190
топырақта (рН 7,5-8,0) жақсы жетіледі.
Бұл қоздырғыштар тамыр
ұлпаларына терең енбейді, сондықтан да клетчатка ыдырамайды.
Кәдімгі таз кеселінің дамуына мол жаңбырдан кейін топырақтың
тығыздалуы және жоғары температура қолайлы жағдай туғызады.
Аурудың инфекция қоры – залалданған тамыржемістер мен топырақ.
Дертке шалынған қызылша тамыржемісі дұрыс жетілмей, қанттылық
дәрежесі тӛмендейді. Залалданған тамыржемістер
қоймада сақталмай,
қағат (шоқа) шipiгiнiң ошағы болуы мүмкін.
3.4.13 Тамыржеміс ісігі (рак ауруы)
Қызылша тамыржемісінің ісігі кең таралған кесел, бipaқ егістікте
залалданған ӛсімдіктердің саны кӛп болмайды.
Тамыржеміс рак ауруының қоздырғышы –
Agrobacterium tumefaciens
Conn, топырақ бактериясы. Ауру қоздырғыш паразитті заладанған
тамыржеміс ұлпасында
аурудың тек бастапқы
кезеңінде
кӛруге
болады,
кейін
олар
бактериофагтар әсерінен ыдырап жойылады.
94-сурет. Қызылша тамыржемісінің ісігі
(бактериялы рак)
Дертке
шалынған
қызылша
тамыр
жемісінде кӛлемі әртүрлі, кейде тамыржемістің
ӛзінен де үлкен бұлтықтар мен іcіктep түзіліп
жеміске жіңішке кіндік арқылы тіркеледі.
Бактериялар әрекетінің
салдарынан залалданған клеткалар тез бӛлініп, саны кӛбейіп (гиперплазия
құбылысы), бұлтық (icіктep) пайда болады. Кесел нәтижесінде пайда
болатын бұлтықтар кӛбіне тамыржемістің мойнында немесе тӛменгі
бӛліктерінде түзіледі. Icіктep тегіс, бұдырлы немесе қыртысты болып, беті
жақсы жетілген қабықпен жабылады (94-сурет). Iшкi ұлпалары ақ түсті,
сырты қара-сұр немесе қоңырлау, алғашында шірімейді. Инфекция қоры –
топырақ.
Дерт шалған қызылша тамыржемістері қоймада тез шipiп,
сақтауға
келмейді.
Достарыңызбен бөлісу: