Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық



Pdf көрінісі
бет120/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

 
3.2.3 Сҧр шірік
Сұр шірік ауруы күнбағыстың пiciп жетілу кезеңінде жауын-шашын 
жиі болатын аймақтарда – Шығыс Қазақстан облысында кездеседі. 
Сұр шipiк ауруы күнбағысты бүкіл вегетация бойына залалдайды. 
Жас ӛсімдіктердің жапырағы және сабақ етегі ауруға шалдығады. 
Залалданған ӛсімдік бӛліктері кейін қоңырайып, беті сұр ӛңезбен 
жабылып, оның үстінде қара склероцийлер түзіледі де, ӛсімдік қурайды. 
Ӛсіп жетілген ӛсімдіктердің сабақ етегінде сызықшалар пайда 
болып, ұлпалары қоңырайып, кейін сұр ӛңез бетінде қоңыр дақтар түзіледі. 
Жоғарғы жапырақтары солып, тӛменгілері қурайды. Сабақтың залалданған 
ұлпалары ыдырап, сынады. Залалданған бӛліктерде домалақ, сәл басылған 
склероцийлер түзіледі (75. 1,2-сурет). 
Сұр шіріктің себеттегі бeлгici оның астыңғы бетінде майлы дақ 
түрінде байқалады. Гүл тұғырының ұлпасы жұмсарып, себет бетінде мол, 
сулы ӛңез пайда болады да 7-10 күннен соң себет шіриді. Тұқым бетінде 
және оның ішінде склероциилер түзіледі (75.3-сурет). 


167 
75-cурет. Кҥнбағыстың сҧр шірік ауруы: 
1 – залалданған ӛсімдік; 2 – аурудың сабақ бойындағы белгісі;
3 – залалданған себетгүл; 4 – сұр шірік ауруына шалынған күнбағыс 
тұқымы 
Сұр шірік ауруының қоздырғышы – Botrytis cinerea Fr
саңырауқұлағы (Deuteromycetes класының Hyphomycetales қатары). 
Қоздырғыш 200 жуық ӛсімдік түрлерін залалдайды. Саңырауқұлақтың 
жіпшумағы залалданған ӛсімдік мүшелеріне еніп, бетінде мол ӛңез түзіп, 
кӛптеген конидиялы спора тасушылар пайда болады. Саңырауқұлақтың 
жіпшелері күңгірт-сұр түсті, конидиятасушылары тік, қабығы қалың, 
тӛменгі бӛлігі қоңырлау, жоғарылаған сайын түссізденеді, бұтақталған, 
соңғы бұтағы майда, тicтi, олардың бетінде конидиялар топтанып 
орналасады. Қоздырғыштың конидиялары бip клеткалы, жұмыртқа немесе 
эллипс тәрізді, түci сәл боялған, кӛлемі 9-15 6-10 мкм. 
Склероцийлерден тӛменгі температурада ұзын сабақты апотецийлер 
ӛніп, жеміс дене ішінде цилиндр тәрізді қалталар мен жұмыртқа пішінді 
бip клеткалы қалтаспоралар түзіледі. Қолайлы температурада (19-26°С) 
склероцийден жіпшумақ және конидиялы спора тасушылар дамиды. 


168 
Саңырауқұлақ тамырда жіпшумақ түрінде, ал склероцийлер тұқым ішінде 
және ӛсімдік қалдықтарында сақталады. 
Сұр шірік ауруының салдарынан тұқымның сапасы мен ӛнгіштігі 
тӛмендеп, дәні зеңденіп, ӛскіндер шipiп, дақылдың ӛнімі күрт тӛмендеп 
кетеді. 
3.2.4 Тaт 
Тат ауруы Қазақстанның күнбағыс ӛсірілетін барлық аймақтарында 
кездеседі, оның зияндылығы әсіресе орталық Қазақстан аймағында ерекше 
зор. 
Тат ауруының қоздырғышы – 
Basidiomycetes класының Uredinales 
қатарына жататын Puccinia helianthi 
Schw. саңырауқұлағы. Тат ауруының 
бұл түрі – бip иелі, толық циклді, 
барлық кезеңі тұтасымен күнбағыста 
дамиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет