Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық


-сурет. Қызанақтың тӛбе шірік ауруы



Pdf көрінісі
бет171/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

 
133-сурет. Қызанақтың тӛбе шірік ауруы: кесел шалған жемісі 


233 
Қызанақтың тӛбе шірік ауруы кең тараған, туындау себебіне қарай 
екі формасы болатын кесел. 
Бірінші формасы – физиологиялық. Кеселдің бұл формасының 
ерекше белгісі – жартылай жетілген жемісінің тӛбесінде ашық сары немесе 
ашық қоңыр түсті дақтардың пайда болуы. Дақтардың астындағы ұлпасы 
біртіндеп жиырылып, ойықталып, реңі қоңырқай тартады. Біраздан соң 
жемістің залалданған учаскесі ұлғайып, құрғақ шірікке айналады. 
Залалданған ұлпа бетін қара зең басады. Кейде жемістің орта тұсында, 
сыртынан байқалмайтын, ішкі ұлпаларының қара шірігі пайда болады 
Кеселдің бұл формасы кӛбіне орта температурасы тым жоғары және 
ауа ылғалдығы тӛмен болған жағдайда, сондай-ақ қызанақ жемісіне 
кальций жеткіліксіз болғанда байқалады. Әдетте тӛбе шірігі дақыл 
жемісінің бойындағы кальций концентрациясы 0,08% тӛмен болғанда 
(құрғақ затына шаққанда) пайда болатыны байқалған. 
Тӛбе шірігі ауруына топырақтың тұздылығы және тамырының 
зақымдануы да себеп болады. Сондай-ақ ол судың қалыпты 
жеткізілмеуінен де болады. Ылғал жеткіліксіз болғанда ӛсімідіктің 
қарқынды ӛсуінеқажетті қоректік заттар, олардың ішінде кальций де 
жеткіліксіз болады. 
Екінші формасы – инфекциялық. Ауру қоздырғышы – Pseudomonas 
persicum Burg, бактериясы. Залалданған жемістің тӛбесінде үлкен, сұр 
шеңберлі дақтар пайда болады да, ұлпалар тез жұмсарып, шіриді. 
Бактериялар ӛсімдік қаддықтарында және алқа тұқымдас арам шӛптерде 
сақталады. 
Кесел насекомдармен және жаңбыр тамшысымен тарайды. Тӛбе 
шipiгi аса зиянды кесел, онымен 20-30% жемістер залалданады. 
4.2.9 Теңбіл (мозаика) 
Қызанақ теңбілі (мозаикасы) кең таралған ауру. Залалданған 
ӛсімдіктердің жапырақтарында қоңыр-жасыл, ашық-жасыл және сары 
жолақтар кезектесіп орналасады теңбілденеді. Әдетте ӛсімдіктің жас 
жапырақтары ауруға кӛбірек шалдығады. Кесел қарқынды дамығанда жас 
жапырақтар деформацияланады. Жапырақ алақаны аса тілімденіп 
(папоротник жапырағы сияқты) немесе жіңішке жіпшелерге бӛлініп 
(жапырақтың жіпшеленуі), пішінін мүлдем ӛзгертеді. Аталған ӛзгерістер 
ӛсімдікке 
жарық 
жетіспей, 
ауа 
ылғалдылығы аса мол болғанда 
жағдайларда байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет