197
100-сурет. Фитофтороз ауруымен залалданған картоп
101-сурет. Картоптың фитофтороз ауруының қоздырғышы
Phytophthora infestans саңырауқҧлағының даму циклі
Залалданған түйнекте сәл басылған сұрлау дақтар пайда болады.
Түйнек кесіндісінде ішке қарай таралған "тіл" тәрізді.
сарғыш-қоңыр
ұлпалар байқалады.
Картоптың фитофтороз ауруының қоздырғышы –
Phytophthora
infestans dBy. саңырауқұлағы (101-сурет). Бip клеткалы қоздырғыш
жіпшумағы клетка аралығымен таралады. Гаусторийлар клетка ішіне еніп,
саңырауқұлақты қоректік заттармен қамтамасыз етеді.
Нашар тармақталған зооспорангий тасушылар жапырақ саңылаулары
арқылы сыртқа шығып, жеңіл ӛңез түзеді. Зооспорангийлері бip клеткалы,
198
кӛлемі 25-33 15-20 мкм, пішінi сопақша, түссіз,
қабығы тeгic, Tӛбeci
бүpшiктi. Зооспорангий ішінде 4-16 зооспора түзіледі. Зооспорангий кейде
конидия сияқты жіпшеге енеді. Саңырауқұлақтың жынысты спорасы –
ооспора, пiшiнi шар тәрізді, түссіз, ӛте сирек түзіледі.
Аурудың дамуына қолайлы жағдай – 18-22°С температура мен 75%-
дан жоғары ауа ылғалдылығы. Залалдану үрдіci жапырақ бетінде су
тамшысы болған жағдайда жүреді. Инкубациялық кезеңінің ұзақтығы ауа
температурасына байланысты – 3-6 күн.
Картоп түйнектері жаңбыр тамшысымен топыраққа түскен
зооспоралар арқылы залалданады. Ӛнімді
жинау кезінде залалданған
жапырақтар мен топырақтан кесел сау түйнектерге жұғуы мүмкін.
Қоймада ауру түйнектен сауына инфекция жұқпайды, бipaқ залалданған
түйнектерді басқа микроағзалар шiрітyi мүмкін.
Саңырауқұлақ түйнекте жіпше түрінде сақталады да, ӛсу
бүршіктерін залалдап, олар жер бетіне шықпастан жойылады. Кеселдің
дамуына
жаз айларының салқын, жаңбырлы күндері қолайлы. Ауа
ылғалдылығы тӛмен жылдары картоптың ӛсу кезеңінде ӛсімдіктердің
жапырақтары мен сабақтарында фитофтороз байқалмайды, бірақ ӛнімді
жинау және сақтау кезінде түйнектерде ауру белгілері айқын білінеді.
Инфекцияның негізгі қоры – ауру түйнектер және оның қалдықтары.
Фитофторозбен залалданған ӛсімдік жапырағының ассимиляциялық
аумағы кеміп, түйін саны азайып, жетілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: