Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық


-сурет. Ҥрмебҧршақтың бҧрышты дақ ауруы



Pdf көрінісі
бет103/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

59-сурет. Ҥрмебҧршақтың бҧрышты дақ ауруы:
а – жапырағы; б – бұршаққабы; в - тұқымы 
Ауру қоздырғышы – Pseudomonas phaseolicola Young бактериясы. 
Бұл қоздырғыш үрмебұршақтан басқа бӛрібұршақты, қытайбұршақты, 
ноқатты залалдап, ӛсімдік қалдықтарында 1 жыл, ал тұқымда 4 жылға 
дейін сақталады. Вегетация кезеңіндегі инфекция қоры – жаңбыр тамшысы 
және желмен таралатын экссудат. Қоздырғыштың дамуына ылғалдыдылық 
пен су тамшысы және 25-30°С температура колайлы болып табылады. 
Аурудың әсерінен жапырақтың ассимиляциялық кӛлемі кішірейіп, 
тұқымның сапасы мен ӛнім шығымы едәуір тӛмендейді. 
2.10 Қытайбҧршақтың бактериялық кҥйігі 
Қытайбұршақтың бактериялы күйік (бұрышты дақ) ауруы аталған 
дақылды кӛп ӛсіретін республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс 
аймақтарында кең таралып, ӛсімдіктерді 
барлық ӛciп-ӛну кезеңдерінде залалдайды 
(60-сурет). 
60-сурет. 
Қытайбҧршақтың 
бактериялы кҥйігі 
Кесел 
белгілері 
ӛсімдіктердің 
сабақтарында, 
жапырақтары 
мен 
бұршаққабында 
дақтар 
түзілумен 
басталады. Дертке шалынған ӛсімдік 
жапырағының бетінде суланған бастапқыда сары-қоңыр кейін қара-қоңыр 
немесе қара түсті, майда, бұрышты, жұқа дақтар пайда болады. Дақтар бip-
бipiмeн қосылып жапырақтың едәуір бӛлігін алады. Кесел шалған 


144 
жапырақтың астыңғы бетінде бактерия экссудаттары бӛлініп жалтыраған 
қабыршаққа айналады. 
Ӛсімдік сабағына түскен дақтардың пiшiні жолақты, түci қара, 
кӛлемі әртүрлі болады. Бұршаққапқа – жайылған, майлы, ашық-қоңыр 
түcтi, суланған дақтар түседі де, дәндері дамымай, күңгірттеніп, қабығы 
қыртыстанады. 
Ауру қоздырғышы – Pseudomonas glycinea Сoer. бактериясы. Бұл 
қоздырғыш тек қытайбұршақты ғана залалдайды. Бактерияның дамуына 
қолайлы жағдай – 24-26°С деңгейіндегі температура. Қоздырғыш ӛсімдік 
бойына табиғи саңылаулар және механиалық жарақаттар арқылы еніп, 
вегетация кезеңінде бактерия экссудаты жаңбыр тамшыларымен және 
желмен таралады. Инфекцияның негізгі қоры – залалданған тұқым. 
Бактериозға шалынған ӛсімдіктің ассимиляциялық аумағы кішірейіп, 
фотосинтез үрдісінің қарқыны бәсеңдеп, ӛсімдіктің ӛcyi саябырлайды. 
Сонымен қатар бұндай дертті ӛсімдіктің бойында түзілген тұқымның 
сапасы да тӛмендейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет