Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық



Pdf көрінісі
бет181/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

5-тарау
АСҚАБАҚ 
ТҦҚЫМДАС 
ДАҚЫЛДАРДЫҢ 
АУРУЛАРЫ
5.1 Тамыр шірігі 
Асқабақ тұқымдас дақылдардың тамыр шipiк ауруы жылыжайларда 
және ашық танаптарда кездеседі. Ӛскіннің тамыры шipiп, ӛсімдік 
жапырылады. Сабақтың тұқым жарнақтан тӛмен бӛлігі жіңішкереді де 
ӛскін кенеттен жапырылады. Ересек 1-2 нағыз жапырақты ӛскіндердің 
сабағы жапырақ астынан жіңішкеріп, шіриді. 
144 –сурет. Қиярдың тамыр шірігі 
 
Ӛсіп-ӛнген ӛсімдіктердің жапырақтары сабақ етегінен бастап 
сарғайып, ӛсімдік солады. Сабақ нeгiзі мен тамырлары қоңырайып, 
талшықтанып, жас ӛсімдік тамырларының шашақтары түзілмейді. Ауруға 
шалдыққан ӛcімдіктің ӛткізгіш түтіктерінде паренхималық клетка 
қабықшасынан кӛптеген ӛскіндер түзіліп, ӛсімдік бойымен судың жүруіне 
кедергі жасайды. Бұл кеселге кӛбіне қолайсыз жағдайлардан (температура, 
топырақтың жоғары ылғалдылығы мен бетінде қабыршақтың түзілуі және 
т.б.) әлсіреген ӛсімдіктер шалдығады. 
Тамыр шipiгі ауруының қоздырғыштары – Pythium, Fusarium, 
Rhizoctonia және т.б. туыстарға жататын саңырауқұлақтар. Олар 
сапрофитті паразиттер, ӛсімдікті әлсіреген жағдайда залалдап, тамыр 
шipiгiн қоздырады. Инфекция қоры – ӛсімдік қалдықтары және топырақ. 
Кеселдің әсерінен ӛнім тӛмендеп, кейде ӛсімдік қурап, шіриді. 
5.2 Ақ ҧнтақ 
Ақ ұнтақ асқабақ тұқымдастарының кең таралған ауруларының бipi. 
Барлық жылыжайларда және ашық танаптарда кездеседі. 
Залалданған жапырақтың екі жақ бетінде де ақ немесе қызғылт-сұр 
түсті ӛңез түзіледі. Ӛңез алғашында жеке дақ түрінде байқалып, кейін ӛсе 


247 
келе бip-бірімен қосылып, жапырақ алақанын түгел жабады. Ӛңез бетінде 
саңырауқұлақтың жеміс денелері – клейстотецийлер түзіледі. Ауруға 
шалдыққан жапырақтар солып, мезгілсіз қурайды. Сондай-ақ ӛciмдіктің 
сабағы, кейде жемісі де ақ ұнтақ ауруға шалдығады (145-сурет). 
Ақ ұнтақ ауруының қоздырғышы – Erysiphe cichoracearum DC. f. 
cucurbitacearum Pot., Sphaerotheca fuliginea PolL. f. cucurbitae Jacz
саңырауқұлақтары.
Саңырауқұлақтың Erysiphe cichoracearum түрімен залалданған 
ӛciмдікте ақ түсті, қалың ӛңез кӛбіне 
жапырақтың үстіңгі бетіне түсіп, жеміс 
денелері – клейстотецийлер ӛте сирек 
түзіледі. Клейстотецийлердің қосымшалары 
қысқа, бұтақталмаған, жеміс дене ішінде 
орналасқан 12 қалтаның әрқайсысында 
түссіз, 
пiшiнi 
жұмыртқа 
тәрізді 
eкi 
қалтаспора 
(аскоспора) 
болады. 
Бұл 
саңырауқұлақ дала егістігінде қияр, асқабақ, 
қауын, қарбыздарды залалдайды. Ауру қатты 
дамығанда ӛсімдік жапырағы мен ӛркендері 
қурап, ӛнімінің шығымы мен сапасы 
тӛмендейді. 
Клейстотецийлер 
ӛсімдік 
қалдықтарында қыстайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет