Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық


-сурет. Сулы шірік дертіне шалдыққан сәбіз тамыржемісі



Pdf көрінісі
бет177/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

139-сурет. Сулы шірік дертіне шалдыққан сәбіз тамыржемісі 
Аурудың алғашқы белгісі сәбіз тамыржемісінің бойында ашық-
қоңыр дақ түрінде пайда болады. Тамыржемістің кесіндісінде ішіне қарай 
ӛтетін, сау ұлпадан айқын ажыратылатын шipiк байқалады. 
Ауру қоздырғышы – Erwinia carotovora Holland бактериясы. Бұл 
грамтеріс, мӛлшері 0,5–1,0×1,0–3,0 мкм болатын, бір-бірден, жұптасып, 
кейде қысқа тізбектеле орналасатын бактериялар, қозғалғыш, жіпшелері 
перитрихалды орналасқан.
Erwinia carotovora Holland бактериялары факультативті аэробтар 
және хемоорганотрофтар, метаболизм типтері – тыныс алу және ашу 
Факультативные анаэробы и хемоорганотрофы, обладающие и 
дыхательным и бродильным типами метаболизма. Оптимальная 
температура для роста 27–30°С. Бұл паразит сәбізден басқа ас бұршақ
үрмебұршақ, қияр, қырықабат, асқабақ, пияз, әсемдік гүлдерді және 
басқаларын залалдайды. 
Бактериялар ӛсімдікке ӛнімді жинау, немесе қоймаға салу кезінде 
болған жарақаттар арқылы енеді. Тамыржемістер микроағзаларға қажетті 


240 
қоректік заттарға ӛте бай, сондықтан қоймаға салынған тамыржемістер 
қолайлы жағдайда шipiк ауруымен тез залалданады, әcipece құрамында 
қанты мол тамыржемістер бұл кеселге жиі шалдығады. Сулы шipiк 
инфекциясы тамыржеміс зиянкестерінің кӛмегімен және дертті 
тамыржемістердің сауларымен жанасқанда таралады. 
Сәбіздің сулы шipiгi аса қауіпті ауру. Қоймадағы сәбіз кейде бірнеше 
күнде түгел шipiп, жойылады. Ал тұқымдық сәбізге бұл кеселдің 
келтіретін зияны шeкciз. 
 
4.3.4 Сәбіз ауруларымен кҥресу шаралары 
Сәбізді аурулардан қорғау жүйесі бойынша агротехникалық шаралар 
ерекше орын алады. Оған негізінен ауыспалы eгіcтiктi сақтау; сәбізді жеңіл 
топырақты аймақтарда ӛcipy; органикалық тыңайтқышты алғы дақылға, ал 
фосфор мен калийді негізгі ӛсімдік ӛсіретін жылы топыраққа енгізу; 
тағамдық сәбіз танаптарын тұқымдық танаптардан алшақ отырғызу; 
жоғары агротехниканы сақтау және басқа да тӛмендегі профилактикалық 
шараларды мұқият орындау қажет: 
1. Ӛнімді құрғақ кезде жинау; 
2. Тамыржемістерді қоймаға салар алдында және сақтау кезінде үнемі 
ipіктеп, дерттілерін алып тастау; 
3. Танаптан ӛсімдік қалдықтарын жинап, терең сүдігер жырту; 
4. Тамыржемістерді сақтауға арналған қоймаларды алдын-ала 
даярлау – тазарту, дәрілеу, әктеу;
5. Тұқымдық тамыржемістерді қоймаға салар алдында фомоз, ақ, қара 
және құрғақ шipiк ауруларына қарсы 50% бенлат, с.ұ. – 5%, 45% текто 450, 
с.к. – 0,5% және 80% ТМТД, с.ұ. – 6-8 кг/т фунгицидтер суспензиясымен 
ӛңдеу, ал соңғы препаратпен тұқымдық тамыржемістерді танапқа 
отырғызу алдында қайталап ӛңдеу қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет