Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық



Pdf көрінісі
бет108/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

66-сурет. Жоңышқаның қоңыр дақ 
ауруы 
Тұқымдық 
жоңышқаның 
бұршағы түзілу кезінде ауру қатты 
дамып, ӛсімдіктің ӛcyi саябырлап, 
бұршақтары 
аз 
байланып 
жапырақтары, гүлдері, түйіндері, 
бұршақтары түсіп қалады.
Ps.medicaginis 
саңырауқұлағының жыныссыз пикноспоралары пикнидаларда түзіледі. 
Соңғылары қыстап, кӛктемде пикноспоралар жоңышқаны залалдауы 
мүмкін. Ылғалды және жылы ауа райы аурудың дамуына ықпал етеді. 
Ауру қоры – ӛсімдік қалдығы мен аңызда қыстап шығатын апотецийлер.
Кеселдің салдарынан залалданған жапырақтар мезгілсіз түсіп, 
шӛптің сапасы тӛмендейді, тұқымы жетілмей әлжуазданады. 


150 
2.12.4 Сары дақ 
Кесел республиканың оңтүстік-шығысында таралған. Бұл кеселмен 
жоңышқаның жапырағы ерте кӛктемнен күздің соңына дейін залалданады. 
Дертке шалдыққан ӛсімдіктің алғашында тӛменгі, кейін жоғарғы 
жапырақтарында сарғыш түсті,
хлорозды, жайылған дақтар пайда 
болады. Кейін дақ бетінде майда 
қара түсті пикнидалар түзіледі де 
жапырақтар қурап, түсіп қалады 
(67-сурет). 
67-сурет. Жоңышқаның сары 
дақ ауруы 
Ауру 
қоздырғышы 
– 
Sporonema 
phacidioides 
Desm
саңырауқұлағы. 
Конидиятасушылары 
мен 
конидиялары түcciз, бip клеткалы, 
кӛлемі 5-9 2-4 мкм. Кейбір 
деректер бойынша бұл саңырауқұлақтың қалталы кезеңі Pseudopeziza 
jonesii Nan. деп аталады. Қазақстанда саңырауқұлақтың тек конидиялы 
кезеңі дамиды. Саңырауқұлақ пикнидалар күиінде қыстап шығып, жаз 
бойы ауру пикноспоралармен таралады. Қолайлы жағдайда (60-80% 
ылғалдылық, 20-25°С температура) ауру қысқа мерзімде (3-5 күн) дамып, 
тез таралып, жас жапырақтарды залалдайды. Жылы қыс,
ылғалды кӛктем, 
жаздағы мол шық аурудың қарқынды дамуына әсерін тигізеді. 
Саңырауқұлақ ӛсімдік қалдықтарында қыстайды. 
Кеселдің әсерінен жапырақтың ассимиляциялық бeтi кiшipeйiп, кӛк 
балаусасы мен тұқым шығымы кеміп, сапасы тӛмендейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет