Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық



Pdf көрінісі
бет130/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

 
3.4 Қызылша аурулары 
3.4.1 Тамыр жегі 
Тамыр жегі кеселі Республиканың қызылша eгiлетін барлық 
аймақтарында кездесетін ауру. Бұл кесел әсіресе кӛктемі созылыңқы, суық 
жылдары кӛп жайылады. 
Тамыр жегі ауруы қызылша ӛскіні кӛрінгеннен бастап eкіншi қос 
жапырағы шыққанға дейін залалдайды. Дерт шалған қызылша ӛскінінің 
ұшында бастапқыда дақтар, сызықшалар пайда болып, біртіндеп қарая 
бастайды. Дақтар ұлғая келе қосылып, тамырша түгел қараяды (85-сурет). 
Ӛскіннің тамыр мойны залалданса, оның ұлпасы қарайып, шіриді. Тұқым 
жарнағының кейде сағағы да шіриді. Тамыр жегі ауруына шалдыққан 
ӛcімдіктep нашар дамып, жансызданып қурайды. Егер ӛсімдік тамыры 
aypуғa шалдыққан сабағын жаңартатын болса, онда ол кеселден сауығуы 
мүмкін. Ересек ӛсімдіктер бұл ауруға тӛзімді келеді. 
Тамыр жегінің қоздырғыштары – әр түрлі саңырауқұлақтар мен 
бактериялар. Жиі кездесетін саңырауқұлақ түрлері – Fusarium, Pythium, 
Aphanomyces, Phoma, Rhizoctonia, Penicillium т.б. ал бактериялар – Erwinia, 
Pseudomonas және басқалары. 
Тамыр жегі ауруының сыртқы белгілері қоздырғышқа байланысты 
білінеді. Егер ӛсімдік саңырауқұлақтармен залалданса, онда дерт шалған 
ұлпа бетінде түрлі-түсті (ақ, сұр, қызғылт-сары, қоңыр) торлы немесе 
киізді жіпшумақтан тұратын ӛңез түзіліп, оның үстінде түрлі споралар 
(зооспора, конидия) мен склероцийлер пайда болады.
Ал дерт қоздырғышы бактериялар болса, онда дерт шалған тұсында 
пайда болатын дақ беті шырыштанып, сулы шipiккe айналады. 


180 
85-сурет. Тамыр жегі ауруына шалқықан қызылша ӛскіндері 
 
Кеселдің дамуына себуге сапасыз тұқым пайдалану, тұқым себуді 
мерзімінде жүргізбеу, бip дақыддылық (ауыспалы егістіктің болмауы), ауа 
температурасының 
күрт 
ӛзгеріп 
құбылуы, 
топырақ 
бетінің 
қабыршақтануы, қоректік заттардың жетіспеуі, сондай-ақ ауыр сазды 
топырақ қолайлы жағдай туғызады. Инфекцияның негізгі қоры – 
залалданған ӛсімдік қалдықтары мен топырақ. 
Тамыр жегі салдарынан тұқымның ӛнyi тӛмендеп, ӛскін әлсіреп, 
eгicтiк сирейді. Залалданған ӛсімдіктердің ӛнімі кеміп, тамыр жемістер 
шipiк ауруларына тӛзімсіз келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет