Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық


Ҥрмебҧршақтың сары теңбіл ауруы (мозаикасы)



Pdf көрінісі
бет105/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

2.11.3 Ҥрмебҧршақтың сары теңбіл ауруы (мозаикасы) 
Үрмебұршақтың сары теңбіл ауруы республикада тек жекелеген 
аймақтарда ғана кездеседі, кең таралмаған. 
Ауруға 
шалдыққан 
ӛсімдіктің 
жапырағы 
ширатылып, сағаққа орналасқан жерінен тӛмен 
иіледі. Залалданған жапырақ беті бұдырланып
ашық-сары дақ басады. Жапырақтар бipтe-бipтe 
сарғайып немесе секпілденіп морт сынғыш 
келеді. Жалпы дертке шалынған ӛсімдіктердің 
ӛcyi тежеліп, буынаралықтары қысқарып, пiшiні 
ӛзгереді (63-сурет). 
63-сурет. Ҥрмебҧршақтың сары теңбіл ауруы 
 
Бұл кесел басқа да дәнді бұршақ 
дақылдарында 
да 
кездесіп, 
аурудың 
айқындалуы 
әртүрлі 
болады. 
Асбұршақ 
залалданғанда ӛсімдік сәл деформацияланып
жапырағы 
теңбілденеді. 
Бӛрібұршақтың 
жапырақтары ӛте жіңішкеріп, беті теңбілденеді. Мал азықтық бұршақтың 
жапырақтары сәл түссізденіп (хлорозданып), пiшiнi ӛзгеріп, ӛсімдіктің 
жалпы дамуы саябырлайды. 
Ауру қоздырғышы – Bean yellow mosaic virus group вирусының 
әртүрлі штаммдары. Вирус ӛсімдік шырыны және бітелер кӛмегімен 
таралады. Дақыл тұқымымен таралмайды. Инфекция қоры – 
күрделігүлділер тұқымдасына жататын жабайы ӛсімдіктер болуы мүмкін. 
Сары теңбіл ауруымен аталған ӛсімдіктерден басқа кӛп жылдық бұршақ 
тұқымдас 
шӛптерден 
түйежоңышқа, 
сиыржоңышқа 
және 
беде 
залалданады. 
Кеселге шалынған ӛсімдіктердің вегетация кезінде ӛcyi тежеліп, 
ӛнімінің тӛмендейді. 
2.12 Кӛп жылдық бҧршақ тҧқымдас шӛптердің аурулары 
Беде, жоңышқа, эспарцет – кӛп жылдық бұршақ тұқымдас шӛптеріне 
жатады. Аталған дақылдар кӛбіне бірдей аурулармен залалданады. Мал 
азықтық бұршақ тұқымдас шӛптердің жиі кездесетін аурулары – 


147 
пероноспороз, ақ ұнтақ, тат, қоңыр және сары дақтар, аскохитоз, фузариоз, 
бактериоздар мен вироздар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет