Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық



Pdf көрінісі
бет109/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

2.12.5 Аскохитоз 
Республиканың барлық аймақтарында жиi кездесетін кесел. Кеселге 
шалдыққан ӛсімдіктің жапырағы, ӛркені, сабағы, гүлсағағы, бұршаққабы 
және тұқымдары залалданады. Дерт ӛсімдіктің тӛменгі жапырақтарынан 
басталып бірте-бірте жоғарғыларына кӛшеді. Дертке шалынған жапырақ 
бетінде шашыраңқы орналасқан дақтардың түci мен кӛлемі әртүрлі: 
майдалары – сарғыш жиекті, қара-қоңыр немесе қара түсті; ipiлepiнiң түci 
ашық-қоңыр немесе сарғыш, қара-қоңыр жиекпен кӛмкерілген. Ауруға 
шалдыққан жапырақтар жүйке бойымен айырылып, ширатылып, пішіні 
ӛзгереді. Дақ үстінде түзілген қара пикнидалар саны ӛте кӛп болғандықтан, 
залалданған жапырақ күйгендей болып кӛрінеді (68-сурет). 


151 
Ӛсімдік сабағына, жапырақ сағағына және бұршақбасына түскен 
дақтар майда, қара-қоңыр түci, жиегі алғашында майлы болып, кейін 
сарғаяды. Ipi ақшыл дақтар аталған мүшелерде ӛте сирек түзіледіКеселге 
шалдыққан ӛсімдіктің тұқымы қарайып, қабығы қыртыстанып, 
әлжуазданады. 
Жоңышқа 
аскохитозының қоздырғышы 
Ascochyta imperfecta Peck, 
саңырауқұлағы. 
Пикнидалары дақ үстінде тек 
жоғары 
ылғалдылықта 
түзіледі. Ауруға шалдыққан 
ӛсімдік жапырақтары бірден 
түciп, кейін олардың бетінде 
пикнидалар пайда болады. 
 
68-сурет. Жоңышқа аскохитозы 
Қураған сабақта шар тәрізді қалың қабықты қоңыр түсті, тӛбесінде 
саңылауы бар пикнидалар ұлпаға батып орналасады. Конидиялар бip 
немесе eкi клеткалы, түссіз, пішіні сопақша немесе цилиндр тәрізді. 
Ылғалды ауада жетілген пикнидалардан пикноспоралар қызыл шырыш 
түрінде шығып ӛсімдікті залалдайды. Инкубациялық кезеңнің ұзақтығы – 
4-6 күн. 
Беде аскохитозының қоздырғышы – Ascochyta trifolii Bond, et Truss, 
саңырауқұлағы. 
Қоздырғыштың 
пикнидалары 
шар 
тәрізді, 
пикноспоралары екі клеткалы, цилиндр тәрізді, кейде сәл иілген. Ауруға 
шылдыққан жапырақтарда кӛлемі үлкен, түci қара-қоңыр ортасы ашықтау, 
центрлі дақтар пайда болып, үстінде ашық-қоңыр түсті пикнидалар 
түзіледі. Инфекция қоры – пикнидалар және сабақта, жапырақта, тұқымда 
қыстап шыққан жіпшумақтар. Күзгі, кӛктемгі мол жаңбыр және жылы қыс 
инфекцияның сақталып, аурудың қарқынды дамын, таралуына ықпалын 
тигізеді. 
Аскохитоздың әсерінен ӛсімдіктің залалданған мүшелері мезгілінен 
ерте қурап, шӛптің азықтық сапасы мен ӛнімi тӛмендейді. Бұндай 
ӛсімдіктердің бойында түзілетін тұқым әлжуаз болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет