191
95-сурет. Қызылша тамыр жемісінің туберкулезі
Туберкулез ауруының қоздырғышы –
Xanthomonas beticola Brown et
Tow. бактериясы. Тамырға қоздырғыш жарақат арқылы еніп, оны шірітеді.
Залалданған ұлпада кӛптеген бактерияларды кӛруге болады.
Инфекция
қоры – залалданған ӛciмдiк қалдықтары мен топырақ.
Ауруға шалдыққан тамыржемістер қоймада сақталмай шіриді.
3.4.15 Шоқа (қағат) шірігі
Шоқа немесе қағат шірік сақтау кезінде қоймада дамитын
тамыржемістің кең таралған ауруы.
Қағат шірігіне шалдыққан қызылша
тамыржемісінің ұлпалары
жансызданып шipидi де, беті түрлі-түсті ақ, сұр, қызғылт, сары, қызыл,
қара ӛңезбен кӛмкеріледі. Шipiгeн
ұлпалар сұрланып, қоңырайып, қарайып
бұзылады да, құрғақ немесе сулы шiріккe
айналады (96-сурет).
Шірікті кӛптеген микроағзалар –
саңырауқұлақтар мен бактериялар –
қоздырады.
Олардың
агрессивтілігі
ферменттік
жүйесіне
байланысты.
Патоген
ферменттерге неғұрлым бай
болса, шipiк соғұрлым тез дамып,
зияндылығы артады.
96-сурет. Қызылшаның шоқа (қағат) шірігі
Вегетация кезеңінде қолайсыз жағдайлардан әлсіреген ӛсімдіктер,
әcipece су мен қоректік заттардың тапшылығы, сондай-ақ сақтау peжимiнiң
талаптары (тӛмен
немесе жоғары температура, ылғалдылық,
нашар
192
желдету және т.б.) сақталмауы, тамыржемістерде
шоқа шipiгiн қарқынды
дамытады.
Ауруға
шалдыққан
тамыржемістердің
қанттылығы
кеміп,
кейбіреулерінің құрамында аса улы заттардың түзілуіне байланысты мал
азығына да жарамай қалады. Тұқымдық
тамыржемістер қоймада шipiп,
сақталмайды
Достарыңызбен бөлісу: