Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық


-сурет. Қиярдың жалған ақ ҧнтақ ауруы



Pdf көрінісі
бет183/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

146-сурет. Қиярдың жалған ақ ҧнтақ ауруы 
 
Ауру қоздырғышы – Oomycetes класының Peronosporales қатарына 
жататын 
Pseudoperonospora 
cubensis 
Rostowz
саңырауқұлағы. 
Конидиятасушьшары дихотомиялы бұтақталған, конидиялары жоғары 
ылғалдылықта (100% немесе тамшы күйіндегі) және жылы жерде (15-22°С 
температурада) зооспорангийге айналады. 
Саңырауқұлақтың жыныстық спорасы – ооспора, пiшінi шар тәрізді, 
сарғыш түсті, қабығы қатпарлы, диаметрі 36-48 мкм. Олар ұлпа ішінде 
түзіліп, қыстайды. Кӛктемде ооспора зооспорангийге ӛніп, екі талшықты 
зооспоралар түзіледі. Қоздырғыш қиярдан басқа кауын және кәдіні 
залалдайды. Аурудың инфекция қоры – ӛсімдік қалдықтарында қыстайтын 
ооспоралар, ал вегетация кезінде – залалданған ӛсімдік (зооспоралар). 
Кесел ӛте зиянды, қолайлы жағдайда саңырауқұлақ ӛсімдікті жаппай 
залалдап (100%), ӛнім шығымын 40-60% тӛмендетеді. 
5.4 Бактериоз немесе бҧрышты дақ 
Ауру кӛбіне дала егістігінде, кейде жылыжайларда кездеседі. 
Ӛсімдіктің жер бетіндегі бӛліктері вегетацияның барлық кезеңдерінде 
залалданады. 
Бактериоздың алғашқы белгілері ӛскінде байқалады. Тұқым-
жарнақтың жиегін жағалай майда, ашық-қоңыр түсті, майлы дақтар 
түзіліп, тез ұлғаяды. Залалданған бӛліктен шырыш (экссудат) бӛлінеді. 
Ауруға шалдыққан ӛскін солып, қурап, жойылады. 
Жапырақ бетінде қара-қоңыр немесе қоңыр түсті, жүйкелермен 
шектелген майлы дақтар пайда болады. Дақтың тӛменгі беті бактерия 
жиынтығынан тұратын шырышпен жабылады. Құрғақ ауа райында кeyiп, 


249 
қабыршақтанып, дақтар ағарыңқы болып кӛрінеді. Ұлпалар кейін 
жарылып, үгiтiліп түседі де, жапырақ тесіледі (147-сурет). 
147-сурет. Бҧрышты дақ 
 
Жемісте, сабақта, жапырақ 
сағағына түскен дақтар алғаш 
суланып, кейін кеуіп, тереңдеп, 
ойық жараға айналады, ал ауа 
райы ылғалды күндері бұл бӛлікте 
кӛмескі 
тамшылар 
(бактерия 
жиынтығы) 
кӛрінеді. 
Жас 
жемістердің залалданған ұлпалары 
ӛспей, пішінсіз болады. Жылыжайларда жоғары ылғалдылықтың әcepiнен 
жемістері жұмсарып, шіриді. Ауруға шалдыққан жемістерден қоздырғыш 
тұқым қабығына еніп, кӛктемде ӛскінін залалдайды. 
Ауру қоздырғышы – Pseudomonas lachrymans Young et al бактериясы. 
Оның дамуына қолайлы жағдай – 25-27°С, бірақ 1-35°С температура 
аралығында да дамиды. Қолайлы жағдайда инкубациялық кезеңнің 
ұзақтығы – 4-5 күн. Инфекцияның негізгі қоры – тұқым, ӛсімдік 
қалдықтары.Ӛсімдіктен ӛсімдікке бактерия жауын-шашынмен, желмен 
тарайды. Ӛсімдікке қоздырғыш түрлі жарақаттар мен леп тесіктері арқылы 
енеді. Бұрышты дақ ауруына барлық асқабақ тұқымдасына жататын 
дақылдар шалдығады.Кесел ӛте зиянды, залалданған ӛскін қурап, 
жойылады, ал ӛciп-жетілген ӛсімдіктердің ӛcyі саябырлап, жемістері аз 
байланып, тауарлық сапасы тӛмендейді. 
5.5 Антракноз 
Бұл ауру кең таралған, негізінен бақша дақылдарын – қауын, 
қарбызды залалдап, киярда сирек кездеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет