысынан
басқа, Юпитердің Күнді айнала қозғалған 12 жылдық цикліне
және Сатурнның 30 жылдық цикліне негізделген. 60 жылдық
цикл Сатурнның екі, Юпитердің бес және алты онжылдық цикл-
дерінен тұрады. Осындай күрделі күнтізбе жасау үшін ғалам-
шарлар қозғалысының заңдылықтарын түсінетін кӛшпенділер-
дің терең астрономиялық білімі болды ма?
Ертедегі мықты астрономдар теңізшілер ішінен шыққаны
белгілі. Олар ашық теңізде түнгі аспандағы жұлдыздарға сүйе-
ніп жол тапты. Теңіз жағалауымен каботажды жүзген ертедегі
финикий теңізшілерінің күнтізбесі Еуропа астрономиясының
негізін салды.
200
Ертедегі кӛшпенділердің кӛшу жолының қашықтығы мен
жүріп ӛту уақыты сол кездегі теңізшілердің жүзу сапарынан бір-
неше есеге ұзақ еді. Мысалы ―XV-XVIII ғасырлардағы қазақтың
―мәңгі‖ кӛшпенділері – адайлар бір жылда 2800 шақырымнан
астам жерге кӛшіп - қонып жүреді екен‖.
Жыл бойы кӛшіп-қонып жүрген тайпалар Еуразия дала-
сында құнарлы жайылым іздеп мыңдаған шақырым жүргенде,
айналасында ӛзгеріп жатқан, жылдық кезеңдер мен пейзаждар,
жануарлар мен ӛсімдіктер әлемі, ӛзен-кӛлдер және т.б. бірнеше
ландшафт пен климат зонасынан ӛтеді. Жолда сәби дүниеге
келіп, балалар ӛсіп-ержетіп, үлкендер о дүниеге кетіп жатты.
―Әрекетте-берекет бар‖ дейді кӛшпенділер. Олардың ғұмыры
мен бақыты осы мәңгі қозғалыспен тығыз байланысты болды.
Күн мен Ай, ғаламшарлар мен жұлдыздар оларға жолдың бағы-
тын, жыл мезгілін, уақытты анықтайтын және күннің райын бол-
жайтын аспандағы тұрақты белгілері болды. Яғни, осы мәңгі
қозғалыстағы әлемде ӛзгермейтін тек қана тӛбедегі аспан -
Мәңгі Аспан, Мәңгі Кӛк Тәңір құдайы еді.
Әрбір кӛшпенді киіз үйде тұрды. Оның түндігі жылдың
белгілі бір мезгілдерінде ашық тұрады да, Ай мен басқа ғалам-
шарлардың және жұлдыздардың қозғалысы сол үйде ӛмір сүр-
ген адамның жадында еріксіз жатталып қалады. Яғни, әрбір киіз
үй ӛзінше ―планетарий‖ сияқты. Аспаннан байқалған ӛзгерістер
жинала келе белгілі жүйеге айналды және ұрпақтан-ұрпаққа
беріледі.
Ғалымдар сонымен қатар, кӛшпенділердің кӛзі ерекше қы-
рағы екенін айтады. Мысалы, белгілі саяхаттанушы және теңіз
жиһангезі Ф.Н.Врангель якуттар туралы былай дейді: ―Бір якут
Усить-Янский экспедициясының бастығы лейтенеант Анжуға
бір үлкен кӛкшіл жұлдыз (Юпитер) басқа кіші жұлдызды жұтып
қойып, қайта түкіргенін кӛргенін айтады. Яғни, бұл сібірлік
адам жай кӛзбен-ақ Юпитер серігінің (спутник) тұтылуын кӛр-
ген. Астрономияны терең білмей тұрып, ұдайы кӛшіп жүруге
негізделген шаруашылықты меңгеру мүмкін емес: ―... XIII-
XVI ғасырларда Дешті-Қыпшақта атқа не түйеге жегілген арбаға
орнатқан киіз үймен хан, не сұлтан басқарған ұлыс мыңдаған
шақырымға созылған жерге кӛшу жүйесі қалыптасты‖. Негізі-
201
нен қуаңшылық аймақта мыңғыраған малға шӛбі мен суы жет-
кілікті құнарлы жер табу мақсатында, жүздеген отбасы жылдар
бойы қашық, шалғай жерге бірге кӛшіп қонып жүрді. Осылай
артынып-тартынып, ұбап-шұбап жүріп, адасып кетпеу үшін
кӛшпенділер ғаламшарлар мен жұлдыздардың қозғалысын жақ-
сы біліп, күн райын болжауды меңгеру қажет болды. Сонымен
қатар, ыстық пен қуаңшылық кезінде және басқа да себептер-
мен түнде кӛшуге тура келген кездерде де олар ӛздерінің мың-
даған жыл тәжірибе жинақтаған жұлдызшылық білімге (астро-
номияға) сүйенді.
―Жұлдыздардың орналасуын және қозғалуын білген, қыр-
ғыз (қазақ-авт.) түнде жолсыз далада сапарға батыл шыға береді
және баратын жерін қателеспей табады. Күн батқаннан таң
атқанға дейін қай жерде болатынын анық біледі. Сонымен қатар,
жолаушы күнге қарап оның қашан шыққанын және қашан бата-
тынын анықтайды. Соған қарап ӛзінің жұмысын, демалысын,
саяхатын, жол жүруін, кездесуін жоспарлайды. Яғни, Еуропалық
уақытты білу үшін қалтасындағы сағатына қараса, ол аспанға
қарайды‖, – дейді А.И.Левшин .
Түнде де бағыт-бағдарынан еш адаспайтын кӛшпенділер-
дің бұл қасиетін қолбасшылар шапқыншылық кезінде тиімді
пайдалана білді. Әскері тек күндіз ғана қозғалуға бейімделген
отырықшы халықтар, қай кезде де кӛшпенділердің түнгі шабуы-
лынан ойсырай жеңіліп қалатын.
Биосфераға, Жердің атмосферасына және адамға ғарыш,
оның ішінде жақын орналасқан ғарыштық денелердің белгілі бір
мӛлшерлі әсері бар. Оның ішінде Айдың әсері зор. Сонымен қа-
тар, ғаламшарлар неғұрлым үлкен болса, оның әсері де соғұр-
лым күштірек. Сондықтан, Юпитер мен Сатурнның жердегі
тіршілік пен адамға әсері ертеден белгілі болды. Соны білген
Шыңғысхан ӛз жұлдызшыларының \астрономдар\ кеңесімен
1226 жылы «Юпитер Сатурнды қуып жетті», деген уақытта
шабуылдарын тоқтатқан.
Кӛшпенділердің жұлдыздар қозғалысын зерттеудегі тағы
бір негізгі мақсат, айналысатын шаруашылығына тікелей байла-
нысты. Егінші халыққа күн райының бір жылдық болжамы жет-
кілікті болса, мал ӛсіретін кӛшпенділерге бірнеше жылдық бол-
202
жамы қажет болды. Себебі, тӛл ӛсіп жетілгеннен кейін ӛнім бе-
руі немесе сойысқа жарауы үшін бірнеше жыл керек. Мысалы
жылқыдан тӛл алу үшін бір жыл уақыт қажет. Одан кейін бір
жаста - құлын, екі жаста – тай, үш жаста – құнан, тӛрт жаста –
дӛнен, бес жаста – бесті. Тек тӛрт жаста ол ӛсім (ӛнім) береді не-
месе жұмысқа пайдалануға жарайды. Түйе ӛсіру үшін де осын-
ша уақыт керек. Сондықтан кӛшпендіге алыс қашыққа кӛшу мен
ӛнім алудың циклін реттеу үшін бірнеше жыл бұрынғы күн ра-
йын болжау қажет болды. Ол кӛшпендіні ұзақ уақыт қиындыққа
шыдауға және сол кезде болатын кедергілерге философиялық
кӛзқараспен қарап, оған кӛңіл бӛлмеуге үйретті.
Інжілдегі Иосиф Прекрасный түрмеде жатып Египет фа-
раонының ―жеті семіз сиыр жеті арық сиырды, бидайдың толық
піскен жеті масағы жеті жетілмеген масақты жеп жатқанын‖
кӛрген түсін дұрыс жориды. Фараонның жанындағы Египеттің
жер ӛңдеуші тұрғындары бұл түсті жори алмайды. Оны тұрғы-
лықты халыққа қажетті бір жылды емес, ұзақ уақытты сезетін
кӛшпенділердің гені бар Иосиф қана дұрыс жориды. Оның жо-
руы бойынша, алдағы жеті жылда ӛнім кӛп және молшылық бо-
латынын, одан кейінгі жеті жылда қуаңшылық, аштық болаты-
нын анықтайды.
Бұл сезім Иосиф Прекрасныйге түрмеден шығуға, оның
әкесі - інжіл патриархтары* дәуіріндегі ―отардың патшасы‖
(царь стад) – Иаковке климаты қуаңшылық Аравияда кӛшпенді
шаруашылық жүргізуге кӛмектесті.
Тек тәуліктік, маусымдық ғана емес, сонымен бірге, жыл-
дық ӛзгерістері кӛп болатын Орта Азиядағы қатаң континен-
тальды күн райында тек ―ұзақ‖ уақытты болжаумен қатар осы
уақыттағы ӛзгерістердің заңдылықтарын толық зерттеп, дәл
анықтайтын білім қажет болды.
Мыңдаған адам мен сансыз малды қырған жұт, Ұлы дала-
да бірнеше жылдан кейін жүйелі түрде қайталанып тұрады.
Осындай тӛрт жылдық жұттың кесірінен б.д.д. І ғасырда шығыс
ғұндар мемлекеті ашаршылыққа ұшырап, Қытайдың қарамағына
кіруге мәжбүр болады.
12 жылдық жануарлар цикліндегі аспан символикасымен
берілген Юпитер күнтізбесін Шығыс Азияға Орта Азияның
203
кӛшпенділері енгізді. Бұл күнтізбені кӛшпенділер қытайдан
алды деушілер ұлу, маймыл\мешін және тауық жылдарына ар-
гумент жасайды. Ал, қазақтың ұлуы шынымен қазіргі қытайдың
ұлу - айдаhарына ұқсас. Бірақ қытай күнтізбесінде айдаhар жы-
лы лу, емес чэнь, корейше – чин, вьетнамша – тхин, жапонша –
тацу. Қазақтың ұлуы монғолдың жыл аты лууға ұқсас.
М.Ысқақовтың пікірі бойынша, ұлу кӛне түркінің ұлуына
(қасқырдың ұлуы) және ұлы деген сӛздерінен шыққан. Олардың
екеуі де түркі тайпалары мен халықтарына ортақ, күнтізбеде
қасқырға берілген таңба болуы заңды құбылыс. Себебі, ―Ұлыған
Ұлы‖, яғни кӛк бӛрі түркі мәдениетінің инструментальдық му-
зыка, орнамент, вербальдық фольклор сияқты барлық салала-
рында кездескендіктен луды бӛрі деп қараған дұрыс.
Бір жылдың екі атпен аталуы, мысалы мешін және май-
мыл, ол ескі атты жаңаның ығыстыруынан шыққан. Маймыл
жылы 12 жылдық жануарлар циклі – мүшелге ескірген мешіннің
орнына кірді. Қазір қазақтарда мешін күнтізбеде қолданылады.
Кӛне түркінің сӛзінде Үркерді мешін деп атайды. Ол ертеректе
жоғалған болуы керек, себебі 787 жылғы Хиджрадағы хорезм
монетасында ―маймыл жылы ... қоңызбен (жук) алмасқан‖.
Алтайлықтарда мешіннің мағынасы әрқашан да аспандағы
шоқжұлдыз Үркерді кӛрсетеді, қалмақтарда Үркерді мешин,
монғолдарда мечин дейді. Сондықтан күнтізбедегі мешін осы
Үркер болуы керек. Моңғол мен түркі тілдері туыстас, олардың
екеуі де алтай тілдері тобына кіреді және олардың екеуінің де
мәдениеті кӛшпенділер ӛркениетіне жатады. Ал, кӛшпенділер
үшін Үркердің маңызы ерекше. Ол жылды айға және күнге бӛлу
қызметін атқарды. Жылдың ең ыстық кезінде, үркер жерге жа-
қындап келеді де, «жерасты әлеміне ӛтіп кетеді‖, яғни горизонт-
тың линиясынан асып кетеді, ал ең суық кезеңде аспандағы
жұлдыздардың ең биік нүктесінде тұрады.
Күнтізбе Оңтүстік Шығыс Азияға тарағанда, кейбір жыл-
дардың орындары оңтүстік елдеріне үйреншікті жануарларға
ауысты: барс жолбарыс болды, қоян-мысық, жылан қытайларға
түсініксіз айдаhар болса, индонезийліктерде – қолтырауынға
айналып, түсініксіз мешін олардың барлығында маймылға ай-
налды. ―Күнтізбеде кездесетін жануар – маймыл, далада болмай-
204
ды‖ дегенге француз ғалымы Э.Шаванн түркілердің І ғасырда
Кашмирде билігін жүргізгенін, сондықтан оларға бұл жануар-
дың белгілі екенін жазады. Бұл күнтізбенің Қытайда шықпаға-
нының дәлеліне осы ғалым Тань кезеңіндегі жазбалардағы:
―Қырғыздар 12 жылдық жануарлар күнтізбесін қолданады.
Ондағы инь жылын олар барыс жылы деп санайды‖ дегенін
келтіреді. Моңғолдар жануарлар күнтізбесін тек 1210 жылдан
кейін қолдана бастады.
Әлемді жаратқан Тәңір (Тенгри). Ол Аспандағы шырақ-
тар, жұлдыздар және қасиетті жануарларды басқарады. Бұл
әлемдегі уақыт мәңгі, оның 60 жылдық айналымында ―уақыттың
шегіне‖, яғни авраам дініндегі міндетті ―уақыттың бітуіне‖ орын
жоқ.
Тәңір уақыты ешқандай сандар қатарымен ӛлшенбейтін
Мәңгілік. Сондықтан мүшел белгісінің атрибутында басқа күн-
тізбелерге тән – жылдарды нӛмірлеу жоқ. Жылдар нумератив-
пен емес, түстің символикасына сай келетін жануарлар атымен
белгіленген. Ол, оң жақ мидағы образдық ойлауға сүйенген,
яғни образдың ӛте кӛнелігін білдіретін саннан тыс немесе ―до‖
жүйесі.
Ол күнтізбе жасаушылардың Мәңгіліктің – Мәңгілік еке-
нін түсініп, оны ӛлшеуге бармағанын кӛрсетеді. Сонымен қатар,
сандардың мәңгілік қатарына ұмтылған нӛмірлеу – линиялы
және ол осы күнтізбенің негізі болатын уақытты қайта оралу
(круговой) түсінігімен келіспейді. Мүшелдегі уақыттың басы
мен соңы болмайды, оның соңы – әрқашан да жаңа циклдің
басы. Бұл күнтізбеде алғашқы жаңа жылды анықтау мүмкін
емес. Тышқан жылынан басталатын мүшелдегі айналымның
басы – ол түркі халықтарындағы конвенциональдық вариант,
қалмақтарда бірінші жыл – барыс жылы. Сонымен қатар, әрбір
тенгриандықтың, оның туған жылынан басталатын ӛз мүшелі
бар. Барыс жылында туғандар ӛз айналымын барыстан бастап,
сиырдан аяқтайды. Ол үшін барыс жылы, тек оның жеке мүше-
лінің басталу жылы ғана емес, сонымен қатар ол мүшелдер ара-
сындағы қауіпті ӛтпелі кезең. Яғни, жеке адамның дәрежесіндегі
уақыт мәдениетінде кез-келген жыл басы және саны болатын
мүшелдің 12 нұсқасы бір уақытта болады. Әрбір кӛшпендінің
205
ӛмірінде оның жеке мүшелінің ғарыштық ӛлшемі болады және
ол онда ӛзін еркін сезінеді. Ӛмірдің уақытын мүшелмен санау
жылдардың барлығын ортақ нӛмірлеуді тіптен қажет етпейді.
Кӛшпенділерде, оның ішінде моңғолдарда киіз үйдің дӛң-
гелек кеңістігі 12 сегментке бӛлінген, ал тәулік 12 сағаттан
тұрады (біз қолданып жүрген календарда тәулік 24 сағаттан
тұрады) және олардың екеуінің де аттары бірдей жануарлардың
атымен аталады. Яғни, тәуліктің сағаттары киіз үйдің дӛңгелегі,
әрбіреуінің белгілі орыны бар отбасындағы – әлеуметтік ортаны
білдіретін кеңістіктегі ұғымда біріккен жануарлардың циклін
құрайды.
12 айдан тұратын жылдық цикл қазақтар мен моңғолдарда
кіші цикл сияқты жануарлардың орташа циклі деп аталады не-
месе жануарлардың үлкен циклін құрайтын 12 жылдан тұратын
мүшел, кіші және орта циклге ұқсас.
Жануарлардың кіші, орта және үлкен циклдерінің арақа-
тынасы мен құрылымы Ұқсастық және Иерархия, ал олардың
қайталануы ӛмір Айналымының (Круговорот) заңына бағын-
ған*.
Достарыңызбен бөлісу: |