Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық



Pdf көрінісі
бет125/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

3.3.2 Тамырдың қара шipiгi 
Темекі егілетін барлық аудандарда таралған. Кесел ӛсімдікті 
жылыжайларда және егістерде залалдайды. 
Кӛшеттің залалданған тамырлары қоңырланып 
немесе қарайып, ауру қатты дамығанда жапырақтары 
солып, сарғайып, қурайды. Жас ӛсімдіктер кӛбіне 
жойылады, ал epeceктepi ауруға шыдамды келеді. 
Егер 
залалданған 
ӛсімдікті 
түптеп, 
үстеп 
қоректендірсе, онда жаңа тамырлар пайда болуы 
есебінен оның тӛзімділігі артады. Залалданған 
тамырларда қара-қоңыр дақтар пайда болып, ауру 
қарқынды дамығанда олар қарайып, шіриді (79-
сурет). 
79- 
сурет. Тамырдың қара шірік ауруы: 


173 
тамырдың залалдануы 
Егістікте ауруға шалдыққан ӛсімдіктің ӛcyi саябырлап, кейде 
жапырақтары сарғайып, некрозды дақтар түзіледі. Ауа райы құрғақ 
болғанда темекі солып, қурап, топырақтан оңай жұлынады. 
Тамырдың қара шірік ауруының қоздырғышы – Thielaviopsis basicola 
Ferr. саңырауқұлағы. Саңырауқұлақтың қоңыр түcтi жіпшумақтарында 
алғаш түссіз, бip клеткалы, пiшiні таяқша тәрізді эндоконидийлер, кейін 
қара-қоңыр түcтi, қалың қабықты тізбектелген хламидоспоралар түзеді. 
Хламидоспоралар қыстап шығып, 10-27°С температура деңгейінде ӛніп, 
жіпшумақ түзеді. Ауа ылғалы жеткілікті, топырақ ерітіндісінің рН деңгейі 
6,4-7,0 аралығында ауру қарқынды дамиды. Жаз айлары ыстық болып
топырақтың тез кебуі инфекцияның жойылуына әсер етеді. 
Аталған ауру қоздырғышы темекіден басқа 100-ден астам ӛсімдік 
түрлерін –мақта, беде, жоңышқа, бӛрібұршақ, жасымық және тағы 
басқаларын залалдайды. Кеселдің инфекция қоры – ӛсімдік қалдықтары 
мен топырақтағы саңырауқұлақ жіпшумағы мен хламидоспоралар. 
Тамырдың қара шipiк дертінен ӛскін жойылып, ӛсімдіктің дамуы 
саябырлап, кӛшеттің және темекі шикізатының сапасы тӛмендейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет