174
немесе жолақ түрінде басылған қоңыр дақтар пайда болады. Дақтар сабақ
бойында, оны тұтас орап дамыса, ол сынады. Кесел шалған гүлсидамдар
жіңішкеріп, күңгірттеніп, кеуіп, қауашақта түзілген тұқым әлжуазданып,
жетілмей қалады. Аурудың диффузды таралған түрінде ӛсімдік биіктеп
ӛспей, буынаралықтары қысқарады.
Темекінің пероноспороз ауруының қоздырғышы –
Oomycetes
класының
Peronosporales қатарына жататын Peronospora tabacina Adam
саңырауқұлағы. Саңырауқұлақтың бip клеткалы жіпшумағы ӛсімдік
бойында клетка аралықтарымен таралып, залалданған ұлпада конидиялы
спора
тасушылардан
тұратын
ӛңез
түзеді.
Саңырауқұлақ
конидиятасушьшары
дихотомиялы тармақталған, түссіз, конидиялары
эллипс, жұмыртқа немесе домалақ пішінді, кӛлемі 14-28 х 11-21 мкм.
Вегетация кезеңінде саңырауқұлақ конидиялармен таралып, бірнеше ұрпақ
береді.
Жынысты жолмен кӛбейгенде саңырауқұлақ домалақ пішінді,
сарғыш немесе қызыл-қоңыр түсті, қабығы
бұдырлы қыстайтын ооспора
түзеді. Ӛсімдіктің залалдануы және аурудың дамуына жиі жауын-шашын,
мол шық, тұман, ауа ылғалдылығы 100%, температура деңгейі 16-20°С,
болғаны қолайлы. Дерттің инфекция қоры – ӛсімдік қалдықтары мен
тұқымның бойында сақталатын саңырауқұлақ ооспоралары мен
жіпшумақтары.
Пероноспороз ауруына шалдыққан темекі кӛшеттері тез жойылып,
нәтижесінде ӛнімнің саны мен сапасы күрт тӛмендейді, ал
эпифитотия
болған жағдайда темекі ӛнімі 50-75% кеміп, шаруашылыққа аса кӛп зиян
келеді.
3.3.4 Ақ ҧнтақ
Ақ ұнтақ кеселі Республиканың темекі ӛсіретін барлық
аймақтарында таралған. Бұл аурумен ӛсімдік негізінде егістікте
залалданады.
Ақ ұнтақ ауруының белгісі алғашында темекі ӛсімдігінің тӛменгі
жапырақтарында біілініп,
кейін жоғарғыларына да
таралады.
Жапырақтың
үcтiңгi
бетінде жеке дақ
түрінде ақ ұнтақты ӛңез
түзіледі де, тез ұлғайып,
оны
түгел
қамтиды.
Залалданған жапырақ түсі
қоңырайып, кеуіп, сынғыш
келеді (81-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: