178
арам шӛптердің (шырмауық, қалуен, цикорий т.б.) тipi клеткаларында
сақталып, вегетация кезеңінде шырмауық цикадасымен таралады.
Столбур ауруының салдарынан темекінің тұқым және шикізат
ӛнімінің сапасы мен шығымы тӛмeндeйдi.
Темекіні аурулардан қорғау
Темекіні
аурулардан
қорғау
жүйесі
профилакгикалық,
агротехникалық, шаруашылықты ұйымдастыру шараларына негізделген:
1. Жылыжайлар мен кӛшетханаларды кӛкӛніс, жеміс дакылдарынан,
картоп, темекі қоймаларынан және ӛнім кептірілетін орындардан 1000 м
алшақ
орналастыру;
2. Кӛшетханаларда қолданылатын құралдарды 40% формалиннің 2%
ерітіндісімен зарарсыздандыру;
3. Кӛшетхананың топырақ қоспасын 40% формалиннің, ерітіндісімен
(1 бӛлік формалинді 40 бӛлік сумен қосып, 80-100 л/м
3
) зарарсыздандыру;
4. Ауруға тӛзімді аудандастырылған сорттарды енгізу;
5. Тұқымдық материалдарды сау ӛсімдіктерден жинау, тұқымды
себуден 3 күн бұрын формалиннің судағы ерітіндісінде (1:50) 10
минут
ӛңдеп, 10-15 минут ағын сумен жуып, кӛлеңкеде кeптіpy;
6. Тұқымның себу мӛлшерін (0,5-0,6 г/ м
2
), ӛсімдік жиілігін, себу
мерзімін сақтап, кӛшетхананы желдету және кӛшет ӛсіруде ұсынылған
басқа да агротехникалық әдістерді қолдану;
7. Тамыр және сабақ шіріктерінің
алғашқы белгілері біліне
бастағанда топырақты 50% бенлаттың, с.ұ. – 0,2% суспензиясымен (1,5-3
г/м
2
) ӛңдеп, кӛшеттерді түптеу;
8.Пероноспороз, шұбар бактериоз белгілері біліне бастағанда бордос
сұйығымен (6-8 кг/га) ӛңдеу;
9.Арам шӛптер мен ауру ӛсімдіктерді жою;
10.Ӛнім
кептірілетін орындардағы темекі қаддықтарын жинап
жою;
11.Дала егістіктерінде темекі егілетін танаптарды ерте кӛктемде
терең жыртып, арам шӛптерден таза сақтау;
12.Ауыспалы егістікті сақтап, алғы дақылды (астық
дақылдары,
бұршақ тұқымдас шӛптер) дұрыс таңдау;
13.Егістікгерді кӛкӛніс, жеміс, картоп, жүгері, қант қызылшасы
дақылдарынан, жылыжай мен кӛшетханадан, қоймалардан және темекіні
кептіретін орындардан 1000 м алшақ орналастыру;
14.Жоғары сапалы кӛшеттерді (биіктігі 16-17 см, сабағы жуан)
танаптарға мерзімінде отырғызып, минералды тыңайтқыштарды (әcipece
фосфор, калий) енгізіп,
мезгілімен суарып, қатар аралықтарын үнемі
қопсыту;
15.Пероноспороз, шұбар бактериоз және ақ ұнтақ ауруларының
белгілері біліне бастағанда тізімде рұқсат берілген фунгицидтер
179
еірітінділерімен ӛңдеу;
16.Инфекцияны жинақтаушы арам шӛптер, вирус және басқа да
ауруларды тасымалдаушы насекомдармен ұдайы күресу;
17.Ауруға шалдыққан ӛсімдіктердің тӛменгі
жапырақтары мен
ересек ӛсімдіктерді (1-2% дейін) жинап, егістіктен шығарып, жою;
18.Шұбар бактериоз, ақ ұнтақ, пероноспороз ауруларына шалдыққан
жапырақтарды пicy мерзімінен бұрын жинау.
19.Ӛнімді алғаш ауруға шалдықпаған, соңынан вируспен залалданған
ӛсімдіктерден жинау.
Достарыңызбен бөлісу: