158
Дертке шалынған мақта ӛсімдігінің қауашағының бетінде қою-жасыл
майлы дақтар түзіліп,
кейін сәл ішке қарай басылып, ойық жара пайда
болады. Ерте (жас кезінде) залалданған қауашақтар ӛспей, реңі бозғылт
тартып, қурайды. Қауашақ бойында дақ тұсында қалыптасатын мақта
талшығы қоңыр-сары түсті болып, бip-бipінe жабысып қатты түйіндер
қалыптасады. Бұндай қауашақтар мүлдем ашылмауы мүмкін, ал
кейде
олардың бойында талшықтар мүлдем түзілмейді. Дертке шалынған
қауашақтың ауруға шалдыққан бӛлігі ӛспей кеуіп, ал сау жағы ӛсуін
жалғастыруы салдарынан ол кейде қисайып ӛседі. Қатты залалданған
қауашақ ашылмай үзіліп түсіп, тұқымдардың ӛнyi тӛмендейді.
Гоммоздың ауру қоздырғышы –
Xanthomonas malvacearum Dоw.
бактериясы. Қоздырғыш мақтаға бейімделген.
Бактерияның дамуына
қолайлы температура – 26-28°С. Оның тӛменгі даму температурасы 10°С.
Паразит тӛмен (-28°С) және жоғары (+72°С) температураларға ӛте тӛзімді.
Ғылыми деректер бойынша мақта талшығын аталған жоғары температура
деңгейінде ұзақ уақыт (36 сағат) кыздырғанда да, паразит тipшiлігін
сақтайды.
Ауру қоздығыш ылғалы мол топырақта және суда басқа
микроорганизмдердің әсерінен тез жойылады.
Вегетация кезеңінде ауру
қоздырғышы желмен, ұлпаның майда бӛліктерімен, шырыштың қатқан
қабыршақтарымен таралады. Жауын-шашын немесе мол шық әсерінен
бактериялар ӛсімдікбойына леп тесігі арқылы қайта еніп, оны залалдайды.
Инфекция қоры – тұқым мен сүректелген ӛсімдік қалдықтары.
Кесел аса зиянды. Жапырақ пен сабақ қатты залалданса, мақта ӛнімі
28-30% кеміп, талшық пен тұқымның сапасы тӛмендейді.
3.1.2 Вилт – вертициллезді солу
Вертициллезді солу, немесе вилт ауруы мақта eгілетін барлық
аймақтарда таралған.
Вилт ауруына шалдыққан ӛсімдіктің тӛменгі жапырақтарында
шашыраңқы орналасқан пішіні дӛңгелек немесе
бұрышты сарғыш дақтар
түзіліп, ұлпалардың жасыл түсі тек жүйке бойында ғана сақталады.
Дақтар кейін коңырланып, кебеді. Ауру әрі қарай меңдеп, гүл түйіні
байланған кезде мақта жаппай ауруға шалдығады. Кесел шалған ӛсімдіктің
бойында ауру белгісі бастапқы кезеңде астыңғы жапырақтарында
байқалып, кейін ӛciмдікті бойлай жоғары кӛтеріліп,
дертке шалдыққан
жапырақтар бipтe-бipтe қурап түседі. Кейде дертке шалдыққан ӛсімдіктің
жапырақтары бірден түгел түсіп қалады да, қауашақтары жетілмей
қурайды. Жас ӛсімдіктердің залалданған жапырақтары түciп, ӛcyi тоқтап,
қурайды. Кейбір ӛсімдіктің жоғарғы бұтақтарына жапырақтар қайта ӛсуі
мүмкін, бipaқ бұл жапырақтар хлорозды сарғыш болып, ӛсімдік ӛнім
бермейді. Мақта ӛсімдігі
кейде кенеттен солып, жапырақтары салбырап,
159
қурайды, бipaқ түспей 2-3 күнде ӛсімдік жойылып, қауашақтағы талшық
пен тұқымдар жетілмейді (70-сурет).
Кеседің негізгі белгісі – ӛткізгіш түтіктер қоңырланып, оларға жақын
орналасқан ұлпалар күңгірттенеді (70-сурет).
Вилт ауруының қоздырғышы –
Verticillum dahliae Kleb.
саңырауқұлағы (саңырауқұлақтар патшалығының
Ascomycota бӛлімі,
Ascomycetes класының Hypocreales қатарына жататын
Verticillium туысы.
Үнемі топырақта кездесетін 700-ге жуық ӛсімдік түрлерін залалдайтын
саңырауқұлақ.
Саңырауқұлақтың
жіпшумағы
түссіз,
перделі,
конидиятасушылары күлтеленіп, ұштары бірнеше тарамдалып келеді.
Тарамдардың ұшында конидиялар топталып жинақталады. Конидиялар
пішіні
эллипс тәрізді, бip клеткалы, бip ядролы, кӛлемі 3-6 1,5-2 мкм.
Саңырауқұлақ
ӛзінің
даму
циклінде
хламидоспоралар
мен
микросклероцийлер түзеді. Микросклероцийлердің пішіні сопақшалау,
сыртқы
қабығы қалың, қара-қоңыр түсті ішкі бӛлігі
жіңішке түссіз
жіпшелерден тұрады. Олар ӛсімдік сола бастаған кезде пайда болады.
Склероцийлер кӛктемде, температура 7°С жеткенде ӛсе бастайды (қолайлы
даму температурасы – 24-26°С, ылғалдылығы – 60-70%). Бірақ бұл
саңырауқұлақ тipшілік қабілетін аса жоғары (+ 80°С) және тӛмен
температура деңгейінде де (- 30°С) сақтайды.
Достарыңызбен бөлісу: