Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық



Pdf көрінісі
бет128/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

3.3.6 Темекі теңбілі (мозаикасы) 
Темекі теңбілі Республикада кең таралған ӛсімдік ауруы. Бұл 
аурумен темекі ӛсімдігі бүкіл вегетация бойына, барлық кезеңдерінде 
залалданады. 
Дертке шалдыққан темекі жапырағында ашық-жасыл түсті, бұрыс 
пішінді теңбіл дақтар пайда 
болады. 
Залалданған 
жапырақтың 
жиегі 
үстіне 
қарай сәл ширатылып, кейін 
бетінде 
қабынған 
ipi 
кӛпіршіктер 
түзіледі 
(83-
сурет). 
 
83-сурет. 
Темекі 
теңбілі 
(мозаика) 
 
Темекі теңбілі ауруының қоздырғышы – Nicotiona virus I Smith
вирусы (84-сурет). Бұл қоздырғыш құрғақшылыққа ӛте тӛзімді, олар ұзақ 
уақыт темекі тозаңында сақталып, желмен кӛшеттіктерге және егістікке 
тарайды. Вирустың патогенділік дәрежесі аса жоғары, жапырақ және басқа 
да мүшелерге майда жарақаттар 
арқылы енеді. 
 
 
 
 
 
 
 
84-сурет. Темекі теңбілі ауруының вирусы – Nicotiona virus I Smith 
 
Темекі теңбілі кеселінің патогені вегетация кезінде ауру ӛciмдік пен 
сауы жанасқанда, күтіп-баптау, қопсыту кезінде, ӛсімдік бұтақтарын 
сирету, жапырақ ӛнімін жинау кезінде ӛсімдік шырыны арқылы таралады. 
Вирус негізінен бітелер және басқа да ұсақ насекомдар кӛмегімен 
таралады. 


177 
Бұл темекі теңбілінің вирусы темекіден басқа – картоп, қызанақ, 
рауғаш. бүлдірген, бұрыш, кӛкпек, қара алқа және басқа дақылдарды 
залалдайды. Инфекция қоры – шіріген ӛсімдік қалдықтары. 
Теңбіл ауруына шалдыққан темекі ӛсімдігінің ӛсіп-жетілуі 
саябырлап, жапырақтары морт сынғыш келіп, ӛнім сапасы тӛмендейді. 
 
3.3.7 Қола тҥсті қызанақ теңбілі (мозаикасы) 
Қола түсті қызанақ теңбілі Қазақстан Республикасында барлық 
темекі егістігінде кездесіп, темекі ӛсімдігiн бүкіл вегетация бойы 
залалдайды.
Қола түсті қызанақ теңбілі ауруына шалдыққан темекі ӛсімдігінің 
жоғарғы жас жапырақтары сарғыш-жасыл түске еніп, жүйке аралықтары 
бұдырланып, қатпарланады. Ӛсімдік бойының орта бӛлігіндегі 
жапырақтарының бетінде некрозды, пiшінi әртүрлі дақтар түзіледі. Ауруға 
шалдыққан темекі ӛсімдігінің жоғарғы бӛлігі тӛмен иіліп, сабақтарында 
қоңыр немесе қара жолақтар пайда болады. Гүл түйінін байланғанға дейін 
залалданған жас ӛсімдіктер қоздырғыш зардабына шыдамай жойылады. 
Қола түсті қызанақ теңбілі ауруының қоздырғышы – Lycopersicum 
virus Smith. вирусы. Бұл вируспен темекі мен қара темекіден басқа да 
ӛсімдіктер – қызанақ, баклажан, бұрыш және арам шӛптер де залалданады. 
Ауру қоздырғыш вирус трипстер кӛмегімен және ӛсімдіктерді сирету 
кезінде түсетін механикалық жарақаттар арқылы таралады. Кеселдің 
инфекция қоры – қыстап шыққан трипстер. 
Қола түсті қызанақ теңбіліне шалынған ӛсімдіктердің ӛнімділігі және 
ӛнім сапасы тӛмендейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет