Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық



Pdf көрінісі
бет170/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

4.2.7 Септориоз немесе ақ дақ 
Септориоз немесе ақ дақ қызанақтың кең таралған ауруларының бipi. 
Ауруға шалдыққан қызанақ ӛсімдігінің залалданған мүшелерінің бетінде 
ұсақ, айналасы қоңыр жиекті ақ-сұр түcтi дақтар пайда болады. Дақ 
бетінде 
қоздырғыштың 
қара 
пикнидалары түзіледі (132-сурет). 
132-сурет. Қызанақтың септориоз 
ауруы 
Кесел 
алғаш 
ӛсімдіктің 
тӛменгі жапырақтарына түсіп, кейін 
жоғарғыларына 
да 
ығысады. 
Залалданған 
жапырақтар 
қоңырайып, ширатылып, қурап түсіп 
қалады. Жапырақ бетімен қатар 
оның сағақтары, тостаған жапырақшалар, кейде жемістері де ауруға 
шалдығады. 
Септориоз ауруының қоздырғышы – Septoria lycopersici Speg
саңырауқұлағы. Қоздырғыштың түссіз жіпшумағы ӛсімдік мүшелерінің 
бойында клетка аралығымен тарайды. 
Саңырауқұлақ пикнидалары шар тәрізді, қара түсті, саңылауы кең, 
ішіндегі споралары түссіз, цилиндр пішінді, ұшы сәл иілген. 
Қоздырғыштың жетілуі барысында пикноспоралары жіпшеге ӛніп, 
кутикула арқылы ӛсімдікке енеді. Аурудың инкубациялық кезеңінің 


232 
ұзақтығы – 8-14 күн. Саңырауқұлақ 15-27°С жылылық пен 77-94% 
ылғалдылықта жақсы жетіледі.
Инфекция қоры – шірімеген ауру ӛсімдік қалдықтарында сақталатын 
қоздырғыштың пикнидалары мен пикноспоралары. 
Септориоздың зияндылығы залалдау мерзіміне байланысты. Ӛсіп-
жетілуінің ерте кезеңінде ауруға шалдыққан қызанақ ӛсімдігінің 
жапырақтары мерзімінен ерте қурап, ӛсімдік қуаты қорының едәуір бӛлігі 
жаңа жапырақтар түзуге жұмсалуына байланысты, ӛнімнің шығымы және 
ӛнім сапасы кемиді. 
4.2.8 Тӛбе шірігі 
Тӛбе шipiгi ауруы қызанақ ӛсірілетін жылыжайлар мен танаптарда 
кездеседі. Бұл ауруға кӛк және пiciп жетіле бастаған жемістер шалдығады. 
Кесел жас жемістерде, алғашқы бipiншi немесе екінші жеміс 
шоқтарында кездеседі. Жеміс тӛбесінде алғашында ұсақ, сулы дақ пайда 
болып, кейін ол ӛсе келе қоңырайып, беті сәл басылады. Залалданған жеміс 
қатайып қурайды. Ылғал мол жағдайда құрғақ шірік сулы түріне айналады 
(133-сурет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет