234
Ауру қоздырғышы –
Nicotiana virus I Smith. вирустар тобы.
Қазіргі
кезде қызанақтың теңбіл ауруының арнайы вирусы –
Tomato mosaic virus
(ToMV) деп аталады. Ол жылыжайларда және егістіктерде алқа, бұршақ
тұқымдас және басқа да кӛптеген ӛсімдіктерді залалдайды.
Вирус
ӛсімдіктен ӛсімдікке жұмыс қолдарымен, қолданылған құралдармен,
насекомдармен (біте) таралады. Инфекция қоры – тұқым мен шірімеген
ӛсімдік қалдықтары.
Бұл кесел ӛте зиянды. Ауруға шалдыққан ӛсімдіктің транспирациясы
нашарлап, ӛcyi саябырлап, гүлдену
қарқыны бәсеңдеп, гүл түйіні мен
гүлдepi қурайды. Егер жеміс түзілсе, онда оның құрамында қанттар пен
органикалық қышқылдардың мӛлшері аз жинақталады, ӛнімнің шығымы
мен сапасы тӛмендейді.
4.2.10 Стрик
Стрик қызанақ
егісінде жиі кездесетін, кең таралған, жиі кездесетін
ауру. Бұл кеселмен залалданған ӛсімдіктің мүшелерінде қызыл-қоңыр
немесе қоңыр түсті дақтар
түседі.
Стрик
ауруына шалдыққан
ӛсімдік жапырақтарында ұсақ
бұрышты,
ал
сабағы
мен
жапырақ сағақтарының бойында
сызық немесе жолақ дақтар
түзіледі. Кесел шалған ӛсімдік
жапырақтары
морт
сынып,
қурайды.
135-сурет. Стрик ауруына шалдыққан қызанақ кӛк жемісі
Дерт шалған қызанақтың кӛк жемістерінің бетінде қоңыр түсті,
жылтыр пішіні сопақша келген дақтар пайда болады (135-сурет). Ауру
қарқынды дамығанда жемістердің пішіні ӛзгеріп, беті шытынайды. Піскен
жемістердің
бетіндегі дақтар басылған, түc – әртүрлі болып келеді.
Залалданған жапырақтар қурап, сабақ оңай сынып, кейде ӛсімдіктің ұшы
жансызданады.
Ауру қоздырғышы –
Nicotiana virus I Smith, вирусы.
Бұл темекі
теңбілін қоздыратын вирус. Ол кӛбіне картоптың X және У вирустарымен
аралас кездеседі. Аталған
вирустар қызанақты бұталау кезінде пайда
болатын механикалық жарақаттар арқылы таралуы мүмкін. Стрик 15-20°С
температурада қарқынды дамып, 22°С – бәсеңдеп, ал 24°С
және одан әрі
кӛтерілгенде – ауру тоқталады. Инкубациялық кезең – 10-14 күн. Вирус
235
инфекциясы ӛсімдіктің қураған қалдықтарында, топырақта,
тұқым
сыртында сақталады.
Бұл ауру ӛте зиянды, оның әсерінен жемістің ӛнімі мен сапасы eдәyip
тӛмендейді.
Достарыңызбен бөлісу: