148
температурада жақсы дамиды. Аурудың қоры залалданған ӛсімдік
қалдықтарында сақталатын жіпшумақ пен ооспоралар.
Кеселдің салдарынан жапырақтар мерзімінен бұрын қурап, ӛсімдік
жойылады. Кӛк шӛп ӛнімі мен тұқым шығымы 20-25% кемиді.
2.12.2 Ақ ҧнтақ
Республиканың барлық аймақтарында кездесетін ауру түрі. Әcipece
оңтүстік және оңтүстік-шығысында кең таралған.
Аурудың бeлгici жаздың екінші жартысында залалданған ӛсімдік
мүшелерінде ақ ұнтақты ӛңез түрінде біліне бастайды. Ӛңезде
кейін қара
нүкте тәрізді клейстотецийлер түзіледі (65-сурет).
Ауру қоздырғышы –
Erysiphe communis Grev., саңырауқұлағы.
Қоздырғыштың әртүрлі ӛсімдікке бейімделген арнайы формалары болады:
жоңышқада –
E. f. medicaginis, эспарцетте –
E.f.onobrichidis, бедеде –
E.f.trifolii. Орта Азияда
жоңышқаның ақ ұнтақ ауруын Leveillula taurica
Arn.f.medicaginis
Jacz.
саңырауқұлақтары
қоздырады.
Аталған
саңырауқұлақтың екі түpi де ӛсімдіктің вегетация кезеңінде қарапайым
конидиятасушыларда тізбектелген конидиялар түзеді.
Конидиялар эллипс
немесе бӛшке тәрізді, кӛлемі 27-33 14-17 мкм. Жаз бойы конидиялардың
бірнеше ұрпағы түзіліп, ауруды таратады.
Достарыңызбен бөлісу: