241
140-сурет. Жалған ақ ҧнтақ дертіне пияз сабағы (сол жақта) және
дертке шалынған пияз егістігінің кӛрінісі (оң жақта)
Жалған ақ ұнтақ ауруының қоздырғышы –
Peronospora destructor
Casp. саңырауқұлағы – облигатты паразит. Қоздырғыштың жіпшумағы бip
клеткалы,
тармақталған,
клетка
аралығында
таралып,
оның
конидиятасушылары мен конидиялары
леп тесіктері арқылы сыртқа
шығады.
Саңырауқұлақ конидиялары бip клеткалы, пiшіні жұмыртқа тәрізді,
күлгін-сұр түсті, аумағы 35-60 22-25 мкм. Ылғалды ауада ӛну қабілетін
бірнеше күнге дейін сақтайды, ал тікелей күн сәулесі түскенде 1,5-2
сағатта кеуіп, жансызданады. Қоздырғыштың
жетілген конидиялары
ауа толқынымен, жаңбыр тамшысымен таралады да жіпшеге ӛніп, леп
тесігі арқылы ӛсімдікке қайта енеді.
Ӛсімдік жапырағы мен сабағын конидия залалдағанда, кесел
алғашында жеке бӛліктерде
жергілікті жетіліп, кейін жіпшумақ ауруға
шалдыққан мүшелерге негізіне таралып, ауру диффузды түрге айналады.
Залалданған пияз сабағы бipтe-бipтe жойылды, ал
саңырауқұлақ
сабақтан пиязшыққа ӛтіп, одан әpi түбіріне жетіп, пиязшық түбірінде
жіпшумақ түрінде қыстайды. Сонымен қатар қоздырғыш eгicтeгi ӛсімдік
қалдықтарында (сабақта) ооспора түрінде де қыстауы мүмкін. Алайда
инфекция қыстауының бұл түрі сирек кездеседі.
Ауру пиязшықтан диффузды залалданған ӛсімдік ӛседі. Кеселге
шалдыққан ӛсімдіктердің ӛciп-ӛркендеуі саябырлап,
жапырағы сарғайып,
солып, бетін жеңіл күлгін-сұр ӛңез басады. Түзілген конидиялар жаңа
ӛсімдіктерді залалдайды. Инкубациялық кезеңі – 10-18 күн.
Бұл ауру әcipece тұқымдық егісте зиянды. Кеселдің әсерінен
дақылдың тұқым шығымы 30-50 % кеміп, ӛнгiштiгi тӛмендейді.
Залалданған ӛсімдік жапырақтары мезгілсіз қурап, пиязшық ӛнімінің
сапасы мен шығымы тӛмендеп, қоймада ӛніп, сақталмайды. Жазы жауын-
шашынды жылдары кеселдің зияндылығы артады.
242
4.4.2 Тат
Пияздың тат ауруын қоздыратын саңырауқұлақтың бірнеше түрі
кездеседі:
Puccinia allii Rud.,
P. porri Wint, Melampsora allii-populina Klеb.
Республикада Алматы жэне Жамбыл облыстарында
P.allii саңырауқұлағы
кең таралған.
Қоздырғыш бip иелі, толық циклді. Эцийлері бокал тәрізді,
сары немесе қызғылт-сары түсті. Урединийлері эпидермиспен жабылған,
кӛпіршік тәрізді, кейде олар бip-бipiмeн
қосылады. Кейін эпидермис жарылып,
урединиоспоралар сыртқа шығады. Бұл
споралардың
пішіні домалақ, сопақша,
жұмыртқа тәрізді, кӛлемі 18-32 18-24
мкм. Урединиоспоралардың қабығы
қалың,
майда,
сирек
орналасқан
сүйелдері бар (141 сурет).
Достарыңызбен бөлісу: