175
Темекінің ақ ұнтақ ауруының коздыргышы –
Erysiphe cichoracearum
DC. f. nicotianae Jacz. саңырақұлағы. Оның жіпшумағы кӛп
клеткалы,
түссіз. Конидиятасушылары қарапайым, конидиялары эллипс тәрізді,
кӛлемі 32-44 14-20 мкм, тізбектеліп түзіледі.
Вегетация кезеңінде саңырауқұлақ конидиялармен кӛбейеді.
Клейстотецийлер сирек түзіледі. Ауру 18-23°С температурада, 60-75% ауа
ылғалдылығында жақсы дамиды. Ақ ұнтақ ылғалы мол ойпаң учаскелерде
және шамадан тыс жиі егістерде жақсы дамиды. Инфекция қоры –
залалданған ӛсімдік қалдықтары.
Ақ ұнтақтың зияндылығы аурудың
даму дәрежесіне тікелей
байланысты болып, ӛнімнің саны мен сапасын тӛмендетеді. Егер жапырақ
алақанының 25% ауруға шалдықса, ӛнім 25% кемиді.
3.3.5 Шҧбар бактериоз
Шұбар бактериоз ауруы темекі ӛсірілетін ылғалы мол аймақтарда
кездеседі. Бұл ауруға негізінен темекі кӛшеттері мен ересек ӛсімдіктерінің
жапырақтары шалдығады.
Кесел шалған темекі кӛшеті жапырақтарының
жиегінде майлы
немесе суланған дақтар түзіледі. Ауа райы құрғақ болған жағдайда дақтар
кеуіп, реңі қоңырайып немесе қараяды, ал ылғалды жағдайда – депрт
шалған жапырақтар шіриді.
Темекі танабында ауруға шалдыққан ӛсімдік
жапырағына кесел
пішіні дӛңгелек хлорозды дақ түрінде түседі де, дақ бipтe-бipтe ұлғайып
(диаметрі 1-3 см), ұлпа ортасынан бастап жансызданып, қоңыр-сұр түсті
болып,
дӛңестеніп,
жиегі
шеңберленіп кӛмкеріледі (82-
сурет).
Дертті
ӛсімдіктің
жапырақ
сағағында ашық қоңыр,
ал тұқым қауашағында басылған
қоңыр дақ түзіледі.
82-сурет.
Темекінің
шҧбар
бактериоз ауруы
Темекінің шұбар бактериоз ауруының қоздырғышы –
Pseudomonas
tabacum Dowcon бактериясы. Инфекция ӛciмдік бойына механикалық
жаралар, жарықтар және су тамшысы болған
жағдайда жапырақтың леп
тесіктері арқылы енеді. Кеселдің дамуына 22-25°С температура және
жоғары ауа ылғалдылығы қолайлы.
Шұбар бактериоз ауруы темекіден басқа бұрыш, қызанақ,
картоп
және басқа да дақылдарды да залалдайды. Ауру инфекциясы тұқымда,
176
шірімеген ӛсімдік қалдықтарында, пайдаланылатын
құрал-саймандарда
сақталады. Ылғалы мол топырақта қоздырғыш тез жойылады.
Шұбар бактериоз дертімен залалданған темекі жапырақтарының
сапасы тӛмендеп, ауру қатты дамығанда дақыл ӛнімі 40-50%-ға жойылады.
Достарыңызбен бөлісу: