Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық



Pdf көрінісі
бет141/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

 
3.4.16 Теңбіл (мозаика
Теңбіл – Қазақстан Республикасының қызылша ӛсірілетін 
аудандарында кең таралған аурулар қатарына жатады. 
Теңбіл ауруына шалдыққан қызылша ӛсімдігінің жоғарғы жасыл 
жапырақтарының бетінде ақшыл, мәрмәр тәрізді, теңбіл, пiшiні сақина
нүкте, дӛңгелек, жалпақ дақтар пайда болады. Дертке шалынған ӛсімдік 
жапырағының бетінде кейде қатпарлы кӛпіршіктер және ашық-жасыл түcтi 
секпілді дақтар түзіледі (97-сурет). Дерт шалған ӛсімдіктердің ӛciп, жетілуі 
баяулайды. 
97-сурет. Теңбіл ауруына шалдыққан қызылша жапырағы 
 
Теңбіл ауруының қоздырғышы – Betae virus 2 Smith, вирусы. 
Ӛсімдіктің қураған ұлпасы мен тұқымында вирус сақталмайды. 
Қоздырғыш залалданған ӛсімдіктің шырынында кӛбейіп, вегетация кезінде 
түрлі сорғыш насекомдармен (қызылшаның қара, шабдалының жасыл 
бітелері, қызылша кандаласы мен цикадасы) тарайды. Вирус қызылшаның 
барлық түрлерін және арам шӛптерді – ақ алабота, гүлтәжі, қалуен және 
т.б. залалдайды. Қоздырғыш тұқымдық қызылшаның шырынында 


193 
сақталады да, кӛктемде жапырақтары ӛсе бастағанда аурудың алғашқы 
белгісі кӛрінеді. 
Теңбіл ауруына шалдыққан ӛсімдіктің ӛнiмi 5-7%, қанттылылығы 
0,4-1,0% тӛмендеп, тұқым ӛнiмi 15-20% кемид1. 
 
3.4.17 Сары ауру 
Қазақстанда сары ауру кездеспейді, карантин кесел қатарына 
жатады, бipaқ ТМД елдерінде қызылша танаптарында кең таралған ауру. 
Кесел тұқым шаруашылықтарында жиі кездеседі, ceбeбi вирус 
тұқымдық тамыржемісте сақталады. Сары аурудың екі түpi бар: қатал түрі 
(некроз) – қоздырғышы Betae virus 4 Smith, және сарғыштану түpi, оның 
қоздырғышы – сарғыштану вирусы. 
Сары аурудың қатал түрінің алғашқы белгілері 2-5 жапырақты жас 
ӛсімдіктерде білінеді. Залалданған жапырақтардың жүйкелері ашық немесе 
сарғыш түсті болады. Жүйкелер кейін тартылып жапырақтары дамымай, ал 
ӛскін жетілген жапырақтардың жоғарғы жағында сары дақтар түзіледі. 
Сары бояу жапырақтың тӛменгі бӛлігіне, сағағына қарай жылжып
жапырақ бетін түгел алып, қола кейде қызыл түске боялады (98-сурет). 
Жүйке ұлпалары боялған жасыл түсін 
сақтайды. Ауру жапырақтар қалыңдап 
морт сынып, кӛлемі сауларынан кіші 
болады. 
Залалданған 
жапырақтың 
флоэмасындағы ӛткізгіш түтікшелері 
және олармен шектелген клеткалары 
жансызданып, сары, шырышты массаға 
толады. Клетка қабықшасы сарғайып 
сәл ісінеді. Бұл құбылыс жапырақ 
сағағы 
арқылы 
тамыржемістің 
түтікшелері 
мен 
талшықтарына, 
жүйкелеріне 
жетеді. 
Жапырақ 
ұлпалары некрозданып қурайды. Ауру 
қатты дамығанда орталық жапырақтар 
да залалданады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет