Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық


-сурет. Қиярдың аскохитоз ауруының



Pdf көрінісі
бет186/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

150-сурет. Қиярдың аскохитоз ауруының (сол жақта – залалданған 
жапырақ,
оң жақта – ауруға шалдыққан қияр сабағы) 
Сабақта алғаш сулы ақшыл-сұр түсті пикнидалары бар дақтар 
байқалады, кейде олар кeyiп, жарылады. Ауруға шалдыққан ұлпалар 
жұмсарып, талшықтанып, ыдырап, бетіне сүт тәрізді немесе ашық-қоңыр 
түсті шырыш (экссудат) бӛлінеді. Қоздырғыш ӛсімдік сабағының кез 
келген бӛлігін залалдап, осының салдарынан сабақ қурап қалады (150-
сурет). 
Ауруға жеміс "ыстыққа піскен" кейіп алып, бірақ қатты күйін сақтап, 
пикнидалармен жабылып, түсі қарайып, қурайды. Кейде жеміс бетінде 
диаметрі 3-5 мм ойық жара пайда болады. 
Ауру қоздырғышы – Ascochyta cucumis Fautr. саңырауқұлағы. 
Қоздырғыш қиярдан басқа да асқабақ тұқымдастарын – қарбыз, қауын, 
асқабақты залалдайды. Пикнидалары қара түсті пiшiні шар, ал споралары 
цилиндр тәрізді, ұштары доғалданған, түссіз, бip немесе кӛп клеткалы. 
Қалталы кезеңінде бұл саңырауқұлак Didymella туысына жатады. 
Перитецийлерде кӛп калта, олардың әрқайсысында екі клеткалы 8 
аскоспора болады. Ауру жоғары ылғалдылық пен қолайсыз жағдайлардан 
әлсіреген ӛсімдіктерде қарқынды дамиды. Инкубациялық кезең – 3-4 күн. 
Инфекция қоры – ӛсімдік қалдықтарында қыстайтын пикнидалар мен 
перитецийлер. 
Аурудың салдарынан ӛсімдіктің дамуы саябырлап, қатты 
залалданғанда қурап қалады. 
5.8 Теңбілдер (мозаикалар) 
Ауру кең таралған, жылыжайларда жиі кездеседі. Асқабақ 
тұқымдасына жататын ӛсімдіктер вирус ауруларының бірнеше түрімен 
залалданады. 


253 
Кәдімгі қияр теңбілі (мозаикасы). Залалданған ӛскіннің тұқым 
жарнағы сарғайып, ересек ӛсімдіктерде хлороз байқалады. Heгiзгi жүйкені 
бойлаған ұлпалар ашық-жасыл, ал жүйке аралықтарында сары түcтi дақтар 
пайда болады. Жапырақтар қыртыстанып ӛсімдіктің ӛcyi саябырлап, кейде 
қурайды. Ӛсіп-жетілген ӛсімдіктердің жапырақтары хлорозданып, жеке 
бӛліктері қурап, жансызданады. Аурудың әсерінен ӛсімдіктің аналық 
гүлдері аз түзіледі (151-сурет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет