Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық



Pdf көрінісі
бет179/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

 
 
 
141-сурет. Пияз сабағындағы тат ауруының бӛртплері 
 
Саңырауқұлақтың телий бӛртпелерінің ұзындығы 0,5 мм жуық. Олар 
тығыз, қара түсті эпидермиспен жабылған. Қоздырғыш телиоспоралары 
шоқпар пішінді, жоғарғы бӛлігі тығыздалып созылыңқы келеді де, етегіне 
қарай жіңішкеріп, қысқа, тығыз сабаққа айналып, пердемен екі клеткаға 
бӛлінеді, кӛлемі 32-80 
16-25 мкм. қабығы тегіс, қоңыр түсті. 
Саңырауқұлақтың барлық даму кезеңдері бip ӛсімдік бойында ӛтеді. 
Телиоспоралар қыстап шығып, кӛктемде базидияға ӛніп, одан 
базидиоспоралар 
түзіліп, 
олар 
қайтадан 
ӛciмдікті 
залалдайды. 
Эциоспоралар 
әрдайым 
түзіле 
бермейді. 
Жазда 
саңырауқұлақ 
урединиоспоралармен таралып, күзге қарай телиоспоралар түзіледі. 
Қоздырғышпен сарымсақ және жабайы пияз да залалданады. 
Аурудың салдарынан ӛсімдіктің дамуы саябырлап, жапырақтары 
сарғайып, пияздың тауарлық сапасы тӛмендейді. Кесел қарқынды 
дамығанда, жапырақтары мезгілсіз қурап, ӛнім шығымы кемиді. 
 
4.4.3 Мойын шірігі 
Республикада кең таралған ауру. Кесел eгicтіктe басталып, қоймада 
одан әpi дами түседі. Пиязшықтың мойын бӛлігіндегі ұлпа жұмсарып, 
шіриді. Кӛлденең кесіндісінде пиязшық ұлпасы қоңырқай түсті, ыстыққа 
піскендей кейіпте болады. Ауруға шалдыққан пияздың сыртқы қабатынан 
ішке таралады. Залалданған пиязшық бетінде алғашында жеңіл сұр, кейін 
ұнтақты ӛңез түзіледі де, оның бетінде майда, қара саңырауқұлақ 
склероцийлері пайда болып, бір-бірімен қосылып қабықша түзеді (142, 
143-суреттер). 


243 
 
142-сурет. Мойын шірігі ауруына шалдыққан пияздың ӛсімдігі мен 
пиязшығы 
 
 
143-сурет. Мойын шірігі ауруына шалдыққан сарымсақтың ӛсімдігі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет