202
106-сурет. Ризоктониоз ауруының белгілері
Ризоктониоз ауруына шалдыққан картоп ӛсімдіктерінің тамырында,
жер асты сабағында (столонда), түйнектерінде
қоңыр дақ пен ойық
жаралар пайда болады. Түйнек бетінде түci қара, дӛңестеу, пішіні мен
кӛлемі әртүрлі (түйнекке жабысқан балшық тәрізді) түйіршіктер түзіледі.
Бұл түйіршіктер – ауру қоздырғыш саңырауқұлақтың склероцийлері (106-
сурет).
Дертке шалынған картоп ӛскіндері мен тамырларының бойында беті
сәл басылған қоңыр дақтар мен ойық жаралар пайда болып,
залалданған
ұлпа жансызданып, кейде столондар жаңа пайда болған түйнектермен
бipгe шіриді.
Ризоктониоз кейін (жазда) ересек ӛсімдіктерде "ақ сирақ" түрінде
білініп, сабақтың тӛменгі бӛлігі саңырауқұлақтың базидиялы кезеңінде
түзілген ақшыл-сұр түсті қабықпен кӛмкеріледі.
Базидиоспоралар жауын-
шашынмен шайылып топыраққа түсіп, жас түйнектерді залалдайды.
Ризоктониоз ауруының қоздырғышы –
Rhizoctonia solani Кuehn.
Саңырауқұлағы, базидиялы кезеңі –
Hypochnus solani Pr.et Del.. Бұл
саңырауқұлақ жіпшумақ және склероций түзеді. Қоздырғыш жоғары
ылғалдылық пен 9-27°С (қолайлы 15-21° С) температурада дамиды. Ұзаққа
созылған салқын кӛктем, сазды ауыр топырақ және картоптың ӛніп-ӛсу
кезеңдеріндегі топырақ аэрациясының тӛмен
болуы аурудың дамуына
қолайлы жағдай туғызады. Саңырауқұлақ склероцийлер күйінде топырақта
және ӛсімдік қалдықтарында қыстайды. Ризоктониоз детіне картоптан
басқа 230 ӛсімдік түpi шалдығады.
Ризоктониоз қарқынды дамығанда ӛнімнің сапасы тӛмендейді.
Залалданған картоп ӛскіндері шіріп, қурап, егістік сирейді. Ауруға
шалдыққан картоп тамырларының бойымен су жүрмей, ӛсімдік
солып
қалады. Дертті ӛсімдіктердің жапырақтарының қолтығында кейде майда
түйіндер пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: