204
3.5.2
Картоптың аскомицеттер, бактериялар және басқа да
микроағзалар қоздыратын аурулары
3.5.2.1 Кәдімгі таз қотыр (парша)
Картоптың кәдімгі таз қотыр (парша) ауруы республиканың барлық
аймақтарында кең таралған. Оның әcipece орталық облыстарда зияны
айтарлықтай.
Ауруға негізінен картоптың түйнектері шалдығады. Дертке
шалдыққан түйнек бетінде татты-қоңыр
залалдану аймақтары пайда
болып,
олар
бip-бipiмeн
қосылып
түйнек
бeтi
бұдырланып,
қабыршақтанады. Залалданған бӛліктер қоңырайып, аурудың сыртқы
белгілері әртүрлі болып айқындалады. Сондықтан кәдімгі таз қотыр
ауруының тегіс, ойық және дӛңес таз-қотыр деп аталатын үш
типін
ажыратады (108-сурет).
108-сурет. Картоптың кәдімгі таз қотыр ауруының белгілері
(
1 – тегіс;
2 – дӛңес;
3 – ойық)
Teгic таз-қотыр ауруымен ауырған түйнектің перидерма мен
паренхимасының үстіңгі қабаты ғана залалданып,
бетінде дақ байқалады,
егер жансызданған ұлпаларды алып тастаса, астында сәл басылған дақ
кӛрінеді.
Терең
(ойық)
таз-қотыры
ауруына
шалдыққан
түйнектің
паренхимасы бірнеше миллиметр тереңдікке дейін залалданып,
перидерманың кеш түзілуінен ойық пайда болады.
Дӛңесті таз-қотыр ауруына шалдыққан түйнектердің
ұлпасының
бетінде шамадан тыс ӛciп, жансызданған және ығыстырылған
клеткалардан сүйел пайда болады.
205
Аталған белгілердің аралас түрлері де кездеседі. Таз-қотыр ауруымен
залалданған картоп түйнектері біркелкі дамымай, түйнек бeтi жарылып,
оған басқа да ауру қоздырғыштары түcyi мүмкін.
Кәдімгі таз-қотыр ауруының қоздырғышы сәулелі саңырауқұлақ –
актиномицеттер. Олардың ішінде aгpeccивтici
Streptomyces scabies Waks.et
Henr. Қоздырғыштың денесі тармақталып
жақсы дамыған бip клеткалы
жіпшумақтан тұрады. Оның бетінде бұралған спора тасушыларда пішіні
цилиндр тәрізді, сопақша споралар түзіледі.
Бұл актиномицеттер аэробты, қолайлы даму температурасы 25-27°С.
Паразит құрғақшылыққа тӛзімді, топырақта ұзақ уақыт сақталады. Картоп
түйнектері бойындағы кӛзшелері немесе механикалық жарақаттары
арқылы залалданады. Аурудың инфекция қоры – топырақ және ӛсімдік
қалдықтары. Қоздырғыш құмды, сазды,
сәл ciлтiлi топырақта жақсы
дамиды. Топыраққа әк енгізсе, ауру қарқынды дамиды. Ыстық ауа райы
мен тӛменгі ылғалдылық аурудың дамуына қолайлы жағдай туғызады.
Қоздырғыш картоптан басқа сәбіз,
қырыққабат, қызылша және басқа да
дақылдарды залалдайды.
Кәдімгі таз-қотыр кеселі картоп түйнектерінің сапасын тӛмендетеді.
Кәдімгі таз-қотыр ауруына шалынған картоп түйнектері қоймада ұзақ
сақтауға келмейді.
Достарыңызбен бөлісу: