155
1. Ӛндіріске дақылдардың белгілі бір аймақтың табиғи климат
жағдайына бейімделген, ауруларға тӛзімді
сорттарын енгізіп, осы
сорттарға сай агротехника талаптарын жоғары деңгейде сақтау;
2. Ӛсімдіктерді ӛсіп-жетілу кезінде ауруларға тӛзімділігін арттыру
мақсатында фосфор, калий тыңайтқыштарымен үстеме қоректендіру;
3. Топырақта
инфекция қорының жинақталуының алдын-алу
мақсатында белгілі бір аймаққа ұсынылған
ауыспалы егістікті сақтап,
дәнді бұршақ дақылдарға қолайлы алғы дақылдар – картоп, кӛкӛніс,
қызылша және астық дақылдарын егу;
4. Тұқымдық eгicтi тауарлық егіс танабынан алшақ егу;
тұқымды
ауруға шалдықпаған, сау ӛсімдіктерден жинап, тазартып, ipiктeп; себер
алдында тұқымды аймақта ұсынылған химиялық препараттармен дәрілеу;
5. Әр дақылға сай аймақта ұсынылған тұқым себу мӛлшерін және
терендігін сақтап, мерзімінде себу;
6. Вегетация кезеңінде ӛсімдіктердің бойында
аурулардың белгісінің
айқындалу дәрежесіне сай рұқсат етілген тізімге сәйкес фунгицидтермен
бүрку;
7. Вирус ауруларының қорын жинақтаушы арам шӛптермен және
қоздырғышты тасымалдаушы насекомдармен ұдайы күрес шараларын
ұйымдастыру;
8. Дақылдар ӛнімін ауқытылы
және қысқа мерзімде жинап, танапты
ӛсімдік қалдығынан тазартып, патоген қорын барынша азайту мақсатында
топырақты терең сүдігер жырту.
Достарыңызбен бөлісу: