165
74-сурет. Кҥнбағыстың ақ шірік (склеротиния) ауруы:
1 – залалданған сабақ етегі, тамыр мойны;
2 – сабақ ішіндегі саңырауқұлақ
склероцийлері;
3 – саңырауқұлақ склероцийлері;
4 – залалданған тұқым;
5 –
залалданған
ӛсімдіктің сырт кӛрінісі;
6 – залалданған себетгүл
Ақ шipiк ауруы күнбағыстың себетін де залалдайды. Бұндай
жағдайда залалданған ӛсімдік себетінің сырт жағына ақшыл-қоңыр дақтар
түсіп, ұлпасы ылғалданып оңай тесіледі (74, 6-сурет). Дақтар тез ұлғайып,
олардың үстінде және себет бетінде ақ түстi киізді ӛңез түзіледі. Бұл
саңырауқұлақ жіпшелері, ол тұқымға да енеді. Тұқымдардың ішінде және
аралықтарында кейін тұтасқан, торлы қара склероцийлер түзіледі.
Ақ шірік ауруының қоздырғышы –
Ascomycetes класының
Helotiales
қатарына жататын
Sclerotinia sclerotiorum dВу. саңырауқұлағы. Бұл
саңырауқұлақ әртүрлі тұқымдастағы ӛсімдіктерді – темекі, жүгері,
қызылша, сәбіз және т.б. дақылдарды да залалдайды.
Саңырауқұлақ склероций түрінде қыстайды. Кӛктемде қысқы суықта
тоңазыған склероцийден табақша тәрізді, ұзын сабақты апотецийлер ӛнеді.
Оның iшкі жағында қалың қабықты қалта мен қалтаспоралар орналасады.
166
Бip склероцийден кӛлеміне байланысты бірнеше жеміс денелер түзіледі.
Аскоспоралар ӛсімдік бетіне түсіп, жіпшеге ӛнеді де, ӛсімдікке енеді. Ақ
шірік ауруының инкубациялық кезеңінің ұзақтығы – 7-10 күн.
Склероцийлер кӛктемде және жаз бойы ӛнеді, сондықтан ӛсімдік
ауруға
бүкіл вегетация бойына, барлық ӛсіп-жетілу кезеңдерінде шалдығады.
Тоңазымаған склероцийлер жіпшелерге ӛніп, олар ӛсімдіктің тамыр мойны
мен сабақтың тӛменгі бӛлігіне енеді. Ӛсімдіктен ӛсімдікке саңырауқұлақ
жіпшесімен тарайды. Жіпшелері кепкенде де тіршілігін сақтайды.
Олардың үзіндісі
желмен таралып, ылғалды ортада күнбағысты қайта
залалдайды.
Кейбір ӛсімдіктер ақ шіріктің жасырын түрімен ауырады. Бұл
жағдайда ӛсімдікте аурудың сырт белгісі кӛрінбейді, бipaқ күнбағыс
биіктеп ӛспей, себеті жетілмей, ӛнімі
25% (кейде одан да кӛп) тӛмендейді.
Кеселдің дамуына қолайлы жағдай – температура деңгейі 15-18°С және
орта ылғалдылығы – 60 -80%. Кеселдің инфекция қоры ӛсімдік
қалдықтарында және топырақта сақталады. Склероцийлер тұқым арасында
да сақталуы мүмкін.
Ақ шipiк – ӛте зиянды кесел. Дертке шалдыққан жас ӛсімдіктер
қурап, ал ересек ӛсімдіктердің бойында тұқым түзілмейді. Ауруға
шалдыққан ересек ӛсімдіктердің бойында тұқым түзілсе де, олар жетілмей,
нәтижесінде тұқым майлылығы тӛмендеп,
iшi склероцийлерге толы
болады.
Достарыңызбен бөлісу: