157
3-тарау. ТЕХНИКАЛЫҚ ДАҚЫЛДАРДЫҢ АУРУЛАРЫ
3.1 Мақта аурулары
3.1.1 Гоммоз
Гоммоз мақта ӛсірілетін барлық аймақтарда жиі кездесетін кесел.
Дерт белгілері вегетацияның барлық кезеңдерінде мақта ӛсімдігінің
топырақ
бетіндегі мүшелерінде байқалады.
Дертке шалынған мақта ӛсімдігінің тұқым жарнағында майда, пішіні
дӛңгелек, майлы, қою-жасыл түcтi дақтар пайда болады. Бірте-бірте дақтар
ұлғайып, бip-бipiмeн қосылып, кейде тұқым жарнағының бетін түгел
алады. Залалданған ұлпалар қоңыр түске еніп, қурап, түсіп қалады да,
дертті ӛсімдік түгел қурайды.
Ауруға шалдыққан ӛсімдік жапырағының бетінде пішіні бұрышты,
майлы, қою-жасыл реңді дақтар түзіледі. Бұл дақтардың беті шырыштанып
кеуіп, қабыршақтанады. Егер жапырақ жүйкесі залалданса, онда жүйкені
бойлап шырыш бӛлінеді.
Кесел жапырақтан сағағына, кейін ӛсімдіктің
сабағына кӛшеді.
Мақтаның сабақ гоммозы аса зиянды. Ӛсімдік сабағын бойлап
бактериялар гүл сағағы мен гүл табанына, одан әpi қауашаққа тарап, мақта
талшықтарын залалдайды. Гоммоз ауруына шалдыққан ӛсімдік
сабағына
түсетін дақтар пішіні мен кӛлемі әртүрлі. Кейде дақтар сабақты түгел
орайды. Бұндай жағдайда сабақ заладанған тұсынан қисайып, сынып,
ӛсімдік қурайды. Гоммоз ауруына ӛсімдіктің ӛсу нүктесі де
шалдығуы
мумкш. Дерттің бұл түріне шалдыққан ӛсімдік сабағы жетілмей ергежейлі
болып қалыптасады немесе қарайып қурайды. Бұндай жағдайда дақ
шетіндегі ұлпалар дӛңестеніп ӛсіп, сабақ шытынайды (69-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: