Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық



Pdf көрінісі
бет111/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

2.12.7 Фузариоз 
Республикада ауру кең таралған. Бұл кесел бұршақ тұқымдас кӛп 
жылдық ӛсімдіктердің барлық даму кезеңдерінде кездеседі. 
Кӛктеу кезеңінде ӛскіннің тұқым жарнағы асты иіні мен тамыр ұшы 
залалданса, дерт шалған ұлпалар қоңырқай тартып, ӛсімдік жансызданады. 
Ӛсіп-ӛнген ересек және екі-үш жылдық ӛсімдіктерде фузариоз, солу және 
тамыр шipiгi кездеседі. Кеселге шалдыққан ӛсімдіктердің негізгі 
тамырының жоғарғы бӛлігі мен қосымша тамырларында қара-қоңыр түсті 
құрғақ немесе сулы дақтар пайда болады да, ӛзек ұлпалары үгітіліп, 
ыдырап ӛсімдік қурайды. Heгізгi түтіктері залалданған ӛсімдік сабағының 
кӛлденең кесіндісінде қарайған сақина байқалады. Ауа райы ылғалды 
болған жағдайда ауруға шалдыққан ӛсімдік сабағының негізінде жеңіл ақ 
ӛңез түзіліп, бетінде қызғылт немесе сарғыш түсті саңырауқұлак спора 
тасушыларын байқауға болады.
Ауру қоздырғышы – Fusarium oxysporum Link., f. trifolii Raillo 
саңырауқұлағы. Қоздырғыштың әр ӛсімдікке бейімделген бірнеше 
формалары бар. Саңырауқұлақ макроконидиялары орақ тәрізді, сәл иілген 
немесе тік, 3-5 перделі. Микроконидиялары бip-eкі клеткалы, пішіні 
жұмыртқа немесе цилиндр тәрізді, тізбектеліп түзіледі. Хламидоспоралары 
түссіз, бip-eкi клеткалы, сырты тегіс немесе түкті. Ұсақ, қара түсті 
склероцийлері топырақта 3-4 жылға дейін сақталады. Ауру қоры – ӛciмдiк 
қалдықтарында 
қыстайтын 
хламидоспора 
және 
топырақтағы 
склероцийлер. Сыртқы ортаның әcepiнен және тӛмен агротехника (жиі 
eгic, қоректену және суару мӛлшерін сақтамау) әсерінен әлсіреген 
ӛсімдіктерде ауру қарқынды дамиды. 
Фузариоздан eгic сиреп, ӛнім сапасы мен шығымы тӛмендейді. 
2.12.8 Жоңышқаның солуы (вилт) 
Қазақстан Республикасының жоңышқа танаптарында жиі кездесетін 
ауру. 
Вилт ауруына шалдыққан жоңышқа ӛсімдігінің сабақ түтіктері және 
тамыр жүйесі залалданады. Кеселге шалдыққан ӛсімдіктің ӛcyi тежеліп, 
түбінен жаппай жанама сабақтар ӛсіп, ӛсімдік "мыстан сыпырғышы" деп 
аталатын күйге енеді. Бұл ӛсімдіктердің реңі ӛзгеріп, ақшыл-жасыл, сары 
түcке еніп, ауа температурасы тым жоғары болғанда жапырақтары 
қоңырланады. Әр шабыннан кейін ӛсімдіктердің қайта ӛсіп шығу қарқыны 
нашарлап, қурайды. 
Залалданған ӛciмдiк сабағы мен нeгiзгi тамырдың кӛлденең 
кесіндісінде қабық астында бастапқыда сарғыш түсті сақина немесе 
жартылай сақина пішінді, кейін қоңырланатын түтіктер байқалады. Тамыр 
қабығын аршығанда орталық сүректің сыртқы бӛлігі сары немесе ашық-
қоңыр түсті, ал сау ӛсімдіктерде ол ақ немесе сәл сарғыш болады. 


154 
Вилт ауруының қоздырғышы – Corinebacterium insidiosum Jens. 
бактериясы. Қоздырғыштың дамуына тамшыкүйіндегі ылғал және 12-18°С 
деңгейіндегі температура қолайлы жағдай туғызады. Инфекция ӛсімдік 
бойына насекомдар, топырақ ӛңдеуде қолданылатын құрал-саймандар 
немесе тӛменгі температураның әсерінен болған жарақаттар арқылы енеді. 
Бұл ауру беде мен түйежоңышқада да кездеседі. 
Вилт ауруының инфекциясы шӛп шапқыш машина, насекомдар, 
кеміргіштер арқылы таралып, қолайсыз жағдайдың әсерінен нашар 
дамыған ӛсімдіктерді залалдайды. Ауру қоры – залалданған ӛсімдік 
қалдықтары. 
Кеселдің әсерінен ӛсімдік мерзімінен бұрын солып, қурайды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет