Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық



Pdf көрінісі
бет145/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

3.5.1.2 Картоп ісігі (рак) 
 
Картоп ісігі немесе рак ауруы Қазақстанда карантиндік аурулар 
қатарына жатады. 
Рак ауруымен картоптың түйнегі, тамырсабағы (столон), кейде 
сабағы мен жапырағы залалданады. Рак ауруына шалдыққан картоп 
ӛсімдігі мүшелерінде бұлтықтар (iciктep) пайда болады. Пайда болған 
бұлтықтардың түci бастапқыда ақ, кейін сарғайып, қоңырайады. 
Залалданған столондарда түйнектер түзілмейді. Сабақ залалданғанда 
бұлтықтар тамыр мойнында, ал жапырақтағы icіктep оның қолтығында, 
кейде алақанында түзіледі (102-сурет). 
Бұлтықтар қоздырғышпен залалданған клетка кӛлемінің ұлғаюынан 
түзіліп (гипертрофия құбылысы), құрамында крахмал қоры кӛбейеді. 
Ісіктің бeтi бұдырланып, сыртқы пішіні түсті қырыққабаттың гүл 
шоғырына ұқсас келеді. Бұлтықтардың үлкендігі бұршақ кӛлемінен картоп 
түйнегіне дейін, кейде одан да ipi болады. Бұлтықтар топырақтағы түрлі 
микроағзалар мен ылғал әсерінен тез ыдырайды. 


199 
Картоптың рак ауруының қоздырғышы – Synchytrium endobioticum 
Pers. саңырауқұлағы. Қоздырғыш картоптан басқа да алқа тұқымдасына 
жататын ӛсімдіктерді залалдауы 
мүмкін. Күзге қарай бұлтық 
ұлпаларында 
саңырауқұлақтың 
тыныштық 
күйдегі 
жынысты 
споралары – цисталар түзіледі. 
Цисталар қоңыр реңді, қалың 
қабықты, топырақта 20 жылға 
дейін тіршілігін сақтай алады. Рак 
ауруының 
қоздырғышының 
дамуына 16-17°С температура, 
жоғары 
ылғалдылық, 
топырақ 
қышқылдылығы 
(рН-3,9-8,5) 
қолайлы жағдай болып табылады. 
102-сурет. 
Рак 
ауруымен 
залалданған картоп тҥйнектері 
Цисталар 
70 
күндік 
тыныштық кезеңінен кейін, қолайлы жағдай туғанда ӛне бастайды. Қыстап 
шыққан спорадан бip талшықты зооспоралар түзіледі де, талшығы 
кӛмегімен жылжып, картоп ұлпасына еніп, талшығын жойып, вегетативті 
дене – просорус түзеді. Просорустар ӛсе келе сорус түзіп, оған ӛткен 
цитоплазма мен ядро бірнеше рет бӛлініп, сорустарда жаңа қабық пайда 
болып, кӛп ядролы 4-9 бӛліктерге – зооспорангийлерге бӛлінеді, әр 
зооспорангийде 200-300 зооспора түзіледі. Зооспоралар ылғал жеткілікті 
жағдайда иe-ӛciмдіктi залалдайды. 
Ауруға шалдыққан ӛсімдік мүшесінің клеткалары шектен тыс 
бӛлініп, iciктep мен бұлтықтар түзіледі. Саңырауқұлақтың толық даму 
циклы – 10-12 күн. Вегетациялық кезеңде саңырауқұлақ бірнеше ұрпақ 
бepyi мүмкін. Инфекция қоры циста түрінде топырақта, түйнекте және 
ӛсімдік қалдықтарында сақталады.
Рак ауруы картоп ӛнімін 40-60% тӛмендетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет