244
конидияларға ӛнеді. Инфекция қоры –
залалданған пиязшық, танапта
қалған склероцийлер, дертті тұқымдар.
Кесел меңдегенде пиязшықтар қоймада сақталмай, жаппай шіриді.
Дерт шалған пияздан алынған тұқымның ӛнгiштiгi тӛмендейді немесе
мүлдем жойылады.
4.4.4 Пиязды аурулардан қорғау
Пиязды аурулардан қорғау жүйесі алдын-алу және агротехникалық
шараларға негізделеді:
1.
Ауыспалы eгicтіктi сақтап, пиязды бұрынғы танапқа үш жылдан
ерте қайтармау;
2. Алғы
дақыл
алдынан
органикалық,
ал
минералды
тыңайтқыштарды тікелей пияз егілетін жылы топыраққа енгізу;
3. Әртүрлі даму кезеңдеріндегі пияздарды,
тұқымдықтарды және
бұрынғы танаптарды бip-бipiнeн алшақ орналастыру;
4. Пияз тұқымын себер алдында 80% ТМТД, с.ұ. – 4-5 кг/т (10 л/т
препарат ерітіндісі), ал пиязшықтарды – 2-3% суспензиясында 20 мин
ӛңдеп, кептіру;
5. Қолайлы мерзімде eгiп, жоғары деңгейдегі агротехниканы сақтау,
азот тыңайтқыштары мен микроэлементтерді пияздың алғашқы даму
кезеңінде, ал кейін ӛсімдіктің ауруға тӛзімділігін арттыру мақсатында
фосфор,
калий тыңайтқыштарын енгізіп, уақытымен суару;
6. Пиязшықтарды танаптарға отырғызған соң 5-7 күн сайын арам
шӛптен тазарту;
7. Пероноспороздың алғашқы белгілері біліне бастағанда танаптарды
бордос сұйығымен – 6-8 кг/га; 90% мыс хлороксиді, с.ұ. – 2,4 кг/га, ал
тұқымдық танаптарда 80% альетт, с.ұ. – 1,2-2 кг/га; 75% даконил с.ұ. – 2-
2,2 кг/га; 50% даконил 500, с.к. – 3-3,3 л/га сияқты фунгицидтер
ерітінділерімен бүрку;
8. Инфекцияны жинақтаушы арам шӛптермен және тасымалдаушы
насекомдармен үнемі күресу;
9. Ӛнімді
құрғақ ауа райында, ӛсімдік жапырақтары жаппай
сарғайғанда жинап, шipiк ауруына қоймада аз шалдығуы үшін тағамдық
пиязда сабақтың ұзындығы 3-5 см, ал тұқымдықтарда – 5-6 см етіп
қалдыру;
10.Қазылған пияз ӛнімін алғаш танапта, кейін 5-8 тәулік бойы 30-
35°С
температурада арнайы кептіріп, сақтау орындарында қосымша
кептіру;
11.Жалған ақ ұнтақ ауруына шалдыққан тұқымдық пиязшықтарды
40-45°С температурада 10-12 сағат бойы қыздыру арқылы инфекцияны
жойып, отырғызылатын материалдарды зарарсыздандыру;
12.Пияз ӛнімін жинап алғаннан соң танаптағы ӛсімдік қалдықтарын
жойып, терең сүдігер жырту;
245
13.Алдын-ала
зарарсыздандырылып,
кептіріліп,
дайындалған
қоймаға ауруларға шалдықпаған пиязшықтарды ipiктеп салу;
14.Қойманың сақтау температурасын 1-2°С, ауа ылғалдылығын 60-
80% денгейінде ұстау;
15.Мойын шipiгiнің дамуын үнемі
тексеріп, алғашқы белгілері
білінгендерін жою.