Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық



Pdf көрінісі
бет148/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

 
3.5.1.6 Тҥйнектің қҧрғақ шірігі 
Түйнектің құрғақ шірігі картопты қоймада сақтау кезінде дамитын 
ауру. 
Аурудың ең кӛп байқалуы жинағаннан 2-3 ай ӛткеннен соң 
байқалады. Ауруға шалдыққан түйнектің алғашқы белгілері – бетінде сәл 
басылған, пішінсіз, майда дақтар пайда болуы. Олар кейін ұлғайып, 
әжімденіп, беті саңырауқұлақ спора тасушыларынан тұратын ақшыл-сұр
қызғылт, сарғыш түсті бӛртпелі ӛңезбен кӛмкеріледі. Түйнек бетіндегі 
белгілерінің ұлғаюымен қатар дерт тереңге де бойлайды (107-сурет). 


203 
 
107-сурет. Картоптың қҧрғақ фузариозды шірігі 
 
Ылғалдылық жетіспеген жaғдaйдa түйнек кеуіп, қатты крахмал 
түйіршігіне айналады. Залалданған ұлпалар жоғары ылғалдылықта 
жұмсарып, түйнек ішінде ақшыл саңырауқұлақ жіпшесіне толы қуыстар 
пайда болады. 
Түйнектің құрғақ шірік ауруының қоздырғышы – Fusarium туысына 
жататын саңырауқұлақтар. Олардың ішінде жиі кездесетіні F.solani 
AppeLet Wr. саңырауқұлағы. Саңырауқұлақтың микроконидиялары – бip, 
кейде екі клеткалы, ал макроконидиялары – цилиндр пiшiнді немесе 
ұршық тәрізді, сәл иілген, ұштары доғалданған, 3-5 перделі, жиынтығы 
ақшыл-қоңыр, сарғыш, кӛкшіл немесе жасыл түсті. Қоздырғыштың 
хламидоспоралары қоңырлау, шар тәрізді бip, кейде eкi клеткалы. 
Саңырауқұлақ барлық жерде таралып, топырақта, қоймада ӛсімдік 
қалдықтарында сақталды. Қоздырғыш картоп түйнектерін негізінен 
механикалық жарақат арқылы залалдайды. Сонымен қатар қоздырғыш 
фитофтороз, таз қотыр ауруларына шалдыққан түйнектерге түсуге 
қабілетті. Қоздырғыштың дамуына қолайлы температура – 10-20°С. 
Саңырауқұлақ спораларының таралуы ауру түйнектің сауымен жанасуы 
арқылы жүреді. 
Бұл аурудың зияндылығы ӛте зор. Зияндылық дәрежесі бойынша 
құрғақ шірік ауруы фитофтороз ауруынан кейін екінші орын алады. Қойма 
жағдайында дұрыс сақталмаған картоп ӛнімінің 30-50% жойылып кетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет